575
эрекеттері жатады.
Қылмыстық қүқық бұзушылық құрамы материалдық. Қылмыстың
объективтік жағының
міндетті белгісіне қылмыстың зардабы (ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе
ағаштарды жою немесе зақымдау) жатады. Іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс
анықталуы қажет.
Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1-тармағында қылмыс субъективтік
жағынан кінэның
абайсыздық түрі арқылы жасалады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 341-бабының 2-тармағында көрсетіл-ген қылмыстың объек- тивтік жағы
ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауіпті
әдіспен не зиянды заттармен, қалдықтармен немесе қоқыстармен ла- стау салдарынан қасақана жою
немесе зақымдау арқылы сипатталады.
Мұндағы ормандарды жою мен бүлдірудің тэсілдеріне - өртеумен
бірге өзге де қауіпті эдіс
(жарылыс жасау, су жіберу) қолдану немесе зиянды заттармен, қалдықтармен, қоқыстармен ластау
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: