iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 158-5, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1, 513, 516-1, 521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
Ескерту. 637-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.03.13 N 394 , 2003.12.05 N 506 , 2004.07.09 N 583 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.21 N 308 , 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулiк iшiнде, ал осы Кодекстiң 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулiк iшiнде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
3-1. 240 (бiрiншi бөлiгiнде), 250 (бiрiншi бөлiгiнде), 261, 265, 304 (екiншi бөлiгiнде)-баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретiнде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректерi пайдаланылған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 638-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.12 N 240 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.09 N 213 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасалмайтын жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1-бөлiгiнде көзделген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам ескертудiң немесе төлем құжатының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсетiнiн растайды.
1-1. Осы Кодекстiң 539-бабының үшiншi бөлiгiнде, 639-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түрiндегi жазаны оған уәкiлеттi лауазымды адам осы Кодекстiң 710-бабында белгiленген тәртiппен қолданады және төлете алады.
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулерi қоса берiлiп, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама түрiнде рәсiмделедi, бұл туралы көлiк құралының меншiк иесi (иесi) тиiсiнше хабардар етiледi.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тiкелей сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 541-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiн анықтаған кезде жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкiндiгi болмаса, осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстiң 635-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Ескерту. 639-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.06.29 N 270 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау
үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
Ескерту. 640-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi
iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУ
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
Ескерту. 642-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға әзiрлеу
1. Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгi 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстiң 541-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстерге қолданылмайды.
Ескерту. 643-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан
бас тарту
1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган
(лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы;
5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
3-1. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) iс жүргiзуде бiр адамға қатысты қозғалған екi немесе одан да көп iстер барын анықтай отырып, осы iстердi бiрге қарау үшiн бiр iске бiрiктiруге құқылы.
4. Жауапқа тартылушы адамның, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Ескерту. 646-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
1-1. Сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iстi судья (сот) соттың бiрiншi, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тiкелей осы отырысында қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
Ескерту. 647-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.06.29. N 270 Заңдарымен.
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарау тәртiбi
1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн анықтайды;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 56-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
1-1. Төрағалық етушi тiкелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiн анықтап, фактi туралы жариялай отырып, осы баптың бiрiншi бөлiгi 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кiнәлi адамға осы Кодекстiң 513-бабында көзделген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Процеске қатысушы адамның тарапынан тiкелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiн анықтау осы сот отырысының хаттамасында тiркеледi.
2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады.
3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.
Ескерту. 648-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.03.02. N 131 , 2007.06.29. N 270 Заңдарымен.
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
4) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен).
1-1. Көлiк құралын жүргiзушiнi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жiберген кезде жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы шығарылады, оның көшiрмесi емтихан тапсыруға жiберiлген адамға берiледi.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
Ескерту. 650-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
жөнiндегi қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақтың 3) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224Заңымен өзгерту енгiзiледi.
3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi;
3-1) қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлi;
4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
6) iс бойынша шешiм;
7) қаулыға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi;
8) айыппұлды ерiктi түрде төлеу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру туралы шешiм шығарылған кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның сол мерзiм iшiнде кетуi тиiс ақылға қонымды мерзiм көрсетiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.
4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.
Ескерту. 651-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.06.22. N 147 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
Достарыңызбен бөлісу: |