балаң бар?», «Аллаһтың бергені бар», «Отар қой бар» деген сӛздер арқылы
тұрмыстағы синекдоханы кӛреміз. А. Байтұрсынов синекдоханы «меңзеу» деп
35
аударған. Шынында да, халық нақты санын айтудан қорқып, жалпылама немесе
жалқы айту арқылы меңзейтіндігін кӛреміз. Санын айтса, малдан, баладан
айырылып қалудан қорыққан қазақ меңзеп айтып отырған. Меңзеуге тән
қасиеттерді мәтіннен кӛрсек болады: «Жапағы құлағы қалқиған, қалақтай,
мұртты қара екен» [16,18 б.], «Қолындағы ортасынан сынған шолақ найзасын
оңтайлап, айналасына ашынған аңның жүзіндей жабай қызғанышпен жауыға
қарады» [16,167 б.], «Артында тұяқ бар» [16,43 б.].
Автордың ӛз шығармаларында фольклордың бір мақал-мәтелдерді де ӛз
шығармасынан тыс қалдырмаған ( 8-кестеге сәйкес).
8-кесте. Т.Әбдіков шығармаларындағы мақал-мәтелдердің тізбегі
Тілдік ізденістер
Мысалдар
Мақал-мәтел
«Әкеңнің асында шаппағанда,
атаңның басында шабасың ба?»,«Ат
жақсысын кермеден, ер жақсысын
түрмеден кӛр»
Мысалы, «Әкеңнің асында шаппағанда, атаңның басында шабасың
ба?»[16,74 б.], «Ауру деген шелекпен кіріп, мысқылдап шығады» [16,80 б.], «Ат
жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден кӛр» [16,91 б.], «Үш күннен кейін
адам тозаққа да үйренеді» [16,9 б.], «Алайда «тұяғы бүтін тұлпар, қанаты
бүтін сұңқар жоқ» деп қазақ айтқандай, іштен үңілген адамға бұл үйдің ӛзіне
жетер қайғысы баршылық» [16,292 б.], «-Шырағым Бәтима, қатын ӛлсе,
қамшының сабы сынды, азамат ӛлсе, асқар тауын құлады деген,- деп ӛзім
жаттап алған үлкендердің сӛзіне салып алыстан орағыттым» [16,134 б.],
«Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар,- деп мақалдап, кӛзін
жұмды» [16,303 б.].
Қазақ фольклоры ӛзінің кеңдігімен ерекше. Автор ӛз шығармасында
жоқтау, естірту, жұбатудың элементтерін қолданған (9-кестеге сәйкес).
9-кесте. Т.Әбдіков шығармаларындағы фольклор үлгілеріне мысалдар
Тілдік ізденістер
Мысал
Жоқтау, естірту,
жұбату
Кімдер түспес тағдырдың қармағына,
Құрғыр тілім байланып қалмады ма.
Айтайын мен, Ақжеңге, Сейсен аға,
Қол жетпейтін күн бопты ардағыңа.
Шейіт болып кетті деп келді хабар,
Енді Ермек жоқ оралып елді табар.
Сабыр тілеп құдайдан, шүкірлік қыл,
Ұрпағың бар артында белгі қалар
Мәселен, «Әке» романында соғысқа кеткен Ермектің қазасын былайша
естірткен:
«Дүркін де, дүркін, дүркін де,
36
Заман да ӛтер бір күнде.
Үлкендер сӛйле дегенде
Қызыл бір тілім іркілме,-
Қайрылмас қазақ келгенде,
Батырың ӛлді – Бӛгенбай!
Батырды қолдан ӛткіздім
Сәлемін міне жеткіздім.
Жараға жақсы қас қарар,
Ойбайлап жаман бас салар
Кӛріспей айтты демеңіз,
Осы еді біздің келген жай.
Бӛгенбай сынды батырың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай,
Жасаған ием жар болып,
Бейіште нұры шалқығай!
Кімдер түспес тағдырдың қармағына,
Құрғыр тілім байланып қалмады ма.
Айтайын мен, Ақжеңге, Сейсен аға,
Қол жетпейтін күн бопты ардағыңа.
Шейіт болып кетті деп келді хабар,
Енді Ермек жоқ оралып елді табар.
Сабыр тілеп құдайдан, шүкірлік қыл,
Ұрпағың бар артында белгі қалар»[16, 43 б.].
«Әке» романында жоқтау да кездеседі:
«Тұрмыстың кӛріп азарын,
Ӛлгенде кӛрген базарым.
Қарағым аман-сау деген
Хабарын қашан алармын» [16,40 б.]. Ӛлімді естіртіп, артынан жоқтаған
халықты туған-туыс, дос-жарандары жұбата да білген. Мәселен, «Әке»
романында жоқтаудың мына үлгісі берілген:
«Бұл қайғы келелі бидің кеңесінде қалады,
Биік таудың тӛбесінде қалады,
Ӛзен судың кӛбесінде қалады,
Қыран құстың қияғында қалады,
Жүйрік аттың тұяғында қалады,
Сұлу жардың қойынында қалады,
Ұлы тойдың ойынында қалады,
Осы айтқанымды істемесең,
Ӛле-ӛлгенше ӛзіңнің мойыныңда қалады» [16,64 б.].
Сонымен бірге, Тӛлен Әбдікұлының шығармасында тұрақты тіркес пен
әдемі әуез беретін тіркестер де кездеседі: « Жүрегінде ескі жараның орны
біржолата шыққалы тұрған әдіре ит жанын ең соңғы рет қинап қалып
жатқанға ұқсайды. Баяғыда қылышынан қам тамған ұрының тұқымы
37
еді»[16,83 б.], «Осында демалысқа келген балалардан сені күреске қалды деп
естігенде зәреміз зәр түбіне кетті» [16,109 б.], «Ал кеңседе ол суда жүзген
балықтай сезінеді» [16,284 б.], «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді деп...»
[16,289 б.], «Залда ине шаншар жер жоқ» [16,360 б.], «Түу деген түкірігі
жерге түспейді» [16,144 б.], «-Ол қызметін жақсы істеуі мүмкін, бірақ адамға
жақсылық істемейді, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ, күншіл» [16,314
б.] (10-кестеге сәйкес).
10-кесте. Т.Әбдіков шығармаларындағы тұрақты тіркестер
Тілдік
ізденістер
Мысал
Тұрақты
тіркестер
Жүрегінде ескі жараның орны біржолата
шыққалы тұрған әдіре ит жанын ең соңғы рет
қинап қалып жатқанға ұқсайды. Баяғыда
қылышынан қам тамған ұрының тұқымы еді»,
«Осында демалысқа келген балалардан сені
күреске қалды деп естігенде зәреміз зәр түбіне
кетті», «Ал кеңседе ол суда жүзген балықтай
сезінеді»
Қаламгердің шығармасы тақырыбымен, кӛтерген жүгі мен тіл байлығы
арқылы бағаланады. Осындай критерийлерді сақтаған шығарма да оқырман
арасында кӛп оқылып, талқыланады. Кейінгі кезде бұл критерийлерді
сақтамайтын еңбектер сұраныс үстінде екенін де жасырмаймыз. Дегенмен, ол
шығармалардың ғұмыры қысқа болатыны анық. Тӛлен Әбдікұлы ӛз
мәтіндерінде айшықтау құралдарын, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді қолданса
да, қарапайым жазылған. Яғни, оқырманға оқылуы жеңіл, жатық тілде
жазылған. Сол жеңіл сӛздердің кӛптеген астарлы ой мен шындық жатқанын да
білеміз.
Қаламгердің шығармасында философтардың да қанатты сӛздері бар (11-
кестеге сәйкес).
11-кесте. Т.Әбдіков шығармаларындағы қанатты сӛздер
Тілдік ізденіс
Мысал
Қанатты сӛздер
Бальзактың: «Жер бетінде бақытсыздықтан
басқа, толық жүзеге асатын ештеңе жоқ»,
Ф.Достоевскийдің: «Сенім жоқ жерде – ізгілік те
жоқ», «Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-
ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп
ӛзінің атымен атаңдаршы»
Мәселен, Бальзактың: «Жер бетінде бақытсыздықтан басқа, толық
жүзеге асатын ештеңе жоқ»[16,9 б.], Ф.Достоевскийдің : «Сенім жоқ жерде –
ізгілік те жоқ» [16,22 б.], «Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ
38
қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп ӛзінің атымен атаңдаршы» [16,44
б.], Ф.Ницшенің : «Жаман деп жүргенімізді жақсы деуге батылымыз жеткен
күні біздің ӛмірімізде ұлы кезеңдер басталады» [16,26 б.], Сократтың: «Олар ӛз
бойларындағы құмарлықтың құлдары, ал мен сол сезімдердің патшасымын»
[16,29 б.], «Қиындыққа да, қиянатқа да, зорлық-зомбылыққа да, жала мен
бәлеге де тӛзуге болатын секілді. Тӛзуге қиын жалғыз нәрсе - жалғыздық»
[16,33 б.],Х.Ортеге-и Гассеттің: «Ӛмір дегенің қашан да кеменің апаты» [16,40
б.], М.Гандидың: «Күнәһармен емес, күнәнің ӛзімен күресу керек» [16,44 б.],
«Рухани әлемде екі бағыт бар: бірі – пенделік мүдде, екіншісі – биік парасат
пен ізгілік құдыреті» [16,52б.], «Немесе кішіпейіл, ізетті адамның не
байығанда, не үлкен билікке қол жеткізгенде ӛркӛкірек, дӛрекі мүлде басқа
адамға айналуы және сол адамнан ӛзінен жоғары бастықтың алдында
қайтадан кішіпейіл, ізетті адамға айналуы да әлгі айтылған құбылыстың бір
түрі» [16,57 б.], «Бүгінгі әлеуметтік мінез-құлық: ӛзінен басқаның бәрін иттің
етінен жек кӛретін ӛлермен ӛзімшілдік, жексұрын мақтаншақтық, жаны
ашымас қатыгездік, іштарлық – патология емес пе?» [16,17 б.], «Ақиқаттың
бір жауы – сұлулық. Ақылсыз сұлу адам, опасыз сұлу әйел, алдамшы сұлу сӛз»
[16,20б.]. Қанатты сӛздерден байқайтынымыз қаламгердің шетел әдебиетінен,
шетел философтарының еңбектерімен етене таныстығы. Негізінен, автордың
шығармашылығы медицина, философия, мүсін, театр, политика, психология,
логика сынды ғылым түрлерінің шығармада профессионалды түрде жазылуы,
сипатталуы және маман ретінде талқылауы жазушының әр ғылым саласынан
хабардар екендігін кӛрсетеді. Бұл қазіргі ХХІ ғасырдың жазушына керек
қасиеттерді бойына жинағандығын кӛреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |