Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
referat

«Қайда жатыр мәселе - иә ӛмір, иә ӛлім. 
 Десе де, лайық па кӛндігу тәлкегіне тағдырдың 
Қарсы тұрып немесе ұшан-теңіз нәубаттың, 
Кӛзін жойған дұрыс па? 
Жан алысып, жан беріскен ұрыста?! 
Содан кейін бақилыққа кӛз жұму 
Түнек қылып жарықты, бар дүниеден безініп, 
Жан мен тәнді күйзелдірген сан мың ауыртпалықты 
Жалғастырған, байластырған шынжырларды осылай 
Үзгеніңді жүрегіңмен сезініп»,- деген У.Шекспир мен Роберт Пенн 
Уоренннің «Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, үйткені оны 
жасайтын басқа ештеңе жоқ»,- деген сӛздер - «Парасат майданы» повесінің 
эпиграфтары. «Парасат майданы» повесті күнделік иесі мен бейтаныс құрбы 
арасындағы психология, философия, ӛмір жайлы сұрақ-жауаптардан 
құралғандықтан, эпиграфтары да шым-шытырық ӛмір жайлы. Бұл жерде 
эпиграф шығарманы ашып тұрған жоқ, керісінше жалғастырып тұр. Шығарма 
соңының жауабы эпиграфта тұрған сияқты.
Тӛлен Әбдікұлының тӛртінші ерекшелігі - арнау. Қаламгер 
шығармасында арнаудың болуы - оның кӛңіл-күйін жеткізудің бір тәсілі.
Әдебиеттануда И.Чернышевскийдің «Не істеу керек?» деген романын зерттей 
келе оның әйеліне арналғанын анықтаған. Оны анықтауға негіз болған себеп - 
Кольцовтың ӛлеңдері. Чернышевскийдің әйелі оған Кольцовтың ӛлеңдер 
жинағын сыйлаған. Ал автор оған деген ықыласы мен сүйіспеншілігі ретінде 
оған «Не істеу керек?» романында Кольцовтың ӛлеңдерін арнау ретінде 
қолданған екен. Арнаудың да шығармадағы қасиеті осында болса керек.


29 
Тӛлен Әбдікұлы ӛзінің бір шығармасында ғана арнауды қолданған екен. 
Ол шығармасы - «Парасат майданы» повесі. Арнау повесінің соңында былай 
берілген екен: 
«Ойым бар менің
Ойым бар менің ерекше 
Жақсылық жауып, 
Дүниені мынау сел етсе,
Жауыздықтардың, жамандықтардың барлығын 
Кӛрге алып кетем керексе.
Адамның бүкіл айыбын 
Арқалап алып, 
Азабын ӛзім кӛрер ем. 
Жамандық басқан денемен, 
Жандырып жатқан. 
Тондырып жатқан тамұққа 
Жамандығыммен тӛнер ем. 
Бүкіл дүние жамандықтарын 
Артыңдар маған, кӛтерем! 
Қарызым болсын ӛтеген, 
Жауыздық біткен менімен ғана бірге ӛлсе, 
Бүгін-ақ ӛліп кетер ем. 
Армансыз барып, 
Кӛрімнің аузын жапқасын, 
Дүниедегі тірілер 
Жамандық іздеп бақпасын! 
Жауыздық жатқан, 
Арамдық жатқан кӛрімнің 
Қақпасын келіп қақпасын!». Бұл ӛлең - ақиық ақын Мұқағалидың «Ойым 
бар менің» ӛлеңі. Автордың бұл ӛлеңді таңдауының ӛзіндік себептері де жоқ 
емес. Біріншіден, Мұқағали ақын ӛлеңдері сезімі мен кӛңіл-күйінің жеткізуші, 
екіншіден, ӛлең мен басты кейіпкер мақсаты бір ой жетегінде жазылған. 
Арнаудың шығармаға берер әсері осындай екен. Арнауды қазақ 
жазушыларынан Ғ.Мүсірепов пен С.Мұқанов қолданған. Бірақ та ол ӛз 
зерттеуін таппаған. 
Қаламгердің бесінші бір ерекшелігі – прозалық шығармаларынан кӛркем 
пейзаж, ӛткір образ бейненің кӛптеп кездеспеуі. Автор кӛркем пейзаждың 
орнына ащы шындық, ӛткір образдың орнына кейіпкердің ішкі жан дүниесіне, 
ішкі әлемін суреттеуді мақсат етсе керек. Мұның мәнісін Т.Әбдікұлы былайша 
түсіндіреді: «- Меніңше кӛп жағдайда тәсілді тақырыптың ӛзі анықтайды. 
Мәселен, философиялық шығармаларда оқиға, әрекет кӛп болмайды, сондықтан 
ішкі ой мен сӛзімнің ӛзінен драма жасауға тура келеді. Ал шынында ойдың 
драмасы деген ғажап нәрсе» [26]. 
Келесі алтыншы ерекшелігі ретінде аз сӛзге кӛп мағына беруін айтсақ 
болады. Бұл жайлы ғалым Г.Пірәлиеваның мына пікірі дәлел бола алады: «Тағы 


30 
бір тоқталар жай – Т.Әбдіковтің тілі. Оның қай туындысын алмасаңыз, артық-
ауыз әңгімеге, жалған сезім, жылтырауық теңеуге кездеспейсіз. Немесе, 
ділмарсыған кейіпкер, не автор жоқ. Мүмкіндігінше аз сӛзге кӛп мағына 
сыйдыруға және әр сӛзінің әйтеуір бір роль атқаруына аса жауапкершілікпен 
қарайтындығы – қаламгердің ӛзіндік қолтаңбасы, ӛзіндік әдіс-тәсілі» [25,78 б.]. 
Сонымен бірге, шұбыртпалы құрмалас сӛйлемдердің орнына қысқа жай 
сӛйлемдерді кӛптеп қолданған. Тӛлен Әбдікұлы оқиға барысына орай құрмалас 
сӛйлемдерді де қолдана білген. Мәселен, «Қонақтар»әңгімесінде Ерекеңнің 
ӛмір туралы ойларынан үзіндіден автордың сӛйлемдерді құрастыру ерекшелігін 
байқаймыз: «Заманымызда біз де шалқыдық. Сайрандап бақтық. Бірақ ештеңе 
бітірмеппіз. Е, шіркін, баяғының кісілері-ай! Осы күнгінің адамдары ұсақтап 
кетті ғой. Әйнекібайлар тізерлеп отырғанда түрегеп тұрған адаммен бірдей еді. 
Пай-пай, жарықтықтар-ай! Біз күзектеміз сонда... Атты казактар үстімізден 
ӛтіп, адамдарды атып, ауылды тонап, жылқы алып кетіп жатты. Сонда 
Әйнекібай екеуміз ауыл адамдарын жиып, қол бастап, ұйықтап жатқан 
орыстарды байлап тастап едік» [16, 295 б.]. 
Жоғарыда авторға тән 6 ерекшелікті айтып шықтық (5-диаграммаға 
сәйкес). Автор шығармашылығына тән стильдік сипаттар деп ішкі 
психологизм, философиялық ой, ӛмір шындығын суреттеуді айтамыз. Сонымен 
қатар кейіпкердің ішкі әлемі мен жан дүниесіне кӛп үңілуі арқылы мӛлдір 
сезім, лирикалық тон мен ӛршіл пафосты қазақ прозасына жаңа леп етіп әкелді. 
Тӛлен Әбдікұлының шығармаларындағы ерекшелік ӛз кезегіндежалғаса бермек. 
Себебі, адам күн сайын ескі пікірлердің ӛліп, жаңа пікірлердің тууымен таң 
атырады. 
5-диаграмма. Т.Әбдікұлына тән ерекшеліктер 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет