Кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі n 477 Кодексі "Егемен Қазақстан"


учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi



бет7/8
Дата20.07.2016
өлшемі443 Kb.
#211270
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

               учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi

      Шекара аймақтарындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.


      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      84-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер


               пайдаланушыларға пайдалануға берiлген
              мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және
              бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру
              және пайдалану ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.


      2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер


               пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында
              орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
              күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
              ерекшелiктерi

      1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.


      2. Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
      Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.

      86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген


               агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету,
               қорғау және пайдалану ерекшелiктерi

      1. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.


      2. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
      Бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiледi және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жекеше орман қоры жерлерiне ауыстырылуы мүмкiн.
      3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 176 Заңымен.

      87-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына,


               каналдарға, магистральдық құбырларға және
               басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген
               белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету,
               қорғау және пайдалану ерекшелiктерi

      1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.


      2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

7-бөлім. Орман қорын пайдалану

  15-тарау. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалану


жөніндегі қызметті лицензиялау

      88-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман


               пайдалану түрлері

      1. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың:


      1) сүрек дайындау;
      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
      3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;
      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану ;
      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану ;
      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану түрлерi жүзеге асырылуы мүмкін.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 8) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бiр немесе бiрнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.
      4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман


               пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызмет жұмыстар лицензиялануға жатады.


      Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 176 , 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру

      90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:
      1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;
      2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);
      3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      91-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және


              өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк
              орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа
              деген қажетiн қамтамасыз етуi

      1. Жергiлiктi халықтың ағашқа деген мұқтажы олардан өтiнiм болған кезде, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей мақсатта ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.


      Жергiлiктi халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету олардан өтiнiм болған кезде, өтеусiз негiзде мемлекеттiк орман иеленушi айқындайтын кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған өтiнiмдер аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинауға бiр ай қалғанда тиiстi орман иесiне берiледi.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 176 Заңымен.

      92-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген


               санаттарында орман пайдалануды шектеу

      1. Мемлекеттiк орман қорының "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары", "табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi", "орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi", "аса құнды орман алаптары" санаттарында, сондай-ақ қорық режимiндегi мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.


      2. Мемлекеттiк орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары" және "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар ормандары" санаттарында; мемлекеттiк орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы "мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының "жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары", "орман-жемiс екпелерi", "aca биiк тау ормандары", "мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi", "эрозияға қарсы ормандар"  және "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер", "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.
      3. Мемлекеттік орман қорының мынадай:
      1) шектеулі шаруашылық қызметі аймақтарында «мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақ ормандары»;
      2) «жапырақты сүрекдіңдерді қоспағанда, «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi»;
      3) шектеулі шаруашылық қызметі аймағындағы «мемлекеттік қорық аймақтары ормандары» санаттарында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленеді.
      Мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      93-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттағы


               ормандарында және таудағы ормандарда ағаш
               кесу ерекшелiктерi

      1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттiк орман қорының "егiс-топырақ қорғау ормандары" санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттiк орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатының жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі.


      Мемлекеттiк орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
      2. Басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында аталған санаттағы ормандарында ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк орман қорының "халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелерi"; "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
      Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
      Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      94-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу


               кезiнде сүрек дайындау көлемi

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі, құрылыс объектiлерiне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөнiндегi жұмыстар көлемiмен анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      95-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi


               кеспеағаш қоры

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.


      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және уәкiлеттi орган бекiтедi.

      96-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр


               және ағаш шырындарын дайындау

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.


      Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.
      Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
      2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау ережесiн, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы


               сүрек ресурстарын дайындау

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.


      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiмен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттiк орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.

      98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама


               орман пайдалануды жүзеге асыру талаптары

      Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, Қазақстан Республикасында Орманды жанама пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерiнде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.


      Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде


               шөп шабу және мал жаю

      1. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.


      2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы бекiтедi.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю  ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық


                шаруашылығының қажетiне пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
      5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

      101-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн


                ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану

      1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде бередi.


      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн


                сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени,
                туристiк және спорттағы мақсаттар үшін
                пайдалану

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде берiледi.


      2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      Кодксті 102-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет