адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және
алып келу
Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкiм тиiспеушiлiктi пайдаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргiзуге болмайды.
694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
1. Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбiрленушi ретiнде айғақ беруiне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келiскен жағдайда бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Сұрау үшiн аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс.
2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақ берiп, ал iстi қарауға келмей қалса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады.
3. Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық
қорғанышы
1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Бұл үй-жайларға кiрудi, оларды қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келiсiмiмен ғана жүргiзуге болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қорғаныш өзара келiсiм негiзiнде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкiлдiк қызметкерiне қызмет көрсетушi қызметкерлердiң және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келiсiм негiзiнде ешкiмнiң тиiспеушiлiгiн пайдаланады. Бұл үй-жайларға кiру, оларды қарау тек тиiстi шет мемлекеттiң консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшыларының өтiнiшiмен немесе олардың келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған үй-жайларға кiруге, оларға тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұрайды.
6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
5-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
43-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулының заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
мiндеттiлiгi
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
3. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.
Ескерту. 697-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi.
699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.
2. Бiр адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
орындауға байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне өздерi жөнiнде шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбiрленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхаты алып берiледi. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.
5-1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 174-IV Заңымен.
Ескерту. 700-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09. N 10 , 2009.07.10. N 174-IV Заңдарымен.
701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын
кейiнге қалдыру және созу
Әкiмшiлiк қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгiленген мерзiмде мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiн қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге созуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының екiншi бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегiн төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрiнде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегiне қатысты өз қаулысының орындалу мерзiмiн осындай шешiмде көрсетiлген мерзiмге кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 701-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;
4) осы Кодекстiң 703-бабында белгiленген салық салу саласында әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi өткен жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады;
5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының кодексiн қолданысқа енгiзу туралы заңнамалық актiсiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады.
Ескерту. 702-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
703-бап. Салық салу саласында әкiмшiлiк жаза қолдану
туралы қаулыны орындаудың ескiруi
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде орындалмаса, орындауға жатпайды.
2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.
Ескерту. 703-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.12.05 N 506, 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
704-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
жөнiнде iс жүргiзудiң аяқталуы
1. Жаза толық жүргiзiлген қаулыны орындаған орган әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны жүргiзiлген жаза туралы белгi соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргiзiлмеген немесе орындау толық жүргiзiлмеген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
Ескерту. 704-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.
4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.
6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
44-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН ОРЫНДАУ
ТӘРТIБI
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау
1. Айыппұлды әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшiне енген күнiнен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейiннен хабарлай отырып, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке енгiзедi немесе аударады.
Ескерту. 707-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны
мәжбүрлеп орындату
1. Алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Айыппұлды өндiрiп алу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкiлеттi органға қайтарады.
4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкiлеттi орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттiк сот орындаушысына жiбередi.
Ескерту. 708-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны
мәжбүрлеп орындату
1. Алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Сот, уәкiлеттi орган айыппұлды өндiрiп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақша алу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жiбередi.
Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды өндiрiп алу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
3. Банк немесе өзге де кредит мекемесi айыппұл сомасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.
4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот, уәкiлеттi орган заңнамаға сәйкес өндiрiп алуды заңды тұлғаның мүлкiне айналдыру үшiн айыппұл сомасын өндiрiп алу туралы қаулыны мемлекеттiк сот орындаушысына жiбередi.
Ескерту. 709-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп
орындатуға жiберудiң тәртiбi
1. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жiберу кезiнде оған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының көшiрмесi және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы әкiмшiлiк жаза қолданған органның анықтамасы мiндеттi түрде қоса берiледi.
2. Осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жiберiлген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама әкiмшiлiк жазаны қолданған мемлекеттiк органға қайтарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы әкiмшiлiк жаза қолданған органға қайтару олардың кемшiлiктерiн жоя отырып, қайтадан мәжбүрлеп орындатуға жiберу үшiн кедергi болмайды.
Ескерту. 709-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде
алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау
1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi. Түбiртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбiртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбiршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша
iс жүргiзудiң аяқталуы
Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не
нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы
қаулының орындалуы
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөнiндегi шығындар шегерiлiп берiледi.
Ескерту. 712-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не
нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының
орындалуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 713-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.06.22. N 147 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны
орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды, техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiн сақтауға мемлекеттiк қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау
Достарыңызбен бөлісу: |