пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi
бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 474, 475 және 483-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасау, -
жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466 және 471 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы, -
азаматтарды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.09 N 10 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
485-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа
жол құрылыстарын бүлдiру
1. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 485-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
486-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол
құрылыстарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiр жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген өзге де талаптарды лауазымды адамдардың орындамауы, -
жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылық, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның жол қозғалысын ұйымдастыруға немесе жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 486-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау
құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн жол
қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей
дәрежеде бұзу
1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктерiндегi байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 487-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi
қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 488-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын
және жол құрылғыларын пайдалану мен қорғау
ережелерiн бұзуы
Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 489-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
490-бап. Магистральдық құбырларды қорғау ережелерiн
бұзу
Магистральдық құбырларды қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 490-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
491-бап. <*>
Ескерту. 491-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын
құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радио- байланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбiлдiк теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
Ескерту. 492-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
493-бап. <*>
Ескерту. 493-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары
жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану,
сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн
бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық
құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды
шет елдерден әкелу
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бiр не бiрнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
Ескерту. 494-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
494-1-бап. Қазақстан Республикасының байланыс
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Негiзгi байланыс операторының телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ трафиктi өткiзу тәртiбiн бұзуы, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Телекоммуникация желiлерiн Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосу мерзiмдерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттердi бұзу -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
байланыс қызметтерiн көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 494-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10 N 178-IV Заңдарымен.
494-2-бап. Байланыс желiсiне заңсыз қол жеткiзу
Ескерту. Кодекс 494-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын
қорғау ережелерiн бұзу
1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 495-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
496-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ
одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бiртұтас желiсiнде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттi сәулелендiру көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркiлей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 496-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
497-бап.
Ескерту. 497-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын
пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 497-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық
құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi куәландырушы орталықтың орындамауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi тiркеу куәлiгi иесiнiң орындамауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа тұлғаның жабық кiлтiн заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың орындамауы,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 497-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
Заңдарымен.
497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру
Достарыңызбен бөлісу: |