Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі


Бесінші деталь – оқырманмен тікелей хабарласу



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
referat

Бесінші детальоқырманмен тікелей хабарласу. Еуропа мен орыс 
әдебиетінде жазушылар және ақындар ӛз оқырманымен тікелей хабарласып 
отырған. Оны «сүйікті оқырманым», «оқырман» сынды т.б. сӛздермен жеткізіп 
отырған. Қазақ әдебиетінде де ол үрдіс бар. Оқырманмен тікелей хабарласуды 
Абай мен Махамбет шығармашылығынан кӛре аламыз. Абай «тыңдаушым», 
«қалың елім, қазағым», «қайран жұртым» сӛздерін пайдалану арқылы 
оқырманын ӛзіне тарта білген. Абайдың «Ішім ӛлген, сыртым сау» ӛлеңіндегі 
«батыр-ау», «жайдары-ау», «жарқын-ау» сӛздері оқырманға айтылған арнау
толғау, мұң , ӛкпе, наз екенін байқаймыз. Оқырманмен тілдесу қазіргі әдебиет 
ӛкілдерінің де шығармашылығында жиі кездеседі. Мәселен, Қалқаман Сарин 


52 
«Оқырман қыз» атты ӛлеңі. Оқырманмен тілдесе білген ақынның ӛлең жолдары 
мынандай: 
Оқырман қыз, 
Ӛмірде алыс, 
Ӛлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп, тағы да 
Ай жүзінен 
Мұң кӛшіріп ақының отыр жалғыз.
Сен ше, қарғам? 
Мұңаймашы,
Түспесін еңселі арман.
Ықыласын бір саған аударар ем, 
Ыңғайыма осы бір кӛнсе жалған.
Амал нешік?.. 
Сансыз арман сарылып, санамда ӛшіп
Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін, 
Кӛңілімнің кӛгінде ғалам кӛшіп.
Аңғалым-ай! 
Жағымды бір болар ма ең жанға бұлай. 
Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам, 
Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай! 
Мӛп-мӛлдір шық, 
Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып, 
Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін, 
Жүрегіңнен жарғандай кӛктем бүршік. 
Оқырман қыз... 
Ӛмірде алыс, 
Ӛлеңде жақын жанбыз. 
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен, 
Мұң кӛшіріп ақының отыр жалғыз [37].
Кітаптың автордан оқырманға жеткізудің бірнеше деталдарына мән бердік. 
Осы деталдардан бӛлек оқырманға әсер ететін нәрсе – кино. Кітаптың желісі 
бойынша түсірілген кинолар кітаптың да сұранысын арттырады. Мәселен, 
Шыңғысхан туралы кино түсірілген соң, Шыңғысхан жайлы жазылған кӛп 
томдық кітап сұранысқа ие болған. Ӛйткені, оқырман кітап пен киноны 
салыстырып, айырмашылықтарын айырып, жіліктеп тастауы керек.
Автор мен оқырман арасында кӛпірлердің бірі- кейіпкер. Оқырманның 
талғамы ӛте күрделі. Бір оқырман авторды, екіншісі кейіпкерді, ал үшіншісі 
сюжетті жақсы кӛруі мүмкін. Кӛбіне оқырманды кейіпкері баурайды. Басты 
кейіпкермен бірге қуанып, бірге жылап оқитын оқырманға бәрінен кейіпкер 
маңызды. Кейіпкерді оқырманына сүйікті етіп алған автор келесі 
шығармаларында ӛте абай болғаны жӛн. Келесі шығармада ӛз кейіпкерін кӛре 
алмаса, сюжетте ӛзгешелік орын алса, оқырман кӛңілі қалады. Яғни, автор ол 


53 
үшін ерекше болудан қалып, басқа авторлардың қатарына ілігеді. Бірақ та автор 
прогресс жасаудан да таймау керек. Автор ӛз оқырманын сақтауға және 
шығармада тӛңкеріс жасауға мүдделі болу керек. Ал сапасы оқырман автор 
жеңісі мен жеңілісін бағалай білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет