45
қасиет.
Шынтуайтына келгенде, жазушының шығармаларының ӛзін ана бір
тақырып я мына бір шындық, болмаса шетел тақырыбы деп бӛлудің қажеті жоқ.
Неге десеңіз, қайсыбір тақырыбын алсаңыз да ӛмірдің ӛзекті, аса зәру, аса
ділгір мәселелерін кӛтергеніне кӛз жеткізесіз. Олар тек жанрлық тұрғыдан және
шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымынан ғана бӛлек. Ал,
автордың философиялық ой түйіні, алға қойған мықты гуманизмі барлық
шығармаларының алтын арқауы. Сӛз жоқ, Тӛлен – тума талант. Ал бұл сӛз
дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Оған себеп оның шығармалары «Оң қол»,
«Бассүйек», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымыңдайды» сияқты т.б. да
туындылары – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған құнды қомақты үлес.
Айта кетерлік тағы бір ерекшелік - жазушының кӛптеген шығармаларының
соңғы нүктесі қойылмаған. Бұл даралық шығарма
мазмұнының тереңдегін
аңғартады, яки шығарма соңындағы аяқталмаған түйіндер оқырман қауымды
бей-жай қалдырмай, кітаппен бірге ойланып толғануға жетелейді, ӛзіндік жеке
ой қалыптасып, ӛзінше жеке ой түйін жасауға шақырады. Сӛзімді
қорытындыласам, адам жан дүниесіне жол тапқан жазушы Тӛлен
Әбдіктұлының шығармалары жұртшылық назарында қашанда болады, бола
бермек те. Психология мен философияны әдебиетке әкелген дарынды тұлғаның
туындылары қоғамға қажет».
«Оң қол» әңгімесі басынан аяғына дейін бірінші жақтан берілген әрі
талданған. Мәселен, «Сол түннен бастап Алманың науқасы туралы жеке
күнделік жүргіздім. Тіпті, ӛзіме жеке ғылыми
объектінің табылғанына
қуанғанымды да жасыра алмаймын. Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына
енгенде шабуыл жасайды. Яғни, ӛзіне қанша түсініксіз болғанмен, ӛзін-ӛзі
ӛлтіру ниеті қыздың миында бар деген сӛз» [16, 317 б.]. Бірінші жақтан
баяндалған шығарма оқырманды шығармаға жақындата түседі. Ол бір
шығармада ӛзі жүргендей күй кешіп, автормен бірігіп кетеді.
Баяндау туралы сӛз қозғағанда біз әрқашан стиль мен тілге келіп
тірелетініміз анық. Баяндаудың автор, мәтін,
оқырман арасында болатын
қарым-қатынасты біріктіруші ретінде қарастыру соңғы кездерде ғана кӛрініс
тапты. Баяндау мәселесін үштіктің айналасында қарастыруға келгенде сюжет
пен фабуланы баяндаумен шатастыру болып жатады. Осы ұғымдарды
шатастырып алмауымыз үшін шығармадан екі мәселені ажыратып алуымыз
қажет. Біріншісі - шығармада айтылған оқиғалар жүйесі, ал екіншісі –
баяндаудың ӛзінің оқиға ретінде берілуі. Баяндау деп сюжеттегі әрбір оқиғаны
хабар ретінде беруін айтамыз. Ал сюжет – шығармадағы оқиғалар желісі. Яғни,
сюжет оқиға болса, баяндау - оны жеткізуші құрал. Оқырманға оқиғадан гӛрі
баяндау тәсілі оған кӛбірек әсер етеді. Яғни, кӛкірегіне нұр, сәуле болып енеді.
Баяндаушы, хабарлаушы, нарратор, актор,
автор дегендердің барлығы
баяндаушы ретінде танылады, бірақ қызметі мен орны әртүрлі.
Кез-келген оқырманның назары 2-ге бӛлінеді. Біріншісі – оқиға және оның
маңыздылығы, екіншісі – баяндаушының сӛйлеу мәнері мен мәдениеті.
Оқырман шығарманы оқыған кезде осы екі критерийге баса назар аударады.