Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
referat

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


54 
Қорытынды 
 
 
Қазақ әдебиеті - кӛптеген мықты жазушы мен ақындарды жинай білген 
орта. Қайсысын алып қарамасаң да ӛз биігінде, ӛз дәрежесінде жүр. Солардың 
бірі – Тӛлен Әбдікұлы. Қазақ әдебиетіне қосылғанына жарты ғасырдай болса да 
ӛз қолтаңбасын оқырман жүрегіне қалдыра білді. Ӛзінің философиялық ойлары, 
психологиялық жағдайлары, кӛкейтесті мәселелері мен жазу стиліндегі 
ерекшелік оқырман санын кӛбейтті.
Қазіргі таңда авторды басқа, жаңа постмодернистік кӛзқарастан тану үрдісі 
белең алуда.Енді бұл бағыт бойынша, автор – жеке бір әлем немесе таным 
ретінде қаралмай: автор-кейіпкер-оқырман концепциямен жүзеге асатын 
болды. 
Яғни, классикалық әдебиеттану танымынан шығып, автор, кейіпкер
оқырман арасындағы қарым-қатынасты интерсубъектік тұрғыдан қарау, оны 
постклассикалық ғылым мен философияның аясына біріктіре зерттеу. 
Структуралистік бағыттың мақсаты – шынайы, биографиялық автордан автор – 
жасаушыны, автор образы мен абстрактілі автордан бӛле қарастыру. 
Нәтижесінде, автор оқырманмен бір деңгейге түсіп, шығарманың бастапқы 
инстанциясы ретінде кӛрінбейтін болды.Керісінше автор тұлғасын жаңа 
қырларынан тану кӛбейді. Қалай дегенде де автор ұғымының кӛптеген арнайы 
зерттеулерге нысана болатын тақырып екені айқын.
Автор шығарманы жазып жатқанда ӛзі тӛреші, ӛзі автор болса, 
шығармадан баспадан шығып оқырман қолына жеткенде тек қана 
бақылаушының рӛлін атқарады. Яғни шығарма шыққанға дейін автор, 
шыққаннан соң оқырман тӛраға атанады. Автор ӛз туындысына барынша әдемі 
сӛздер, қызықты сюжет және сүйікті кейіпкерлерді оянатуға тырысады. 
Заманның қасіреті, адамдардың тақсыреті суреттелетін туынды ӛз оқырманын 
табады. Бірақ ол оқырман ол шығармамен және автормен қаншалықты етене 
араласып кететіні шығарманың сапасына байланысты. Негізінен, авторға да, 
мәтінге де, оқырманға да қойылатын талаптар бар.
Аллаһ мына әлемді жаратқалы бері адам кӛптеген заттар жаратып келеді. 
Бір адам кітаптың, бір адам компьютердің жаратушысы ретінде танылды. 
Автор да солар сынды шығарманы жаратушы тұлға. Автор шығарманы тудырар 
кезде ұзақ ойлануы қажет. Шығарма ой, қиял және ақыл сынды құндылықтар 
және жазу шеберлігін қамтуы керек. Автор ой тудырып, ақыл арқылы қорытып, 
қиял арқылы дамытып, содан кейін жазу шеберлігіне жүгінсе, оның туындысы 
ӛз деңгейінде бағасын алады. Автор атану - шығарманы жазу сынды қиын 
жұмыстың бірі. Ӛйткені, автор кітап жазу арқылы кӛптеген адамдарды 
тәрбиелеуі мүмкін немесе адамды адамдық қасиеттен айыруы мүмкін. Автор 
идеясының оқырман санасына әсер ету ықтималдығы жоғары екені анық.
Автор ұғымы пайда болған соң ол түрлерге де жіктелді. А.Байтұрсынов 
сарындаушы, толғаушы, әуезелеуші, ақын, жазушы деп бӛлсе, орыс ғалымы 
В.Е.Хализев ғұмырнамалық автор, кӛркем болмыстағы автор және кӛркем 


55 
шығармадағы автор деп жіктеген. Авторды былай жіктеу жазу стилі мен 
форматына байланысты орын алса керек.
Мәтін – автордың туындысы. Автордың барлық ерекшеліктері мәтінде 
кӛрінетіндіктен, мәтінді зерттеу автордың шеберлігін айқындайды. Мәтіннің 
бір ерекшелігі – баяндау тәсілі. Баяндаудың 3 түрі бар. Олар: бірінші жақтан, 
үшінші жақтан әңгімелеу және арнайы әңгімелеуші. Бірінші жақтан баяндау 
шығарманы оқырманға оңай жетуіне кӛмектеседі.Оқырман бір жақтан 
баяндалған әңгімені оқыған кезде автормен кейіпкер ретінде тікелей тілдесіп 
отырғандай сезінеді. Т.Әбдікұлының бірінші жақтан баяндайтын шығармалары 
бар. Мәселен, «Оң қол», «Жат перзент» әңгімелері, «Әке» романы мен «Парасат 
майданы» повесі.
Үшінші жақтан баяндау тәсілінде автор шығармадан тыс жатады. Авторды 
шығармадан тыс жатса, арасында түсінік беріп кетіп отырады. Үшінші жақтан 
баяндау оқырманның шығарманы ӛзінің қорытуына әкеледі. Шығармаға деген 
әсері ешкімнің ықпалынсыз жүзеге асады. «Бір күндік ашу», «Бассүйек», 
«Қонақтар» әңгімелері мен «Ақиқат» повесі үшінші жақтан жазылған 
шығармалардың қатарына жатады. 
Арнайы әңгімелеуші кезінде шығармада екі автор кездеседі. Бірі – 
әңгімелеуші автор, ал екіншісі – автор-кейіпкер. Автордың кейбір айта 
алмайтын тұстары кейіпкер арқылы жеткізіліп отырады. Яғни, бірінші автор 
ұсынушы, екінші автор түсіндіру болып кӛрініс тауып, шығарманы 
ерекшелендіре түседі. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі арнайы 
әңгімелеушінің қатысымымен жазылған. Ф.Кафка атындағы сыйлықтың иесі 
аталған шығарма ӛз бағасын алды.
Т.Әбдікұлы проза баяндаудан бӛлек тілдік ізденістер, стиль, фольклор 
түрлері, қанатты сӛздер сынды ерекшеліктерге ие. Автор шығармасында 
барлық шығарманың құндылықтары қатысқан. Ерекшеліктердің санын тізе 
берсек те автор шығармасында шұбыртпалылыққа салынбаған. Яғни, қысқа әрі 
мағыналы жазылған. Жазушы оқырман санасын және қабылдау ерекшеліктерін 
ескерген. Қазіргі заман оқырмандары қысқалықты, бірақ сол қысқалық 
кӛптеген тағылымды қамтуы керек. Сол себепті де автор роман сынды кӛлемді 
жанрлардан гӛрі қысқа әңгімелерді жазады. Сонымен бірге, драма жазады. 
Шығарманы кӛзбен кӛру басқа әсер беретіндіктен, автордың драмалары да 
баршылық.
Авторды бағалаушы, мәтінге ӛмір беруші – оқырман. Оқырман 
туындының ӛмірін ӛзгерту қабілетіне ие. Автор сияқты оқырманның түрлері 
бар. Г.Яусс оқырманды қатардағы оқырман және кәсіби оқырман, ал 
В.Е.Хализев кӛпшілік және шынайы деп бӛлген. Оқырманның түрге жіктелуі 
оның шығармаға қояр талабынан, шығармаға деген кӛзқарасынан немесе білімі 
мен ортасына байланысты болса керек. Г.Яусс оқырманды арнайы біліміне 
қарай жіктеген. Сол себепті де кәсіби, қатардағы деген атау берсе керек. 
Оқырман шығармаға бастан аяқ назар аударады. Кей кезде автор байқамай, мән 
бермей кеткен жерлеріне маңызды кӛңіл аударады. Кітаптың сыртқы мұқабасы, 


56 
тақырып, сол тақырыптың жазылуы және т.б. деталдар оқырманға тікелей әсер 
етеді.
Оқырманды кӛбінесе шығармамен байланыстыратын нәрсе – кейіпкер. 
Оқырманның әр шығармада ӛзінің сүйікті кейіпкері болатыны хақ. 
Кейіпкерімен бірге тіріліп, қуанып, қайғырып, яғни кейіпкермен бірге ӛмір 
сүріп кететін оқырманы бар шығарма мықты шығарманың қатарына ілігеді. Кез 
келген шығарма ондай артықшылыққа ие емес. Ондай оқырманы бар 
авторларға Абай, Махамбет сынды азулы ақындар, Мұхтар Әуезов, Шерхан 
Мұртаза сынды қарымды қаламгерлерді жатқызамыз.
Қорыта келгенде, автор-мәтін-оқырман үштігі - әдебиеттану ғылымында 
тереңінен зерттеліп келе жатқан концепция. Үштіктің бірге қарастырылуы 
кӛптеген мәселелердің зерттелуіне септігін тигізді. Т.Әбдікұлының үштік 
концепция негізінде зерттеу оның мәтінге, оқырманға, ал мәтіннің авторға, 
оқырманға қатысы, оқырманның мәтін мен авторға қатысы анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет