Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 Қазакстан Республикасы Жогаргы Соты Пленумының каулылар жинагы. Алматы, 1997. 1-том. 93-бет



Pdf көрінісі
бет156/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

28
 Қазакстан Республикасы Жогаргы Соты Пленумының каулылар жинагы. Алматы, 1997. 1-том. 93-бет. 


257 
2014 жылғы жаңа Қылмыстык Кодексте мұндай іс-әрекетпен адам өлтіргені үшін жеке дара 
жауаптылық түңгыш рет көрсетіліп отыр. 
100- 
6 а п. Жаңа туған баланы анасының өлтіруі 
Анасының өзінің жаңа туган баласын босану кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде 
психикасын күйзелтетін ахуал болган жагдайларда немесе есінің дурыстыгы жоққа 
шыгарылмайтын психикасының бузылуы жагдайында өлтіруі
 -
 
төрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылық бірінші 
рет жеке карастырылган. Заң шығарушы адам өлтірудің бүл түрінің өзіндік ерек- шелігін ескере 
отырып, оны дербес кұрамга бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл кұрам үшін ба- ланы туу кезінде немесе 
туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жагдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа, жаңа туған 
баланы өлтіру біраз уакыттан кейін жүйкені закымдайтын жагдай үстінде немесе есінің дұрыстыгын 
жоққа шыгармайтын психиканың бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін. 
Қылмыстык кодекстің ЮО-бабының санкциясына қарағанда, заң шыгарушы мұндай адам 
өлтіруді әйелдердің туу кезіндегі және туганнан кейінгі ерекше психикалык жай- күйлерін ескере 
отырып, жеңілдету жагдайлары кезінде жасалған қылмыс деп санайды. Сонымен бірге, әйелдің 
алдын ала жаңа туған баланы өлтіру ниеті болгандыгы жэне бұган оның дәрменсіз жай-күйін 
пайдаланган оқигалардың да болуы мүмкін. Мұны



адам өлтірген кезде жеңілдету жағдайы деп санауға бола қояр ма екен? Оның үстіне заң шыгарушы 
осындай оқигаларды да Қылмыстық кодекстің 99-бабында козделген адам өлтіру деп санайды. 
Мұндай жағдайларда кінэлінің әрекеті Қылмыстык кодекстің 99-бабының 2-тармагының «в» 
тармақшасы, ягни дәрменсіз жай-күйін пайдалана оты- рып адам өлтіру деп емес, керісінше 
Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сарала- нады. 
Психиканы закымдайтын жағдай үстінде немесе психика бүзылуы жагдайында анасының жаңа 
туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мүндай адам өлтіру туганнан кейін біршама уақыт 
өткен соң, бірақ бала жаңа туган деп саналатын кезең ішінде гана орын алады. Психиканы 
зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бүзылу жагдайының болуын осы мәселеге байланысты 
сарапшылық қорытынды беретін психиатр айкындайды. 
Жаңа туган бала түсінігі оның мазмүнын айқындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. 
Заң әдебиеттерінде олар эр түрлі айтылады. Осыған байланысты түрлі мерзім- дер көрсетіледі: бір 
тәулік, бір апта жэне бір ай. Кейбір авторлар жагдайга байланысты эр түрлі мерзімдерді 
пайдалануды үсынады' Бұган келісу киын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің жагдайына 
емес, баланың өзінің өсуіне байланысты гой. Жаңа туган кезең деп - баланың туғаннан кейінгі 
өмірінің алгашқы сатысы - оның ағзасының сыртқы орта жағдайларына бейімделетін уакыт ішіндегі 
бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңге ішкі органдар функциясының тұрақсыздығы тән 
болады. Жаңа туған кезеңнің ұзактыгы әркімде эр түрлі жэне бірнеше аптаның мөлшерінде, көбінесе 
үш-төрт апта бойына ауытқып түрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бүл мерзім шала тугандарга 
карағанда қыскарақ. 
Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сәтінде немесе туғаннан кейін бірден болуы мүмкін. 
Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың 
психикалык жай-күйінің шешуші маңызы болмайды. Ең бастысы, бұл адам өлтірудің көрсетілген 
уақыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам өлтіру — туған адамды заңга карсы касақана 
өмірінен айыру. Туу - ұзакка созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, кайталап 
босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ұрықты өмірінен айыру 
орын алса, бұл жағдайда адам өлтіру болмайды. 
Есінің дұрыстыгын жоққа шығармайтын психиканың зақымдалуы немесе психиканың бұзылуы 
жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мұндай әрекет Қылмыстык кодекстің 97-бабы 
бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс. 
Бұл кылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана 
қасақаналықпен сипатталады. 
Осы қылмыстың субъектісі - арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың он 
алтыға толған анасы гана болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайда қылмысты бірігіп орындаушы 
түріндегі қатысушылар болса, онда олар ҚК-тің 99-бабының 
2- 
тармагының «в» тармақшасы бойынша жауапқа тартылады, ҚК-тің 100-бабында көрсетілген 
жеңілдету жағдайлары оларга қолданылмайды. Егер өзге қатысушылар қоса орындаушы болмай, 
ұйымдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау 
күрделірек болады. Бұл жагдайда жоғарыда көрсетілген қылмысқа катысушылар үшін ҚК-тің 
жауапкершілікті жеңілдететін 53 және 100-бабында көрсетілген жағдайлар (жеке, сипатта 
болғандықтан жэне жаңа туған баланың анасына 
29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет