Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  т а р а у. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЬІСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ



Pdf көрінісі
бет262/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

6- 
т а р а у. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЬІСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
§1. Меиінікке қарсы кылмыстык кұкык бұзушылыктарлың 
жалпы сипаттамасы және тұрлері 
Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасын- да 
мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жэне бірдей қорғалады (6-баптың 
1- 
тармағы). Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге 
асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кеиілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптын 2-тармағы). 
Қазакстан Республикасы Азаматтык кодексінің арнайы бабына сәйкес меншік кукыгы дегеніміз 
субъектінің заң кұжаттары арқылы танылатын және корғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша 
иелену, пайдалану жэне оған билік ету құқығы болып табылады. 
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз калауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, 
соның ішінде бұл мүлікті баска адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі 
болып кала отырып, оларга мүлікті иелену, пайдалану және °ған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін 
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге жэне оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті 
кепілге беруге жэне оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге 
кұкылы. 
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды кұкықтары азаматтык кұкыктык норма- мен, 
сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-эрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстык кұқық 
нормасы арқылы да қорғалады. 


362
 
Қылмыстык құқық нормасы бойынша меншік иесінің қүқығы меншік нысанда- рына қарамастан 
қылмыстык кұқыққа қол сұгушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлык түрлерінің 
қылмыстық құқықтық корғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстык жауаптылықтың негізін, 
шегін жэне колданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең 
қорғалуы үшін: қылмыстык заң біріншіден - эр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-
әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан 
қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; 
үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұгушылық үшін занда жазаның 
бірдей түрлері жэне шегі белгіленген. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқык бұзушылық деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге 
иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байла- нысты 
Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-
эрекеттерді айтамыз. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, 
пайдалану немесе оған билік ету кұкыгын кұрайтын меншікке байланыс- ты қоғамдық катынастар 
болып табылады. 
Осы топқа кіретін кылмыстык кұкық бұзушылыктардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір 
нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке 
тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады. 
Меншікке қарсы қылмыстық құкық бұзушылықтардың заты болып - азаматтық құқық бойынша 
меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады. 
Меншікке карсы қылмыстық кұкық бұзушылықтардың затына адам еңбегі аркылы жасалған кез 
келген материалдык дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, 
заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып та- былмайды. Сондай-ақ заттык 
белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергия- сы да меншік затына жатпайды. Меншікке 
қарсы қылмыстык кұқық бұзушылықтардың затына - ақша, багалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық 
айналымнан алынбаған басқа да қозгалмалы немесе козғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, 
су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет 
қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта коры, мәдениет және табиғат ескерткіштері 
меншік затына жатпайды. 
Меншікке қарсы қылмыстық кұкык бұзушылыктардың объективтік жағы кінәлі адамның 
бөтеннің мүлкін өзінің немесе баска адамның пайдасына заңсыз, тегін айнал- дыру үшін кұқыкка 
қайшы түрде алып қоюы аркылы сипатталады. 
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігі- не заңсыз 
алуын алып кою деп білеміз. 
Меншікке қарсы қылмыстык кұқық бұзушылыктардың объективтік жагы негізінен белсенді 
эрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру 
кұрамының кейбір тэсілдері ғана эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. 
Меншікке қарсы кылмыстык кұкық бұзушылықтардың көпшілігі материалдық кылмыс құрамын 
кұрайды, олардың объективтік жагы заңда көрсетілген үш элемент- тен: кұкыкка кайшы іс-
әрекеттерден; қылмыстық кұқықтық норма диспозициясында корсетілген мүліктік зиян ретіндегі 
зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындагы себепті 
байланыстан тұрады. 
1) 
Қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (184-бап), автомобильді немесе өзге де колік 
құралдарын жымкыру мақсатынсыз заңсыз иелену (200-бап) формальдық қылмыстық кұкық 
бұзушылық құрамы болып табылатындықтан олардың аякталу сәті заңда көрсетілген құкыққа 
кайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, кылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының 
болуына қарамастан-ак аяқталган деп танылады. 


363
 
Меншікке карсы қылмыстық кұқык бұзушылыктар субъективтік жагынан негізінен кінәлінің 
тікелей касаканалық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою 
немесе бүлдіру (188-бап) кінэнің абайсыздык нысаны арқылы істеледі. 
Меншікке қарсы қылмыстык кұкык бұзушылықтардың субъективтік жағының мін- детті 
белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және максат жатады. 
Меншікке карсы кылмыстык кұкык бұзушылықтардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар 
танылады. Бұған жататындар: ұрлық (188-бап 2, 3, 4-бөліктері), тонау (191-бап 2, 3,4-бөліктері), 
каракшылық (192-бап), корқытып алушылық(194-бап 2,3,4-бөліктері), ауырлататын мән-жайлар 
кезінде автомобильді немесе өзге де көлік кұралдарын жымқыру максатын коздемей заңсыз иелену 
(200-баптың 2, 3, 4-бөліктері), ауырлата- тын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе 
бүлдіргені (202-баптың 2, 3-бөліктері) үшін қылмыстарды істеу. 
Ал 16-ға толған адамдар ұсак-түйек жымқыру (187-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 
иеленіп алғаны немесе талан-таражга салу (189-бап); алаяқтығы (190-бап); ерекше құнды заттарды 
жымқыру (193-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолы- мен мүліктік залал келтіргені (195-
бап); көрінеу қылмыстык жолмен табылган мүлікті сатып иемдену немесе өткізу (196-бап); авторлык 
жэне сабақтас кұқықтарды бұзғаны (198-бап); онертабыстарга, пайдалы модельдерге, өнер-кәсіптік 
үлгілерге, селекциялык жетістіктерге немесе интегралдык микросхемалар топологияларына 
құкықтарды бұзу (199-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз 
құқыкка сиымсыз иеленгені (200-баптың 1-тармағы); жерге заттай кұқықтарды бұзганы (201-бап); 
ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (202-баптың 1-
тармағы); ерекше кұндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру (203-бап); бөтен адамның 
мүлкін абайсызда жойғаны немесе бүлдіргені (204-бап); кылмыстык кұкык бұзушылық құрамдарын 
істегені үшін қылмыс субъектісі болып та- нылады. 
Меншікке карсы қылмыстык кұкық бұзушылықтар іс-эрекеттің істелу тэсіліне жэне кылмыстык 
кұқык бұзушылык ниетке қарай бірнеше түрге болінеді. 
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындагы кылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын 
алғанына немесе жок болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып 
бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар жымкыру жэне меншікке карсы баска да 
пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа болінеді: 
Жымқыру ұсак-түйек жымкыру (187-бап); ұрлык (188-бап); тонау (191-бап); каракшылық (192-
бап); алаяқтық (190-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (189-бап) 
жатады. 
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше кұнды заттар- ды жымқыру (193-
бап); қорқытып алушылық (194-бап); автомобильді немесе көлік кұралдарын жымқыру максатынсыз 
құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-бап); авторлык меншік кұкықтарын бұзу (198-бап); алдау 
немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); көрінеу қылмыстық жолмен 
табылган мүлікті иемденіп немесе өткізу (196-бап); мұнайдың жэне мұнай өнімдерінің 
шығарылуының заңдылығын рас- тайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, 
сондай-ак мұнайды өңдеу (197-бап); жерге заттай құкыктарды бұзу (201-бап) жатады. 
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе 
бүлдіру (202-бап); ерекше құндылығы бар заттарды қасакана жою неме- се бүлдіру (203-бап); бөтен 
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (204-бап) құрамдары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет