Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі


Екінші деталь – тақырыптың аударылуы



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
referat

Екінші деталь – тақырыптың аударылуы. Панама жазушысы 
Х.Беленьонының «Luna verde» атты шығармасы орыс тіліне «Зеленая луна» деп 
аударылған. Бұл екі тақырып бір-біріне байланыспайды, тек қана «Луна» 
дегенде ғана ұқсастық кездеседі. Аударма кезінде түпнұсқаға сәйкестілігіне 
қатты мән берген жӛн. Себебі, оқырман автордан бӛлек, шығарманы сүйіп 
оқиды. А.Камюдың «Маленький принц» ертегісіне қызыққан оқырман қазақша 
оны «Кішкентай ханзада» деп іздейтіні анық. Ӛйткені, басқаша болу мүмкін 
емес. Абай айтпақшы «Жүрегі – айна, кӛңілі - ояу» кез-келген адам қолына 
түскен кітапты ойланып, сараптап барып оқитыны анық.
Үшінші деталь –мәтіндегі сөздердің орналасуы. Мәтінде сӛздер солдаң 
оңға қарай орналасуы заңды. Сол себепті де сол жақтағы сӛз оң жақтағы сӛзден 
бірінші оқылады. Баяндауыш бастауыштың сол жағында жазылып немесе 
бастауыш пен баяндауыштың ортасына басқа сӛйлем мүшелері кіріп кетсе, 
оқырманның назары бұзылады. Яғни, сӛйлемді түсінбей қалу ықтималдығы 
жоғары. Бұндай олқылықтың алдын алудың бір жолы – синтаксистік 
параметрлерді сақтау. Бұқаралық ақпарат құралдарында сӛйлемдер бағанға 
бӛлініп жазылады. Ол жерде солдан оңға және тӛменнен үстіге қарай оқу 
қолайлы болып кӛрінгенімен, күтілгендей нәтиже бере қоймайды. 
Сӛйлемдердің арасында суреттердің берілуі сынды фатикалық тәсілдер де 
оқырманға әсер етеді. Бұл, кӛбінесе, балалар әдебиетінде кӛп қолданады. 
Фатикалық тәсіл шығарманы толық түсіну үшін қолданылады. Суреттердің 
қолданудағы кемшілік те жоқ емес. Мәтіннің ішкі мазмұны суретпен 
салыстырғанда шет қалып, мәтін кӛлеңкеде қалып қояды.
Төртінші 
деталь 
– 
түсіндірмелер 
мен 
кітап 
соңындағы 
комментарийлер. Драмалық шығармаларда оқырманның жаулап алатын нәрсе 
– сахнаның безендірілуі. Сахнаның әдемі безендірілуі қойылымның кӛрермен 
жүрегіне жол тартудың ең ӛтімді тәсілі болып келеді. Түсініктеме мен 
комментарий де оқырман жүрегіне жол тартудың бір жолы. Түсініктеме мен 
комментарийлерді кӛркемдік құралдарымен шатастырып алмауымыз қажет. 
Бұл тек қана оқырманның түсініп оқуына арналған. Түсініктеме мен 
комментарийлер кӛбінесе ғылыми, бір кәсіп саласына арналған шығармаларда 
кӛптеп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет