Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Сурет 17 – Сызбада базаның белгіленуі



бет19/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Сурет 17 – Сызбада базаның белгіленуі


    1. Тәуелдi және тәуелсiз орналасу шақтамалары


Сызбада ең аз мәнiмен көрсетiлетiн және бiлiктiң немесе тесiктiң шектi ауытқу мөлшерiне артатын, орналасудың ауыспалы шақтамасын тәуелдi деп атаймыз.
Барлық аттас тетiкбөлшектерге тұрақты және қарастырылатын беттiң нақты өлшемдерiне тәуелдi емес, орналасудың (пiшiннiң) шақтамасы
тәуелсiз деп аталады.

Орналасу мен пiшiннiң тәуелді шақтамаларын дөңгелектiң iшiндегi М


әрпiмен белгiлейдi.

  1. Егер тәуелдi дәлдiк шек беттiң нақты өлшемiмен байланысты болса, онда таңба дәлдiк шектiң сандық мәнiнен кейiн қойылады.

  2. Егер тәуелдi дәлдiк шек базалық беттiң нақты өлшемiмен байланысты болса, онда таңба әрiппен белгiленген базадан кейiн қойылады немесе әрiппен белгiленбеген базаның жиегiнiң үшiншi бөлiгiне қойылады.

  3. Егер тәуелдi дәлдiк шек қарастылатын және базаның нақты өлшемiмен байланысты болса, онда таңба дәлдiк шектiң сандық мәнiнен кейiн және базаның әрiптiк белгiсiнен кейiн немесе әрiппен белгiленбеген базаның үшiншi бӨлiгiне қойылады.

    1. Беттердің пішінінің ауытқуын, орналасуын, толқындылығы мен


кедір-бұдырлығын Өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары
Түзусызықтықтан және жазықтықтан ауытқуды өрнектi сызғышпен, Өлшегiш бастармен индикатор, анықтағыш тақталармен, оптикалық сызғыштармен немесе Өзi жазатын аспаптармен өлшейдi.
Дөңгелектiктен ауытқуды екi түйiспелiлi аспаппен немесе дөңгелек Өлшегiшпен анықтайды.
Беттiң орналасуынан ауытқуды әмбебап өлшеу құралдарымен, механикалық және оптикалық аспаптармен анықтайды.
Беттiң кедiр-бұдырлылығын сүңгi аспаптарының көмегiмен, тұйiсу тәсiлiмен (профилометр және профилограф) және оптикалық аспаптар көмегiмен, түйiспей өлшеу, оңделетiн беттi (кедiр-бұдырлылық үлгiсiмен) салыстыру арқылы анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет