Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігі



бет10/12
Дата22.04.2023
өлшемі184.84 Kb.
#472591
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қылмыстық жауаптылық

Кешірім беру
Кешірім беру — мемлекет басшысының сотталған адамды жазаны өтеуден босататын немесе сот тағайындаған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыратын актісі. Кешірім беру сондай-ақ, сотталған адамның соттылығын жоюды көздеуі де мүмкін.
Қазақстан Республикасында республика соттарымен сотталған республика азаматтарына кешірім беру құқығы Қазақстан Республикасының президентіне берілген .
Қазақстан Республикасының Президенті кешірім беру актісі соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген белгілі бір тұлғаға жеке шығарылады.
Кешірім беруде қылмыс жасағаны үшін сотталған адам жазаны одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін немесе оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазасы неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Жазасын өтеп қойған сотталған адамның кешірім беру актісі бойынша соттылығы алынуы мүмкін.
Кешірім беру тәртіп бойынша сотталған сотталғанның немесе оның жақын туған-туысқандарының, еңбек ұжымдары, ұйымдарының, комиссиялардың ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.
Егер сотталған адам жазасын өтеп жатса, ұсыныс түзеу мекемесінің әкімшілігі тарапынан да жасалуы мүмкін. Кешірім беру мемлекет басшысы — Президенттің актісімен жүзеге асырылады. Сондықтан жазадан босату шартсыз болып табылады. Ол жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлық дәрежесінен тәуелсіз қылмыс жасағаны үшін сотталған кез-келген адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
Кешірім беру әдетте өлім жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру, негізгі немесе қосымша жазадан толық немесе ішінара босату; бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру; соттылықты жою; сот үкімі немесе шешімі бойынша өтеліп алынуы тиіс материалдық зардапты өтеуден босатудан көрінеді. Айрықша жағдайларда кешірім беру қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан да босатуы мүмкін .
Мұндай жағдайларда кінәлі адам сотталуға жатпайды. Кешірім беру актісі түпкілікті табылады. Кешірім беру туралы ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту, бұл туралы қайта ұсыныс беру мүмкіндігін теріске шығармайды. Кешірім беру актісі мен рақымшылық актісінің айырмашылығы кешірім беру барлық уақытта тұлғаға индивидуалдық сипатта болады. Яғни, әрбір кешірім беру актісі белгілі бір нақты тұлғаға немесе тұлғалараға қатысты қабылданады. Ал, рақымшылық туралы актілер нормативтік сипатта болады және индивидуалды анықталмаған рақымшылық шарттарына сәйкес келетін барлық тұлғалар шеңберіне таралады. Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мазмұны, қолдану тәртібінің өзгергеніне қарамастан өзгеріссіз қалды.
Жаза қашанда қылмыс істеген адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты, оған белгілі бір моральдық жапа әкеп шегуге соқтырады және белгілі бір игіліктерінен (құқықтары мен бостандықтарынан, мүліктік игілігінен және т.б.) айырады. Жазаның жазалау элементтері үрейлендіру, қорқыту қасиеттері мен көрінеді. Қылмыс неғұрлым қауіпті, ауыр болса, жазалау соғұрлым қаттырақ болады да, қылмыскер шектеулер мен айыруға көбірек ұшырайды.
Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтауда мынадай қорытындыға келуге мүмкіндік береді, жазаны екі аспектіде қарауға, біріншіден жасалған қылмысқа мемлекеттің жауабы немесе жаза реакциясы, екіншіден, қылмыс жасаған тұлғаға шара немесе жаза акциясы.
Жаза реакциясының өзі жазалауды ұсынады, мемлекеттік мәжбүр ету көлемін қылмыстың қоғамға қауіптік деңгейі және мәні, жасалу жағдайы және кінәлінің жеке басы ерекшелігінен анықталады. Жаза акциясы бұлда жазалау болып табылады, қылмыс жасған тұлғаны азап шегуге мәжбүр етеді.
Заңда жаза анықтамасы көрсеткен белгілерді зерттеу, мәжбүр ету қылмыстық кодексте көрсетілген қылмыс жасаған тұлғаның құқығын және еркіндігін шектеу немесе одан айыру, мәжбүр етуді жазаның, материалдық белгісі ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Жаза жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болады, ол негативтік жағдайды жоюға немесе бейтарап етуге шақыру болып табылады. Оның жүзеге асырылуы үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38 бабында көрсетілген мақсаттар жүзеге асырылуы тиіс.
Жаза мақсатын әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру «әділ жаза» тағайындау сатысын іске асыру арқылы, яғни заңды күшіне енген айыптау үкімінде көрініс табады.
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілік, сотталғандарды түзеу, сотталғандарды да, басқа адамдарды да қылмыс істеуден сақтандыру.
Жазаның әлеуметтік нәтижесі шындыққа сай, ал жазаның өзі әділ болуы үшін жеке даралау қағидасын міндетті түрде сақтап, тағайындалуы тиіс.
Соңғы кездері құқық ғылымының ғылыми әдебиеттерінде қылмыстық құқыққа тән жалпы қағидаларды негізге алып, осы аталмыш құқық саласының дара институттарына тән қағидаларды жекелеу тәжірибесі етек ала бастады. Біздің пайымдауымызша, бұл орынды іс. Өйткені, біріншіден, қылмыстық құқықтың жалпы қағидалры белгілі бір институт төңірегінде оны пайдалану кезінде көрінбеуі мүмкін. Екіншіден, кейбір қағидалар керісінше қылмыстық құқықтың жеке институттарын қолдану кезінде ерекшеленіп тұруы ықтимал. Үшіншіден, әрбір институтқа тән жеке қағидаларды бөліп қарау, оның мазмқның, мағнасын, рөлін атқаруға себепші болады.
Қылмыстық құқықтың үлкен бір арнасы, жеке көлемді институты – жаза тағайындаудың қағидаларын даралап отыру сотталушының іс – әрекетін, оның жасаған қылмысының қауіптілігіне сай қылып жазалау мақсатын қойған, соттар үшін басшылыққа алатын басты бағдар.
Осындай ерекше маңызының барлығына қарамастан жазаны жеке даралау қағидасының ұғымы заң әдебиетінде осы мәселе жөніндегі көп еңбектерде көтерілгеніне қарамастан олардың бәріне қатысты бір кемшлік – жеке даралау, жаза ұғымдарының ерекшеліктеріне толық деңгейде мән бермеуінен туындап жатыр. Осы диссертацияда гносеологиялық, онтологиялық және тәжірибелік мәндегі методологиялық қағида – жеке даралаудың пәлсафалық мазмұнына және әлеуметтік құқықтық мазмұндағы «жазаның» ішкі қасиеттеріне аса назар аудару қажеттілігін туындатып, жазаны жеке даралаудың ұғымына өзіндік мазмұн беруге тырыстық.
Жазаны жеке даралау қағидасы қылмыстық кодексте жаза тағайындаудың жалпы негіздерін жүйелеу кезінде ашылады және соттың айыпты адамның жауаптылығы дәрежесін анықтау мәселесіне, соңғысының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, судьялардың құқық бұзушыға мәжбүрлі қылмыстық – құқықтық ықпал ету құралдарының арсеналын қолдануды жекелеудің ерекшеліктері мен түсіндіріледі. Бұл ретте қылмыс субъектісін сот қайдағы бір баламалы, бұлдыр дүние емес, оны құқықтық тұрғыда да, сондай – ақ жеке адами тұрғыда да сипаттайтын сапаларға ие нақтылы индивид ретінде қабылданады. Сот жаза туралы мәселені шеше отырып, сот төрелігінің тиімділігіне жету мақсатында лайықты және мүмкін боларлық шараның оған сәйкестігін өлшеп көргендей болады.
Зерттеуде «жазаны жеке даралау – сотталушының жеке басын, істелген қылмыстың сипатын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды ескере отырып жаза қолдану арқылы сотталғандарды және басқаларды қылмыс істеуден сақтандыру».
Жаза жеке даралығы бойынша бірқатар жұмыстарды зерттеу қылмыстық құқық заңы жаза тағайындауды реттеуші, қылмыстық құқық санаты жүйесінде жаза орнын анықтауға мүмкіндік береді және қылмыстық құқық қағидалары негізінде сот қызметінде нақты тұлғаға нақты жаза түрі мен мөлшерін тағайындауды жалпы негіздерге сәйкес дәл анықтауға мүмкіндік берітінің көрсетіп отыр.
Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы бұл құқықтық мемлекетте демократиялық түрде жүзеге асатын қылмыстық саясатта әділдік, адамгершілік туралы ұсыныстарды, идеялардың пайда болуын, критерийлерді қоғамдық мүддеге сәйкес ережелерді қолдану шегін алдын ала анықтаушы басты идея.
Көріп отырғанымыздай, жаза тағайындаудың жалпы негізі бастаманы толықтырушы қағидаларды және басқада ережелерді қамтымайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде арнайы қағидаларды көрсететін баптар жоқ.
Сондықтан жаза бұл бәрінен бұрын жазаның жасалған қылмыс ауырлығына сәйкестігі. Әділ жазаға жету жолы қылмыс ауырлығына әсер етуші барлық жағдайдың жан жақты толық есепке алу арқылы іске асырылады.
Жалпы қорыта айтқанда, зерттеу жұмысының алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарын осылайша орындайды, бірақ бұл зеттеулер бойынша табылған қорытындылар мен тұжырымдардың барлығыда ғылыми тұрғыда дау туғызбайтындығын шектей алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет