Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет256/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

180- 
6 а п. Сепаратистік әрекет 
1. 
Қазақстан Республикасының біртутастыгы мен тутастыгын, оның аумагына қол 
сугылмауын және бөлінбеуін бузуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау неме- се оган 
жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмундагы материалдарды тарату мақсатында 
дайындау, сақтау немесе тарату
 -
 
бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не жеті 
жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
2. 
Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қогамдық бірлестік лидері жасаган не 
буқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайда- лана 
отырып жасалган не адамдар тобы немесе алдын ала сез байласу арқылы адамдар тобы 
жасаган дәл сол әрекеттер
 -
 
бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Қазақстан Республикасының біртутастыгы мен тутастыгын, оның аумагына қол 
сугылмауын және бөлінбеуін бузу не мемлекетті ыдырату мақсатында жасалган әрекеттер - 
он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын айыруга жазаланады. 
Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде бұл құрамдагы қылмыс «антикеңестік үгіт 


355
 
және насихат» деген атпен белгілі болды, оның диспозициясы кең мағынаны білдірумен бірге 
санкциясы өте қатал болған еді. Осыган байланысты өкіметке, оның органдарына қарсы кез келген 
көңіл толмаушылықтан шыккан ойлар, пікірлер антикеңестік үгіт немесе насихат ретінде бағаланды 
(Мысалы, антикеңестік идеяны, көзкарастарды тарату, Кеңестік қоғамдық немесе мемлекеттік 
құрылысты жек көру т.б.). 
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасының 
конституциялық қүрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не- месе аумақтық тұтастығын 
күшпен бұзуға арналған бабы осы тұрғыдагы қылмыстың нақты тәсілдерін нақтылаумен бірге 
шақырулардың мэні мен багытын нақты айкындап, конституциялық құрылысты күшпен құлатуға 
немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға багытталған жария түрдегі 
үндеулерді кылмыс деп таныды. 
Жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 180-бабының 1-бөлігінде: Қазақстан Республикасының 
біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не 
мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шакыру, сол сияқты осындай 
мазмұндағы материалдарды тарату максатында дайындау, сақтау немесе тарату сепаратистік эрекет 
деп танылған. 
Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының конституциялык құрылысы, оның саяси 
жүйесі, қауіпсіздігі болып табылады. 
Объективтік жагынан қылмыс: өкіметті күштеп басып алуға, өкіметті күштеп ұстауға, мемлекет 
қауіпсіздігіне нұксан келтіруге, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың 
тұтастығын және оның аумагының бірлігін күштеп бұзуға жария түрде үндеу жасау немесе осындай 
мазмұндағы материалдарды дайындау, сактау, тарату арқылы жүзеге асырылады. 
Жария түрдегі үндеу дегеніміз ауызша немесе жазба түрде адамдардың белгісіз тобын 
шерулерге, митингілерге, демонстрацияларға, жиындарға шақырып, конституциялық кұрылысты, 
өкіметті күшпен басып алуға, мемлекеттің тұтастығын, аумағының бірлігін күштеп өзгертуге, бұзуға 
шакырулар болып табылады немесе осы мазмұндағы материал- дарды көпшілік арасына тарату 
болып табылады. 
Қылмыс субъективтік жағынан тек кана тікелей касақаналықпен жасалады. 
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген адам танылады. 
Осы баптың 2-тармағында адам өзінің кызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдык бірлестік 
лидері жасаған не бұқаралык ақпарат құралдарын немесе акпараттык- коммуникациялык желілерді 
пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы 
жасаған дэл сол әрекеттер - ал баптың 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен 
тұтастығын, оның аумағына кол сұғылмауын жэне бөлінбеуін бұзу не мемлекетті ыдырату 
мақсатында жасалған әрекеттер - үшін ауырлататын қылмыстык кұкык бұзушылык жауаптылык 
көзделген. Бұкаралык ақпарат кұралдарын пайдаланып жасалған шақыруларға - баспасөзде 
жарияланган мате- риалдар, радио немесе телехабарда, басқадай бұкаралық акпарат құралдарын 
пайдаланып жасаған шакырулар жатады. Қызмет бабын пайдаланатын адамдар анықтамасы ҚК-тің 
3-бабының 9-тармағында, қоғамдық бірлестік лидері туралы 21-тармағында, ал адамдар тобы немесе 
гшдын-ала сөзбайласу арқылы адамдар тобының түсінігі — Қылмыстык кодекстін 31-бабының 1, 2-
тармагында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет