Зерттеудің эксперименттік базасы. М.Әуезов атындаңы ОҚУ базасында сынақтан өткен.
Зерттеудің кезеңдері мен процедурасы.
Жалпы тақырып бойынша зерттеу үш кезеңнен тұрады. 2021-2022 оқу жылында анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдері арқылы зерттеудің эксперименттік базасында тәжірибеден өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы.
этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық тұрғыдан дайындаудың теориялық негіздері зерттелді;
студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтайтын әдістемелік жолдары айқындалып, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі дәлелденді;
Зерттеуде этностық құндылықтар негізінде студенттерді отбасына жастарды арқылы дайындау жолдары берілген. Зерттеуден алынған нәтижелер мен жасалған тұжырымдар, отбасыларда кездесетін дағдарыстарды болдырмау мен студенттердің отбасына деген көзқарасын қалыптастыру бойынша жүйелі теориялық пайымдаулар жасалған. Студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын айқындау барысында алынған нәтижелер студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында және кеңес беруде пайдалануға ұсынуға болады.
Қорғауға ұсынылатын ережелер:
отбасылық өмірге психологиялық дайындау этностық құндылықтар арқылы жүргізу жеке өмірлік дағдарыстардың алдын алып, түзетеді;
әрбір этностық құндылықтар негізінде отбасылық дәстүрлер қалыптасады.
Этностық құндылықтар негізінде студенттерді нарық жағдайында отбасылық өмірге психологиялық дайындау турасындағы пайымдаулар жасалуымен және эксперименттік тұрғыдан негізделуімен, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолдануымен, нәтижелерді сандық және сапалық талдауға мүмкіндік беретін эксперименттік-эмпиралық жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.
Жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттелген мәселенің көкейкестілігі, әдебиеттерге қысқаша талдау, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңыздылығы, еңбектің ғылыми жаңалығы, зерттеу кезеңдері баяндалған.
«Студенттерді отбасылық өмірге нарық жағдайындағы этностық құндылықтар арқылы даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогика саласында жарық көрген зерттеу еңбектеріне мазмұндық сипаттама келтіріледі.
«Студенттерді отбасылық өмірге нарық жағдайындағы этностық құндылықтар арқылы даярлаудың әдістемесі» атты екінші тарауда тәжірибелік–эксперимент жұмысының нәтижелері анықталды.
Қорытындыда ғылыми педагогикалық және тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |