алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) құқық бұзушылық жасалған орында табылған құқық бұзушылық құралдары болатын не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
7-1. Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргiзушi куәлiгi немесе көлiк құралын жүргiзуге құқық беретiн жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiк, иесi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргiзушiге қайтарылады.
Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
Алып қойылған жүргiзушi куәлiгiнiң орнына жүргiзушiге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша уақытша куәлiк берiледi.
8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
Ескерту. 628-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi
жүргiзуден шеттету және мас күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi.
Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекiтуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, мас күйiн куәландыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк жүргiзуден шеттетiлген күнi, уақыты, орны, негiздерi көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. алып тасталды - 2006.01.20. N 123 Заңымен
7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
Ескерту. 629-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау,
жеткiзу және пайдалануға тыйым салу
1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463-4 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 467, 470 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 471 (екiншi бөлiгiнде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, шағын көлемдi кеменi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстау себептерi жойылғанға дейiн ұстауға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, төртiншi - сегiзiншi бөлiктерiнде), 463-4 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттiк стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 630-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.06.03 N 428 , 2003.07.03 N 464 , 2003.12.05 N 506 , 2004.12.09 N 10 , 2005.10.21 N 80 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi
алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 632-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесiлi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуды, тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 632-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi
қамтамасыз ету шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ҚОЗҒАУ
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың
дәлелдерi мен негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткiштерi себеп болып табылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
2-1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi кәсiпкерлiк қызмет саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
Ескерту. 634-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 270, 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
4-1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
4-2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиiстi жазба жазады.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 634-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөлiктерiнде негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзiне қатысты iс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Ескерту. Жол жүрiсiнiң қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi болса, ол көрсетiледi.
Ескерту. 635-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22 N 147 , 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) мыналардың:
РҚАО-ның ескертпесi!
1-бөлiктiң 1) тармақшасының екiншi абзацына өзгерту енгiзу көзделген - 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111-117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екiншi бөлiгi), 159, 162, 163 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 163-2, 163-3, 163-4, 203, 234-1, 283 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 330, 330-1 (екiншi бөлiгi), 331, 332, 334 (үшiншi бөлiгi), 335, 336 (1-1 және үшiншi бөлiктерi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бiрiншi, екiншi, оныншы және он бiрiншi бөлiктерi), 339, 340, 341 (екiншi бөлiгi), 344, 354-1, 355-357, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екiншi бөлiгi), 380-2, 388, 390 (екiншi бөлiгi), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 394 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгi), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1-бөлiгi), 463 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 463-3 (бесiншi бөлiгi), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 465 (екiншi бөлiгi), 466 (екiншi бөлiгi), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екiншi бөлiктерi), 473 (үшiншi бөлiгi), 474, 474-1, 475, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 500 (екiншi бөлiгi), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 531-баптар);
өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның (229, 314, 317-1 (өрт және жарылыс қауiпсiздiгi бөлiгiнде машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
әскери полиция органдарының (389-1, 512-1 - 512-5-баптар);
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (124 (бiрiншi бөлiгi), 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмдерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша));
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың 147-1 (екiншi бөлiгi), (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының 246 (екiншi бөлiгi), (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 317-1 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 324, 326-328-баптар);
мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 130-баптар);
туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (158-3, 356, 357-3-баптар);
ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (168-3, 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (308, 317-1 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (309-2 (төртiншi бөлiгi), 356 (үшiншi бөлiгi)-баптар);
биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (147-10-бап (екiншi, алтыншы, жетiншi, он үшiншi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде) бөлiктерi);
биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (147-10-бап (төртiншi, бесiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224, 224-1-баптар);
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша);
мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар);
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 233, 312-1, 356-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231 (екiншi бөлiгi), 233, 235 (екiншi бөлiгi), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнiмдерiне, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екiншi бөлiгi), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екiншi бөлiгi) баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi бөлiгi), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерi), 496 (екiншi бөлiгi) - баптар);
азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (356, 443 (бесiншi бөлiгi) және 446-1-баптар);
көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);
көлiк бақылау органдарының (356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 453 (екiншi бөлiгi), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 471 (1-1-бөлiгi), 484-баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 175 (екiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктердi қоспағанда), 185-баптар);
iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның (356-бап);
қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (158, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 168-3 (бiрiншi - төртiншi бөлiктерi), 184, 184-1 (үшiншi бөлiгi), 190, 192, 194, 200, 202-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 213 (төртiншi-алтыншы бөлiктерi), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгi), 357-1, 357-2-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 159 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 158-4, 162, 163 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 176 (бiрiншi бөлiгi), 179, 179-1, 195, 200, 203, 211, 213 (бесiншi және алтыншы бөлiктерi), 214, 217, 218-1 (жетiншi бөлiгi), 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 357-3, 357-5, 514-519, 521, 522, 529, 532-535, 537-1-баптар);
салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 168-1, 213 (төртiншi-алтыншы бөлiктерi), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгi), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532-535-баптар);
кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 218-1 (жетiншi бөлiгi), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1,, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстiң 323 (екiншi бөлiгiнде), 357-1, 461 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша);
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақтың 1) тармақшасының 29-шы абзацына ҚР 2007.01.12 N 224Заңымен өзгерту қарастырылған (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi).
әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екiншi бөлiгi) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3, 356, 357-1, 357-4, 357-6, 376-баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың
(87-2, 140 (екiншi бөлiгi), 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар);
мемлекеттiк монополия саласындағы уәкiлеттi органның (147-1-бабы);
табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (356-бап);
кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (153, 356, 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 338-1 (үшiншi, тоғызыншы, оныншы және он екiншi бөлiктерi), 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1, 317-2, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар);
мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (223-225, 225-1-баптар);
индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнiмi, ойыншықтар қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтар бойынша);
сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлерi жасаса), 168-3-бап);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасын бұзу бөлiгiнде), 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (226-229-баптар);
атом энергетикасы жөнiндегi органдардың (222, 315, 316, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 393-баптар;
мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгi);
Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (362-1, 388-баптар);
күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң (135-1, 136, 160, 220, 312, 323 (екiншi бөлiгi), 330, 331, 332, 333, 336, 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екiншi бөлiгi), 370, 371 (екiншi бөлiгi), 373, 388, 463 (1-1-бөлiгi), 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесiншi бөлiгi), 356-баптар);
мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (87-2, 317-1 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (87-2, 311-1 (жетiншi бөлiгi), 356, 357-1-баптар);
жергiлiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 342, 343, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346-352-баптар);
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның (175-бап (екiншi бөлiгi) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде);
банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын органдардың (155-1 (төртiншi бөлiгi), 356-баптар);
медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 85-1 (екiншi бөлiгi), 85-2 (екiншi бөлiгi), 322 (бесiншi бөлiгi) - баптар);
монополияға қарсы органның (147-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттiк сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3 (бiрiншi - төртiншi бөлiктерi) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиаттары жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 179, 179-1, 183, 188 (екiншi бөлiгi), 357-1, 357-5-баптар).
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлдiк берген лауазымды адамдар (514-2-бап).
2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екiншi бөлiгi (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртiншi бөлiгi, 478, 479-баптар, 480-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi, 481-бап (автомобиль көлiгiнде және электр көлiгiнде құқық бұзушылық жасағаны үшiн);
түзеу мекемелерiндегi немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
Ескерту. 636-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.12 N 240, 2003.03.28 N 398, 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2003.07.10 N 483, 2003.12.05 N 506, 2004.05.06 N 551, 2004.07.06 N 572, 2004.12.09 N 10, 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 67 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.10.21 N 80, 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.05.05 N 139, 2006.06.22 N 147, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 181 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.01.09 N 213, 2007.01.12 N 220 (2007.04.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.06 N 276, 2007.07.21 N 299, 2007.07.21 N 307, 2007.07.26. N 311, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.21 N 304 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.25 N 113-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 115-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды), 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.04 N 166-IV, 2009.07.10. N 176-IV, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.07.10 N 178-IV, 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.16. N 186-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.04.29 № 272-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
Достарыңызбен бөлісу: |