Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.
Осы баптың 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген норма, егер мұндай автокөлік құралдары 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер болып табылса, осы тармақшаларда аталған адамдарға қатысты қолданылмайды.
4. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
366-бап. Салық салу объектілері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.
51-тарау. САЛЫҚ мөлшерлемелері, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 367-бап өзгертілді; 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 367-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
367-бап. Салық мөлшерлемелері
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
Рет
№
|
Салық салу объектiсi
|
Салық мөлшерлемесі
(айлық есептiк көрсеткiш)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):
|
|
1100-ге дейiн қоса алғанда
|
1
|
1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда
|
2
|
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда
|
3
|
2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда
|
6
|
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда
|
9
|
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда
|
15
|
4000-нан жоғары
|
117
|
2.
|
Жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):
|
|
1 тоннаға дейiн қоса алғанда
|
3
|
1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаны қоса алғанда
|
5
|
1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаны қоса алғанда
|
7
|
5 тоннадан жоғары
|
9
|
3.
|
Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары
|
3
|
4.
|
Автобустар:
|
|
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда
|
9
|
отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда
|
14
|
отыратын 25 орыннан жоғары
|
20
|
5.
|
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты:
|
|
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда
|
1
|
55 кВт-дан асатын
|
10
|
6.
|
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең):
|
|
160-қа дейiн қоса алғанда
|
6
|
160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда
|
18
|
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда
|
32
|
1000-нан жоғары
|
55
|
7.
|
Ұшу аппараттары
|
әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң
4 пайызы
|
8.
|
Мыналар:
кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;
магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;
өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы
|
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң
1 пайызы
|
Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары
|
көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң
1 пайызы
|
Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:
Р/с
№
|
Салық салу объектісі
|
Салық мөлшерлемесі
(айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):
|
|
3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда
|
35
|
3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда
|
46
|
3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда
|
66
|
4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда
|
130
|
5 000-нан жоғары
|
200
|
Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) жеңiл автомобильдерге:
В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.
2. Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, тоғыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемiнің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |