Классикалық неміс философиясы


ХІХ ғасырдың екінші жартысында марксизм философиясымен қатар, классикалық емес философияның ағымдары қалыптасады



бет5/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5

ХІХ ғасырдың екінші жартысында марксизм философиясымен қатар, классикалық емес философияның ағымдары қалыптасады. Әр түрлі сциентистік (мәдениет құрылымында ғылымның, әсіресе нақты ғылымдардың ролін абсолюттендіретін) және сциентизмге қарсы ағымдар пайда болады. Егер сциентизм ағымы классикалық дәстүрден айырылу философиялық дүниетанымдық мәселелерді терістеу, философияны арнайы ғылымдар мен ауыстыру талпыныстарымен байланысты болса, онда сциентизмге қарсы пікірдегі ағымдар иррационализм мен интеллектінің сынымен сипатталады. Осымен қатар, бірнеше философиялық мектеп «Кейін Кантқа» және «Кейін Гегельге» деген ұрандар мен классикалық философия дәстүрлерін сақтауға ұмтылды. Батыс философиясының ішінде айтарлықтай орынды діни философиялық ілімдер, неотомизм мен персонализм және т.б. алады.
ХХ ғасырдың ортасынан оқымыстылар назарды табиғат пен қоғамның өзара байланысы және қазіргі заманғы өркениет дамуы жолдары мен нәтижелерін ұғынуға бұрады. Осыған байланысты, ХІХ, ХХ ғғ. ең көп таралған, бірнеше ықпалды ағым: позитивизм, прагматизм, герменевтика, «өмір философиясы», экзистенциализм өмірге келеді.


Огюст Конт позитивизмі. Позитивизм және оның тарихи түрлері. Позитивизм (лат. positivus – оң, дұрыс) – ХІХ-ХХ ғғ. батыс философиясында кең тараған ағым. Позитивизм терминін ғылымға енгізген француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.) осы ағымның негізін қалады. Ол ғылымның дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беретін «метафизиканың», яғни дәстүрлі философияның қабілетсіздігі идеясын алға тартады. О. Конттың бұл идеясы танымның үш түрлі даму сатысы туралы ілімінде негізделеді: 1) Діни ілім; қоршаған орта құбылыстары жаратылыстан тыс, фантастикалық жан иелерінің қызметімен түсіндіріледі, діннің үстемдігі суреттеледі; 2) Метафизикалық; бұған табиғатты абстрактілі «мәндермен» және «себептермен» түсіндіретін философияның үстемдігі тән; 3) Соңғы – ең жоғарғы позитивтік саты, алдыңғы екі сатыдан дін ілімі мен метафизикадан бас тартумен, позитивтік, яғни барлық құбылысты ғылыми түсіндіретін, оң ғылымдардың үстемдігі ерекшеленетін саты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында О. Конттың ізін қуушылар Д.С. Милль (1806-1973 жж.) және Г. Спенсердің (1820-1903 жж.) еңбектерінде өз дамуын тапқан позитивизм, әсіресе, Англияда үлкен ықпалға ие болады.
ХІХ ғасырдың аяғында физикадағы дағдарыспен байланысты позитивизмнің екінші түрі өмірге келеді. Бұл дағдарыс, кейбір ғалымдарға материализмнен бас тарттырған бірнеше үлкен жаңалықтан (электронның ашылуы, радиоактивті ыдырау құбылысы және т.б.) туындап, материяның құрылымы туралы ескі түсініктердің қирауына соқтырады. «Екінші позитивизм», «махизм» негізін қалаушы Австрия физигі Э. Мах (1838-1916 жж.) және эмпириокритицизм (тәжірибенің сыны) негізін қалаушы Р. Авенариус еңбектерінде көрінісін тапты. Өзара ұқсастықтарына байланысты бұл ілімдер махизм немесе эмпириокритицизм деген жалпы атауға ие болды. Э. Мах ғылыми танымының негізгі қағидасын «ойдың үнемділігі» деп жариялайды. Мұндай қағида Авенариуста «ең аз күш шығыны» атауына ие болды. Бұлардың мәні объективті ақиқатты мойындайтын «метафизикалық» жорамалдардан бірінші кезекте ғылымды еркіндікке шығару болып табылады. «Қозғалыс», «кеңістік», «уақыт», «себептілік», «қажеттілік» түсініктерін махистер адамның қатынасынсыз объективті мазмұны, мағынасы болмайтын ойдың желісі есебінде қарастырады. «Үнем», «ең аз шығынмен» ойлау құбылыстардың мәнін түсіндіруді емес, сырттай сипаттауды білдіреді.
Жаңа позитивизм немесе «үшінші позитивизм» ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Еуропада қалыптасты. 40-50 жылдары, екінші дүниежүзілік соғыс әсерінен бұл философиялық ағымның АҚШ-қа орын тебуіне байланысты, осы жерде кең таралымын табады.
«Үшінші позитивизм» философиялық ағымының қалыптасуына ағылшын философы, математик Бертран Рассел (1872-1970 жж.) және Австрия философы Людвиг Витгенштейн (1898-1951 жж.) айтарлықтай әсерін тигізді.
Рассел мен Витгенштейннің идеяларын дамытқан Рудольф Карнап (1891-1970 жж.) сөйлемді үш сыныпқа бөлуді: мағынасыз; ғылыми жете түсінілмеген (ғылымнан тыс); ғылыми-тиянақты (ғылыми) деп топтастыруды ұсынады. Бірінші сыныпқа сыртқы бейнелеріне байланысты қарастыруға болатын сөйлемдерді қосады. (Ай төрт бұрышты көбейтеді – Карнаптың мысалы); екінші класс – ешқандай «хаттамаға» жинақтауға болмайтын барлық философиялық сөйлем – олар тексерілмейді немесе олардың құрамына «жалған түсініктер» (мысалы, «абсолют», «субстанция» т.с.с.) кіреді. Сондықтан нәтижесінде біршама сөйлем болатын дедуктивтік қорытындылар тексерілмейді. Тек қана үшінші сыныптың сөйлемдері ғылыми болады.
Синтаксис (гр. Sintaxic – құру, реттеу) таңбалар құрылымының ішкі мазмұнын құру ережелерін олардың атқаратын функцияларына қатыссыз зерттейді. Осылайша, философия лингвистикалық теория түрлеріне жалғастырылып, сөздер мен сөйлемдердің маңызына тәуелсіз, формалды ережелер жиынтығы болып қалды. Келешекте синтаксистік амалдардың шектеулігіне көз жеткізген жаңа позитивистер тілді семантикалық талдаудың қажеттілігі қорытындысына келеді. Осылайша «логикалық семантика» деп аталатын бағыт қалыптасты.
Семантика (гр. Semantikasбелгілеу, көрсету) – таңба түрлері мен білімді түсіндіріп беретін және оның мағынасы мен мәніне байланысты мәселелер зерттелетін тіл білімінің тарауы. Осы күнгі логика ілімінің бір тарауы есебіндегі семантиканың өзіндік зерттеу тақырыбы формалды тілдердің, құрылымдардың мағынасын талдау. Философияда семантикалық мәселелер маңызды орын алады, олар тілдің қызметі мен мәні туралы сұрақтарды түсіндірумен байланысты. Таным мен сұхбаттағы тілдің ролін, осыған байланысты абстрактілі ойдың табиғатын, абстракциялану деңгейін және басқа да таным теориясы сұрақтарына қоса әлеуметтану мәселелерін зерттеп, логикалық семантика дәстүрлі философия мәселелерін қалпына келтірді. Бұлардың зерттелуі лингвистика (тіл білімі) мен символикалық логиканың дамуында үлкен маңыздылыққа ие болды.
Жаңа позитивизмнің өркен жаюы 50-60 жылдарға келеді, бірақ 50-жылдардан бастап-ақ «жаңа позитивизм» түсінігін, әр түрлі ағымды Рассел мен Вигенштейннің «логикалық атомизмін», Карнаптың «логикалық позитивизмін» және позитивизмнің басқа да мектептерін қамтитын аналитикалық дәстүр шеңберінде қалыптасқан «аналитикалық философия» түсінігі ығыстыра бастады. Аналитикалық философияға бұрмалау қағидасын және осы қағидаға негізделген сыни рационализм тұжырымдамасын алға тартқан ағылшын философы, әлеуметтанушы Карл Поппердің (1902-1994 жж.) ғылыми жұмыстарына негізгі идеялары қалыптасқан постпозитивизмді де қосуға болады. Поппер бұрмалау қағидасын (фальсификация, лат. Falsus – жалған, fakio – жасау) позитивистік верификация қағидасына қарсы бағытта енгізеді. Оның ойынша, ғылыми теория барлық дерекпен бірдей келісе бермейді, сондықтан өзімен бір пікірге келмейтін жекелеген деректерді жоюы керек. Теорияда неғұрлым көп дерек жоққа шығарылса, соғұрлым ғылыми болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет