Классикалық неміс философиясы


ХХІ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ



бет3/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5

ХХІ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Карл Маркстің жаттану концепциясы. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Өндіріс тәсілі теориясы. Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары және материя қозғалысының формалары туралы
Марксизм XIX ғасырдың 40-жылдарында Германияда пайда болды. Негізін қалаушылар – К. Маркс (1818-1883 жж.) пен Ф. Энгельс (1820-1895 жж.). Бұл – философиялық, экономикалық, әлеуметтік саяси құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі дүниетанымдық көзқарас. Қазіргі күнде марксизмнің классикалық марксизмге көп жағдайда ұқсамайтын, өзінің арнайы талдауын қажет ететін көптеген бағыты, нұсқасы бар.
Марксизм негізін қалаушылардың диалектиканы түсінуінің бастауында философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешу жатыр. Гегельдің объективтік идеализмін сынға алған Маркс пен Энгельс материалистік дүниетанымдық көзқарасқа келді. Бірақ, бұл XVIII ғасырдың метафизикалық механикалық материализмі емес, керісінше, «басқа ғылымдардың үстінде тұрған, басқа ешқандай философияны керек етпейтін өз мәніндегі диалектикалық материализм болды». Сонымен, негізі материалистік диалектика болатын жаңа материализм «диалектикалық материализм» деп аталады.
Диалектикалық материализм дамуының бастауын марксизмнің негізін қалаушылар әлеуметтік-тарихи тәжірибені ой елегінен өткізу мен қорытындылаудан, жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың жетістіктерінен көрді. Энгельстің ойынша, жаратылыстану ғылымдары салаларында ашылған әрбір жаңалыққа сәйкес, материализм де өзінің түрін өзгертіп отырады. Жаратылыстану ғылымдарында XIX ғасырда ашылған жаңалықтар диалектикалық материализм тұрғысынан ой елегінен өткізіліп, көп жағдайда оның түрін анықтады. Энгельс осы жаңалықтар негізінде әлемнің материалдық бірлігі туралы қорытындыға келіп, материя қозғалысының негізгі түрлерінің өзара байланысын айқындады. Мұның бәрі оған XIX ғасырдың аяғындағы ғылыми түсінікке сәйкес келетін бірыңғай жүйелі табиғат бейнесін жасауға мүмкіндік берді.
Энгельстің көзқарасынша, диалектикалық материализмнің зерттеу объектісі – табиғаттың ең жалпы диалектикалық заңдары, қоғам тарихы мен танымды, сонымен бірге ойлауды да қарастыру болып табылады. Бұл айтылғанда философияның негізгі сұрағының материалистік түсініктемесі беріліп, диалектиканың басты заңы – қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі бөлектенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет