Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны



бет15/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
УМКД хим анализ растений

Биологиялық қызметі.
Тетрагидрофолий қышқылы (тетрагидрофолат) Вс дəруменнің активті түрі, коферментік қызмет атқарады, фолаттық кофермент түзеді. ТГФК сүтқоректі жануарлардың көпшілігіне, солардың ішінде адамға да қажет. Кофермент ТГФК бар фолаттық ферменттер бір көміртекті қалдықтардың ( ~СНз, ~СН2ОH, - CH2;-,



Табиғи қосылыстар химиясының негіздері

-СН=, -СНО) бір молекуладан екінші молекулаға ауысуын катализдейді. Мұндай процестер мысалы, пурин жəне пиримидин негіздерінің биосинтезі кезінде жүреді. Сериннің глицинге айналуына ТГФК қатысады. Фолаттық коферменттер жəне олардың туындылары қатысатън жиырмаға жуық реакция белгілі, мысалы, олар жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
Авитаминоз.
Фолаттық коферменттер клетка ядросындағы нуклопротеиндер синтезіне жəне қанның пайда болуын реттеуге қатысады. Оларға байланысты Вс дəрумені аз кезінде қанның қызыл жəне ақ жасушаларының саны азаяды жəне макроци- тарлы анемияға ұшырайды. Мұндай авитаминоз кезінде жануарлардың жұқпалы ауруларға төзімділігі нашарлайды.
Табиғатта таралуы. Фолий қышқылы өсімдік тектес өнімдерде көп кезде- седі. Əртүрлі өсімдіктердің жасыл жапырақтары, жас көк-өністер, ашытқы фо- лий қышқылға бай болады. Фолий қышқылының жануарларға қажетті мөлшері анықталмаған. Ересек адамға бір тəулікте қажетті мөлшері 1-2 мг. Емдік мақ- сатпен күніне 3-20 мг мөлшерінде Вс дəрумен беруге болады. Қан азаю сырқа- тына фолий қышқылы мен В12 дəрумені екеуінің қоспасы емдік əсер етеді.
Емге қолдану. Фолий қышқылдары макроцитарлы анемияға эритроциттер- дің түзілуін ынталандыру үшін созылмалы гастритте, ішек туберкулезінде қолданылады, фолий қышқылы ұнтақ немесе таблетка түрінде болады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. В.В. Племенков. Введение в химию природных соединений. – Казань, 2004.

  2. Н.А. Тюкавкина, Ю.А. Бауков. Биоорганическая химия. – М., 2002.

  3. Л.С. Майофис Химия и технология химфармпрепаратов. – Л.: Медицина, 2001.

  4. Д.Ю.Корулькин, Ж.А.Абилов, Р.А.Музычкина, Г.А.Толстиков. Природные флавоноиды. – Новосибирск: изд-во СО РАН, 2007.

  5. Б.В. Пасет, В.Я. Воробьева. Технология химфармпрепаратов и антибиотиков. – М.: Медицина, 1997.

  6. Р.А. Музычкина, Д.Ю. Корулькин, Ж.А. Абилов. Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 288 с.

  7. Л.А. Иванова. Технология лекарственных форм, в 2 т. – М.: Медицина, 2002.

  8. И.А. Муравьев. Технология лекарств, ч.1 и ч. 2. – М., 1980.

  9. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия. Учебное пособие, под редакцией Г.П.Яковлева, К.Н.Блиновой, С-П.,2004




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет