Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
referat

 


27 
4-кесте. Арнайы әңгімелеуші баяндау түрі 
 
Арнайы әңгімелеуші 
«Тозақ оттары жымыңдайды», 
«Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесі, 
«Қайырсыз жұма» әңгімесі 
Бұл повесте қаламгердің айтқысы келген сӛздерін, білгісі келген 
сұрақтарын журналист арқылы сұрап отырған. Мәселен, доктор Эдуард жайлы 
автор суреттемей, журналисттің хатшыға қойған сұрақтары арқылы доктордың 
бейнесін жасап шыққан. Ол повесте былай кӛрінеді: «- Доктордың бала-шағасы 
бар шығар?- деді шетелдік кісі оның сӛзін бӛліп. 
-Баласы жоқ, әйелі де жоқ. Неге екенін бір тәңірім білсін. Ғылымға 
беріліп кеткеннен деп те атайды. Кім білген? .. Ӛзіңіз де медицина жағынан 
шығарсыз? 
-Жоқ, журналистпін. 
-А-а-а, солай ма еді? Сіз маған мынаны айтыңызшы, журналист мырза, 
доктор Бейкер адам жасын ұзартатын дәрі жасап жатқан кӛрінеді. Сонда біз 
қайда барамыз? Ауру ӛлмейді, кәрі ӛлмейді. Жер бетіне қалай сиямыз, а? – 
Адамдардың жер бетіне сыймай қалатыны швейцарға біртүрлі қызық боп 
кӛрінді де, жӛтелген секілді булыға күліп, кӛзінің астымен журналистке 
сығырая қарады.
-Доктор келе жатыр, ортадағысы доктор Бейкер... Оның оң жағында 
академик Клейтман... Сол шақ шеттегі доктор Холл.
Жалпақ, күңгірт кӛзілдірік киген, ұзын бойлы, ерекше тіп-тік доктор 
Бейкер бейтаныс қонаққа жақындап келіп:
-Сіз мені күтіп тұрсыз ба? – деді тәкаппарлықтан туатын батыл үнмен» [16, 
143 б.]. Басты кейіпкердің мінезі мен сырт келбеті оның сӛйлеген сӛзінен, 
хатшының сипаттауынан байқалып тұр. Автор диалогтан бӛлек, ӛзінің 
сипаттауын да қосқан. Бұл үзіндіде баяндау екіжақты жүрген. Яғни, кейіпкер 
және автор арқылы.
А.Пекуровскаяның 2004 жылы жарыққа шыққан монографиясында 
Ф.Достоевскийдің шығармашылығын сӛз еткен. Ғалымның есептеуі бойынша 
Ф.Достоевскийдің 34 аяқталған шығармасының 24-і бірінші жақтан баяндалған 
екен. Ал қалған жеті шығармасын «біз» арқылы баяндаған. Осыдан шығатын 
қорытынды баяндаудың да бір нәрсеге әсер ететінін байқаймыз.
Баяндаудың үш түрі де Т.Әбдікұлы шығармаларында кездескен. Бұл - 
автордың шеберлігімен қатар ерекшелігі.
Т.Әбдікұлының үшінші бір ерекшелігі – эпиграф. Эпиграф – кӛзге түсетін 
элементтердің бірі. Алғашқыда эпиграф деп грек ескерткіштердегі сӛздерді 
айтқан. Эпиграф қысқа әрі нұсқа болады. Шығармада эпиграф басында немесе 
барлық жерде де кездесе береді. Сонымен бірге, эпиграфтың тақырыпқа, 
стильге, мағынаға қатысты айыра білу керек. Авторлар кейде эпиграфты 
шығармасына қарама-қарсы мағынада алады, ал кейбірі шығармадағы ойды 
қысқа эпиграфқа сыйдырады. Бұл қаламгердің ӛзіндік стиліне байланысты. 


28 
Қазақ әдебиетінде эпиграфты кӛп қолданатын жазушы – О.Бӛкей. Жазушы 
шығармаларына эпиграф алу арқылы шығармада кездесетін ауыр оқиғаларды, 
мәтіндерді ашу кілттерін оқырманға ақырын ғана тастап кетеді. Яғни, шығарма 
оқылуға жеңілдейді. 
Тӛлен Әбдікұлы «Ақиқат», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат 
майданы» повестерінде эпиграфты пайдаланған. «Әркім жәрмеңкені ӛзінің 
тапқан затына қарап бағалайды» деген эпиграфты «Ақиқат» повесінде 
қолданған. Бұл повесте Роберт сынды адамды профессорлардың бір істі ашуға 
байланысты қинауы баяндалады. Қылмысты ашу үшін Робертті пайдаланады
қиналған Роберт ақыры асылып ӛледі. Профессорлар Робертті қиналғанын 
сезбей, ӛзіне керек ақпаратты алуға тырысты. Бұл эпиграфтың повеске тікелей 
қатысының барын кӛресіз. 
«Всякая власть – от Бога, это я признаю; но и всякая болезнь от Него 
же» деген Жан-Жак Руссоның сӛзін алған «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі 
мықты дәрігердің ӛз тайпасының соңғы адамын құтқара алмауы жайлы ӛрбиді. 
Шынында да, ӛмірді беретін Аллах болса, оны алатын да Аллах. Бұл жерде 
қанша білікті болса да, адамның қолынан ештеңе келмейтінін дәлелдеді. 
Эпиграфты оқырман шығарманың негізгі бӛлімінде түсінбегенімен, повесть 
соңына қарай эпиграф ӛз мағынасын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет