356
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорганыс қабілетіне нуқсан келтіру
мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюга, олардың денсаулыгына зиян келтіру- ге,
кәсіпорындарды, қурылыстарды, қатынас жолдары мен қуралдарын, байланыс қуралдарын,
халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуга немесе бүлдіруге багытталган
жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда
жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас
бостандыгынан айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга не өлім жазасына
жазаланады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 184-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
қауіпсіздігі мен корғаныс кабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюга,
олардың
денсаулығыназиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен
құралдарын,
байланыс құралдарын, халықтың тір- шілігін қамтамасыз ету объектілерін қаратуға
немесе зақымдауга бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты
осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.
Диверсияның тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті
және экономикалық күш
қуаты болып табылады, өйткені диверсиялық актілер мемлекеттің өзін
әлсіретуге, бүлдіруге бағытталған.
Объективтік жағынан диверсия бірнеше балама эрекеттердің жиынтығы бойын- ша көрініс
табады. Қылмыстык кодекстің 184-бабының диспозициясында олар заң қорғайтын объектілерді
қирату немесе зақымдауға бағытталган жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол
сияқты осы максатпен жаппай улау немесе эпидемия- лар мен эпизоотиялар тарату деп көрсетілген.
Осыған орай қирату дегеніміз Қылмыстык кодекстің 184-бабында көрсетілген объ- ектілерді эр
түрлі тәсілдермен (жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер арқылы) түкке
жарамсыз
етіп тастау;
- зақымдау деп көрсетілген объектілердің қалпына келтірілу мүмкіндіктері сақтала отырып,
олардың уакытша немесе ішінара істен шығып қалуы болып табылады.
Кәсіпорындарға - заводтар, фабрикалар, баска да өнеркәсіп объектілері жатады.
Қүрылыстарға - электростанциялар, су соратын қондырғылар, қойма, ғимараттар жа- тады.
Қатынас жолдары мен қүралдарына - көлік қүралдарының барлык түрлері (теміржол, су,
автокөліктері және көліктің басқа түрлері,
көпірлер, тас жолдар және т.б.).
Байланыс күралдарына - телефон, телеграф байланысы, радиобайланысы, теледидар жэне т.б.
Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне - халыкты нанмен, жылумен, дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ететін объектілер, медициналық қызмет көрсететін объек-
тілер жэне тағы басқалар,
мысалы нан заводтары, жылу станциялары, су қоймалары, дәріханалар, жедел жэрдем көмегі жэне
т.б.
Субъективтік жағынан диверсия тікелей касақаналыкпен істеледі. Кінэлі адам занда көрсетілген
объектілерге кол сүғу арқылы өз әрекетінің мэнін сезеді жэне занда көрсе- тілген зардаптардың
тікелей орын алуын тілейді. Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі болып жасы 14-ға толған
кез келген азамат танылады.