Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет46/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

40-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШАҒЫМДАРДЫ, НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI ҰЙҒАРЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

      672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


               заңды күшiне енген қаулыларды және оларға
               шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
               жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше
               тәртiбi

      Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi соттар судьяларының шығарған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша күшiне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестiрiлген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестiрiлген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстiң 648-бабының 1-1-бөлiгiнде көзделген тәртiппен шығарған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.


      Ескерту. 672-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09 N 346 , 2003.07.02 N 451 , 2007.06.29 N 270 , 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер


               бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды,
               наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi
               ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар

      Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары, ал осы Кодекстiң 672-бабында көрсетiлген сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қайта қарауға құқылы.


      Ескерту. 673-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.

      674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


                қаулыларға және оларға шағымдарды,
                наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi
                ұйғарымдарға наразылық келтiру

      1. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берiлген.


      2. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтiнiштер жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.
      Ескерту. 674-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

       675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының


               орындалуын тоқтата тұру

      1. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың осы Кодекстiң 674-бабында аталған, заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiруi бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.


      2. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың судья шығарған әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға наразылық келтiруi бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

      676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер


               бойынша заңды күшiне енген қаулыларды
               Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында
               қайта қарау

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы заңды күшiне енген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.


      Ескерту. 676-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

  41-тарау. АҚТАУ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТI


ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ
ӘРЕКЕТТЕРIМЕН КЕЛТIРIЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

      677-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның


               кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) ол жөнiнде осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша iстi қысқарту туралы қаулы шығарған адам кiнәсiз деп есептеледi және олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да болсын шектеу қоюға болмайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамды ақтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде оған келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде заңда көзделген шаралардың бәрiн қолдануға тиiс.

      678-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға


               органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi
               нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеттiруге
               құқығы бар адамдар

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiне қарамастан, заңсыз әкiмшiлiк ұстау, әкiмшiлiк қамау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемiнде өтеледi.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтетуге:
      1) осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың
      2) егер iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылса, iс бойынша олар жөнiнде iс жүргiзу басталмауы тиiс, ал басталғаны осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар.
      3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы оның мұрагерлерiне көшедi.
      4. Егер iс жүргiзу барысында адамның ерiктi түрде өзiне-өзi айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергi келтiргенi, сөйтiп осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған зардаптардың тууына ықпал еткенi дәлелденсе, оның зияны өтеуге жатпайды.
      5. Осы баптың ережелерi нақ бұл баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған мән-жайлар болмаған кезде адамға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының күшi жойылған немесе ескiру мерзiмiнiң өтуiне, әкiмшiлiк жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жұмсартатын заңның қабылдануына байланысты өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. 678-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       679-бап. Өтеуге жататын зиян

      Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың мүлiктiк зиянды толық көлемiнде өтетуге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiртуге құқығы бар.

      680-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, олардың кейiн зиянды өтеттiру құқығын тануға тиiс. Iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не поштамен жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама жiберiледi. Зиян өтемiне құқығы бар өлген адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған жағдайда олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) жүгiнген күннен бастап бес күннен кешiктiрмей оларға хабарлама жiберiледi.

      681-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу

      1. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
      1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақының, өзге де қаражаттар мен табыстардың
      2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе өтемсiз алып қойылған мүлiктiң мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған жағдайда оның құны қайтарылады;
      3) iстi шешуге уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау үшiн салынған айыппұлдардың iс жүргiзу шығындары мен әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларының
      4) адамның заң көмегiн көрсету үшiн төлеген сомаларының
      5) әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тарту нәтижесiнде келтiрiлген өзге де шығындарының өтелуiн қамтиды.
      2. Iс жүргiзумен байланысты осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды әкiмшiлiк қамауды атқару орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, iс жүргiзу шығындарын, сол сияқты осы адамдардың әкiмшiлiк қамауды атқару кезiнде қайсы бiр жұмыстарды орындағаны үшiн тапқан табысын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жататын сомадан шегерiп тастауға болмайды.
      3. Осы Кодекстiң 678-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 652-бабында аталған құжаттардың көшiрмесiн зиянын өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянын өтеу туралы талап қойып жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады.
      4. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қамсыздандыру органдарынан есебiн сұрап ала отырып, зиянның мөлшерiн анықтайды, сонан соң инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жасау туралы қаулы шығарады. Егер iстi сот қысқартса, аталған iс-әрекеттi iстi қараған судья жүргiзедi.
      5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем тәртiбi заңмен белгiленедi.

      682-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою

      1. Адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян үшiн одан ресми кешiрiм сұрауға мiндеттi.
      2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап-арыздар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады.
      3. Егер адам әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi.
      4. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың талап етуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) өздерiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы екi апта мерзiмде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi.

      683-бап. Талаптар қою мерзiмдерi

      1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талаптарды осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдар осындай төлемдер жасау туралы қаулыны алған кезден бастап бiр жыл iшiнде қоя алады.
      2. Өзге құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру тәртiбi түсiндiрiлетiн хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
      3. Дәлелдi себептермен бұл мерзiмдердi өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) қалпына келтiре алады.

      684-бап. Заңды тұлғалардың зиянын өтеу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемiнде және осы тарауда белгiленген мерзiмде мемлекет өтейдi.

      685-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртiбiмен қалпына


               келтiру

      Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiммен келiспесе, оның азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгiнуге құқығы бар.



42-тарау. АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН
ҚОРҒАНЫШЫ БАР АДАМДАРДЫҢ IСТЕРI БОЙЫНША IС ЖҮРГIЗУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      686-бап. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының


               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын Қазақстан Республикасы Парламентi тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.


      2. Депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне тиiсiнше ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келiсiм берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.
      5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм бермесе, iс жүргiзу осы негiзбен қысқартылуға тиiс.
      6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге шаралары қолданылуы мүмкiн.
      7. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жүзеге асырады.

      687-бап. Президенттiкке, Парламент депутаттығына


               кандидаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олардың тiркелген күнiнен бастап, сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз алып келуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.


      2. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы ұсынысты Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгiзедi.
      3. Бас прокурор Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      688-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық


               Кеңесi Төрағасының немесе мүшелерiнiң
               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiнсiз алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.


      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне тиiстi ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      689-бап. Судьяның әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Судьяны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келiсiмiнсiз не Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз қамауға алуға, тұтқындауға, алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
      2. Судьяны сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, судьяны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      690-бап. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының


               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.


      2. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Бас прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Бас прокурорды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараудың заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары жүзеге асырады.

      691-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң


               депутаты не Қазақстан Республикасы
               Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе
               мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының
               Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық
               бұзушылық туралы iстi қарауы

      1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен қорғанышы бар адамдардың iстерiн жүргiзу ерекшелiктерiмен қоса, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.


      2. Егер iстi судья қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында аталған мемлекеттiк органдар алып келуге келiсiм беруден бас тартылған болса немесе мұндай келiсiм сұралмаса, судья осы Кодекстiң 686-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленген тәртiппен алып келуге келiсiм беру туралы ұсыным жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде алып келудi қолдануға құқылы.

      692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық


               қорғанышы бар адамдар

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышты Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:


      1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкер мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың отбасы мүшелерi;
      2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi қызметiнiң қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, консулдықтардың басшылары және, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты консулдықтың басқа да лауазымды адамдары;
      3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызмет қызметкерлерi және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi;
      4) дипломатиялық курьерлер;
      5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және, өзара келiсiм негiзiнде, - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқандар және егер отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, аталған адамдарға ерiп жүрген отбасы мүшелерi;
      6) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және қызметкерлерi, осы ұйымдардың лауазымды адамдары халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық ғұрыптар негiзiнде;
      7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқан үшiншi бiр елдегi шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкер мүшелерi және аталған адамдарға ерiп жүрген немесе оларға қосылу немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан отбасы мүшелерi;
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет қорғаныш беруден бас тартқан жағдайда ғана сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға қорғаныш беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғала алмайды, ал қозғалғаны қысқартылуға тиiс.
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.

      693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет