Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған



бет14/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48

               өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған
               құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -


      эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 191-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 , өзгерту енгiзiлдi - 2003.12.05. N 506 , 2005.07.08.  N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз


               жарнамасы

      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы,-


      жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға


               дұрыс емес мәлiметтер табыс ету

      1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны, өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ықпал етудiң шектеу шараларында көрсетiлген талаптарын бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң орындамауы -


      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 193-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 , 2003.12.05. N 506 , 2005.07.08.  N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19.  N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының


              бұзылуы

       1. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының акционерлiк қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу), бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу  тәртiбiн, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу

      Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 194-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн


               бұзу

      Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 195-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау


                  мақсатында мәмiлелер жасасу

       Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 195-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар


                бойынша құқықтарды есепке алу және растау
                тәртiбiн бұзу

      Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -


      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 196-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды


                  шығарудың және (немесе) орналастырудың
                  шарттары мен тәртiбiн бұзуы

      Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -


      лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 196-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе)


                өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс
                ету мерзiмiн бұзу

      Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 197-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 , 2003.12.05. N 506 , 2005.07.08.  N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының


                 және бағалы қағаздармен сауда
                 ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда
                 белгiленген талаптарды бұзуы

      Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 197-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының


               есеп-қисаптарды табыс ету мерзiмiн бұзуы

      Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе


               дұрыс емес ақпаратты жариялауы

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 199-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу


               жөнiндегi мiндеттi бұзу

      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы


              активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
              асыратын ұйымдардың бағалы қағаздар рыногы
              туралы заңдарды бұзуы

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 201-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394 Заңымен.

       201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық


                  қорлар туралы заңнамалық актiсiнiң
                    талаптарын бұзу

      1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актiсiнде өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы, -


      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 201-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды


               бұзу

      Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан


               Республикасының заң актiлерiнде белгiленген
               шектеулердi бұзу

      Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -


      төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару


               құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның
               (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
               адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты
               есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау
               жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -


      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары


                   туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Тауар биржасы қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуы -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз отыздан бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауар биржасының сауда қызметiн және биржалық сауданы ұйымдастырумен тiкелей байланысты емес өзге де қызметтi жүзеге асыруы -
      айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүз сексеннен бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткiзу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз жиырмадан жүз қырыққа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Биржалық брокерлердiң және (немесе) биржалық дилерлердiң әрбiр клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмiлелердiң есебiн жүргiзу және осы мәмiлелер туралы мәлiметтердi мәмiле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөнiндегi талаптарды сақтамауы -
      айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 15-тарау 204-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      205-бап. Салық органында тiркеу есебiне қою


                мерзiмiнiң бұзылуы

      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтiнiшiн берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтiнiшiн берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-1. Дара кәсiпкердiң дара кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын және адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген өзгерiстердi енгiзу үшiн тұратын орнының өзгеруi туралы тiркеу деректерiн өзгерту туралы салық өтiнiшiн берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы салық өтiнiшiн берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының он бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс бес айлық есептiк мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
      Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      205-1-бап. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде


                 қызметтi заңсыз жүзеге асыру

      1. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -


      жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Дара кәсiпкердiң патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге бұзуы -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Дара кәсiпкердiң патент алуға есептеме беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен астам мерзiмге бұзуы -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      6-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимi қолданылған жағдайда дара кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiштiң қолданысы кезеңiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Бапты ескертумен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 205-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      205-2-бапты жаңа редакцияда енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       205-2-бап. Тұлғалардың қызметтi тоқтата тұру туралы


                   өтiнiшiнiң қолданылуы кезеңiнде қызметтi
                   жүзеге асыруы

      Қызметтi тоқтата тұру туралы өтiнiштiң қолданылуы кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар тұлғалардың қызметтi жүзеге асыруы, -


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 205-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ салық төлеушiнiң


                мониторингiн жүргiзуге қажеттi не шартты банк
                салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу

      1. Импорттаушы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы табыс етуге тиiс өтiнiштi қоспағанда, салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептiлiгiн табыс етпеуi -


      жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. алынып тасталды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi), сондай-ақ мониторинг бойынша есептiлiктi iрi салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Салық агентiнiң шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуi не уақтылы табыс етпеуi -
      дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның iшiнде, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Салық төлеушiнiң салық органына жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген, Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бiр бөлiгiнiң сомасын айқындау үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеуi, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге — бiр жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Импорттаушының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде салық органына табыс етпеуi не уақтылы табыс етпеуi -
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 206-бап жаңа редакцияда - ҚР  2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       206-1-бап. Мәмiлелердiң мониторингi бойынша трансферттiк


                   баға белгiлеу кезiнде бақылау мақсатында
                   берiлетiн есептiлiктi, сондай-ақ трансферттiк
                   баға белгiлеу мәселелерi бойынша тексеру
                   жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеу

      1. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде салық органына мәмiлелердiң мониторингi жөнiндегi есептiлiктi табыс етпеуi, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мәмiлелердiң мониторингi жөнiндегi есептiлiктiң деректерi мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 2 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге — елу, шағын немесе орта бизнес субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушiнiң трансферттiк баға белгiлеу кезiнде бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде), сондай-ақ мәмiлелердiң мониторингi жөнiндегi есептiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не табыс етуден бас тартуы, —
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), —
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге — елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 206-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      206-2-бап. Келеңсiз себептермен мемлекеттiк қызметтен


                  босатылған адамдардың, сол сияқты аталған
                  адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық
                  бақылау шараларын бұзуы

      1. Келеңсiз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттiк қызметтен босатылғаннан кейiн үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде бермеуi немесе толық емес, дәйексiз мәлiметтер беруi, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      206-2-бапты ескертумен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. Кодекс 206-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру

      1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде,
      лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
      лауазымды адамдарға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң мақсаттары үшiн салық төлеушiнiң кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн жасыру деп түсiнiледi.
      Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының - 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.11.22 N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық


                  есебiн жүргiзудi бұзу

      1. Салық төлеушiде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөнiндегi талаптардың орындалмауы, —


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату жөнiндегi операциялардың есеп құжаттамасында көрсетiлмеуi, -
      дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.


      Салық төлеушiде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлiк құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсiнiледi.
      Ескерту. 208-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет