459
Істелген іс-әрекеттер мен заңда көрсетілген зиянды зардаптың арасында себепті байланыстың
болуы.
«Үйымның заңды мүдделеріне қарсы» деген термин заңмен немесе құрылтайшы қүжаттармен
белгіленген белгілі бір үйым кызметінің міндеттеріне қайшы іс-эрекеттерді жасау болып табылады.
Мүндай үйымдарды заң коммерциялық немесе өзге де ұйымдар деп жалпылама көрсетіп отыр.
Коммерциялық үйымдарға өз қызметінің негізгі мақсаты регінде пайда келтіруді көздейтін заңды
тұлғалар жатады. Коммерциялық үйым болып табылатын занды
тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, өндірістік ко- оператив нысандарында қүрылады. Өз қызметінің негізгі
мақсаты ретінде пайда келтіре алмайтын жэне алынған пайдасын катысушыларына үлестірмейтін
үйым коммерциялык емес озге занды тұлға болып табылады. Коммерциялық емес өзге үйым болып
табыла- тын заңды тұлгага мекеме, коғамдық бірлестік, түтыну кооперативі,
қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында және заң қүжаттарында көзделген өзге де нысанда қүрылуы мүмкін (ҚР
Азаматтык кодексінің 34-бабы). Коммерциялық немесе өзге үйымның басқару қызметтерін
атқаратын адам өз өкілеттіктерін осы ұйымдардың заңмен, ережелермен белгіленген заңды
кызметіне, мүддесіне кайшы, өзі кызмет атқаратын коммерциялык немесе өзге ұйымның шеңберінде
жүзеге асырады, ондай іс-әрекет істеу аркылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүддслеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян
келтіріледі. Елеулі зиян - моральдық, мүліктік, ұйымдастырушылык залалдардың жиынтығы. Елеулі
зиян
азаматтардың; ұйымдардың занды қүқықтары мен мүдделеріне, сондай-ақ қогамның
мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілуі мүмкін. Келтірілген зиянның елеулілігі
қылмысты іс-эрекеттің жасалу ерекшеліктеріне, мэніне, одан туындаған зардаптың көлеміне,
жэбірленушілердің санына, олардың экономикалық жағдайларының нашарлауына байланысты
нақты
жағдайларға карап тергеу, сот органдары арқылы дер- бес анықталады.
Істелген іс-әрекет пен келтірілген елеулі зиянның арасын жалғастыратын себепті бай- ланыс
болуы шарт. Себепті байланыстың болмауы қылмыс кұрамының орын алмауын көрсетеді.
Қылмыстық кұкық бұзушылык құрамы материалдық. Өкілеттіктерді асыра пайдалану аркылы
басқару қызметтерін атқаратын адамның азаматтың немесе үйымның қүкықтары мен заңды
мүдделеріне не коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген
уақыттан бастаи қылмыстық кұкық бүзушылык аякталган деп та- нылады.
Субъективтікжагынағі
қылмыстыққұкықбұзушылықтікелейқасақаналықпенжәнеар-
наулы
мақсатпен істеледі. Кінәлі адам өз өкілеттіктерін осы үйымның занды мүдделеріне қарсы
пайдаланғанын сезеді және өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пай- да мен
артыкшылықтар алу үшін басқа адамдар мен үйымдарға зиян келтіруді тілейді.
Қылмыстык күқык бұзушылықтың субъектісі - арнаулы субъект.
Коммерциялық жэне өзге
ұйымдарда басқару қызметін атқаратын адам Қылмыстық кодекстің 3-бабынын 19-тармагына
сәйкес, «коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару функцияларын орын- дайтын адам -
мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттік үлесі елу пайыздан асатын
ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты. уақытша не ар- найы өкілеттік бойынша
ұйымдастырушылық - өкімдік немесе экімшілік-шаруашылық міндеттерді орындайтын адам» - деп
көрсетілген. Осы анықтамада айтылған ұйымдық- өкімдік немесе экімшілік-шаруашылык
міндеттерді атқару ұғымы Қылмыстык кодекстің 361-бабындагы осындай ұғымдармен ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: