364
зандылық түсінік Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 3-бабының 17-
тармағында арнайы көрсетілген.
Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.
Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей
объектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік, жеке,
коғамдық ұйымдардың меншігі
болып табылады.
Талан-тараждың заты болып адам еңбегі аркылы істелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар
мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жа- тады.
Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи байлықтар
жатпайды.
Талан-тараждың объективтік жағының белгілеріне: 1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3)
мүлікті тегін алу жатады.
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге
заңды иеленушінің иелігінен
шын мәнінде кінэлінің өзінің немесе басканың иелігіне алуын айтамыз. Талан- тараждың тағы бір
белгісі оның құқыққа қарсы істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз,
меншік иесінің
немесе өзге де занды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады.
Мүлік жөніндегі өзінің накты немесе болжамды құқыгын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға
емес, өз бетінше билік ету (389-бап) немесе басқа қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің
ешкандай құнын төлемей алу немесе болмашы кұнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі
құнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін
тегін алу арқылы - меншік
иесіне немесе өзге де занды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал
келтірілген уақыттан бастап кылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері
талан-таражга ұшыраган мүліктің, заттың қүнымен есептелінеді.
Қылмыстық кодекстің 187-бабында үсақ-түйек жымқыру туралы түсінік берілген.
Меншік құқығында үйымға тиесілі немесе оның қарамағындагы бөтен біреудің мүлкін үрлау,
алаяктық жасау, иемденіп алу немесе талан-таражға салу жолымен жасалған ұсақ-түйек жымқыру
кылмыстық қүқық бүзушылық үшін жауаптылыққа әкеп соғады. (187-баптың 1-болігі). Ал осы
баптың 2-бөлігінде бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымкыру үшін көтеріңкі түрдегі қылмыстық
жауаптылық белгіленген.
Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес қылмыстык кұқық бұзушылық үшін жауапқа тартылады.
Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы
іс-эрекетімен кел- тірілген
қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.
Талан-тараждың субъективтік жағы кінэлінің тікелей касаканалық нысанымен сипат- талады.
Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат
жатады. Пайдакүнемдік ниет пен максаттың орын алмауы - іс-әрекетті талан-та- ражды қылмыстық
құқық бұзушылык құрамына жатқызуга жол бермейді.
Талан-тараждың субъектісі - 14-ке толган адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-
таражға салудың субъектісі болып 16-ғатолған арнаулы (сеніп тапсырылган мүлікті иеленген,
ысырап еткен) адам танылады.
Қылмыстык заңда бөтеннің меншігіне қылмыстық кұкық бұзушылықпен қол сұғу үшін
жауаптылык меншік катынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып,
жікке - нысанға
бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш колданып неме- се күш қолданбай, алдау
немесе сенімге қиянат жасау тэсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай
тәсілдері істелген іс-әрекеттің коғамға қауіптілігіне
тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы
қазіргі қолданылып жүрген кылмыстык заңда жымқырудың мынадай алты түрлі нысандарын атап
көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті
иеленіп алу
365
немесе ысырап ету.
Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен окшаулану
арқылы өзіне ұксас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да жымқырудың эрбір нысанына
жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды
дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: