Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау



бет13/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

               түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -


      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -
      лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).
      Ескерту. 177-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      177-1-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер


                 қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер
                 мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты
                 гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген
                 қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз
                 (құқыққа қайшы) пайдалану

       Ескерту. 177-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).

       177-2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
                 қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет
                 кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет
                 активтерiн тиiмсiз пайдалану

       Ескерту. 177-2-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).

      177-3-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi
                 жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу

      Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 177-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

        177-4-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк


                 кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн
                 беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу

      Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 177-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      177-5-бап. Шығындарды өтеу ережелерiн бұзу

      1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу ережелерiн бұзуы, -
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 177-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың


               Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
               қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы

      1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:


      iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
      бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту: 178-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының


               бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
               заңнамасын бұзуы

      1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:


      бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
      құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға көрiнеу дұрыс емес қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелсiз себеппен табыс етпеу;
      бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде бұзуы, -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту: 179-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      179-1-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету

      Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлiк ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың iрi зиян келтiрмей, жария етуi - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту: 179-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп


                 пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
                 белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу, -


      заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту: 179-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе)


                  зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
                  жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
                  Республикасының бухгалтерлiк есеп және
                қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы,
                сондай-ақ пруденциялық нормативтердi немесе
                басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен
                лимиттердi орындамауы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын мынадай түрде бұзуы:


      бухгалтерлiк есептi жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
      қаржылық есептiлiктегi көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындау жөнiндегi мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан қаржылық есептiлiктi жасау -
      лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше мәрте (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы -
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 179-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      180-бап. Валюталық заңнамаға сәйкес талап етiлетiн


                валюталық операциялар бойынша есептiлiктi,
                ақпарат пен құжаттарды табыс ету тәртiбiн бұзу

      1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта  заңнамасына сәйкес талап етiлетiн валюта операциялары бойынша есептiлiктi уақтылы табыс етпеуi немесе дұрыс емес есептiлiктi, ақпарат пен құжаттарды табыс етуi, -


      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Валюта операциялары бойынша есептiлiктi, ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      181-бап. <*>

      Ескерту. 181-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлiктi


                немесе валюта операцияларын жасауға тiркеу
                куәлiгiн алу үшiн құжаттарды беру мерзiмiн бұзу

      1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлiктi немесе валюталық операциялар жасауға тiркеу куәлiгiн алу үшiн құжаттарды беру мерзiмiн бұзуы, -


      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге - сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      183-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының


               бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
               заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге
               тапсырыс берушiлерден жасыруы

      Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -


      "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 183-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2006.05.05. N 139 , 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес


               аудиторлық есептi жасауы

      1. Осы Кодекстiң 185-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы -


      аудиторларға - сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы -
      бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, аудиторларға - жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екi жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аудитор әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекет -
      бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, аудиторларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, аудиторлық ұйым әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекеттер -
      аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымдарға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет


                 туралы заңнамасын бұзу

      1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы -


      аудиторлық ұйымдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Аудиттi "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргiзу -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Өздерi үшiн аудит жүргiзу мiндеттi қаржы ұйымдарына аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламау және аудиттелетiн осы ұйымдарды хабардар етпеу -
      аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн ақпаратты тиiстi уәкiлеттi органдарға уақтылы табыс етпеуi немесе табыс етпеуi, сол сияқты дұрыс емес мәлiметтердi беруi -
      аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетiн субъектiлердiң мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған бюджет қаражатын, кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы -
      заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Аудиторлық ұйымдардың уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру жөнiндегi ақпаратты уақтылы бермеуi немесе бермеуi -
      аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның белгiленген мерзiмде аудиторлық есептi табыс ету туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептi табыс етпеуi -
      аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 184-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      184-2-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және


                 сақтауға байланысты бұзушылықтар

      Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы, -


      аудиторға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 184-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2006.05.05. N 139 Заңымен.

      185-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң аудиторлық ұйымға


               уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес
               ақпарат беруi

      Аудиттелетiн субъектiнiң аудиторлық ұйымға аудит жүргiзу барысында дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруi -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 185-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару

      Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
      ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi  немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 186-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды


               қамтамасыз етпеу

      Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:


      тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
      резиденттiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жауаптылық репатриациялау мерзiмi аяқталғаннан кейiн есептелмеген ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы iс-әрекеттерде (әрекетсiздiкте) қылмыстың жазаланатын әрекет белгiлерi болмаған жағдайларда туындайды.
      Ескерту. 187-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық


                операцияларды жүргiзу

      1. Шетел валютасын уәкiлеттi банктер мен олардың айырбастау пункттерi, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы емес айырбас операцияларын жүргiзу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргiзу, төлемдер мен аударымдарды уәкiлеттi банктердегi шоттар арқылы емес жүргiзу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгiленсе, -


      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      шағын немесе орта кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектiлерi болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға - белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының жетпiс процентiне дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ауытқу шегiн сақтамауы, -
      лауазымды тұлғаларға - бiр жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, ipi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептiң көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       188-1-бап. Арнайы валюта режимiн бұзу

      Арнайы валюта режимiн:
      валюталық операцияны жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
      резиденттер алған шетел валютасын мiндеттi түрде сату талабын орындамау;
      шетел банктерiндегi шоттарды пайдалану;
      валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптарды орындамау;
      Қазақстан Республикасының Президентi енгiзген өзге де уақытша валюталық шектеулердi сақтамау бөлiгiнде бұзу, -
      жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимiн бұза отырып жүргiзген операция сомасының жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 188-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      189-бап. <*>

      Ескерту. 189-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      190-бап. Инсайдерлiк ақпаратты заңсыз пайдалану

      Инсайдерлердiң инсайдерлiк ақпаратты үшiншi тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша iс-әрекеттерi, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу туралы инсайдерлiк ақпаратқа негiзделген ұсынымдар беру, егер олар үлкен зиян келтiрмесе, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет