Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш



Pdf көрінісі
бет491/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік 
керсеткішке 
дейінгі 
мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде түзеу жумыстарына не үш жүз 
сагатқа 
дейінгі 
мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не тоқсан тәулікке дейінгі 
мерзімге 
қамаққа алуга 
жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші беліктерінде кезделген, қылмыстық топ 
жасаган іс-әрекеттер
 -
 
екі жылдан бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстык кұкық бұзушылыктың объектісі - ормандар мен бұталарды қорғау және тиімді 
пайдалану аясындағы қатынастар. 
Қылмыс үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, 
орман қорына кірмейтін жэне кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою 
немесе закымдау, сол сиякты орман дакылдарын, орман питомник- тері мен плантацияларындағы 
егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ак орман- дарды молықтыру мен орман өсіруге 
арналған алаңдарда өзі өсіп шықкан шыбыктарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді 
жою немесе зақымдау арқылы істеледі. Осы қылмыстар ауырлататын түрі - Орман қорына кіретін 
ағаштарды жэне бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау болып табылады (ҚК-тің 340-бабы 2-
тармағы). 
Қылмыстык құқық бұзушылыктың заты - барлык топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман 
корына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынган бұталар. 
Орманның құқықтык ережелері Қазақстан Ресиубликасының 2003 жылғы 8 шілдеде 
кабылданған Орман кодексіндебелгіленген. Барлықормандаржәнеорман шаруашылыгын жургізуге 
берілген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорына жатады. 
Орман қорына ауылшаруашылық жерлерін қорғайтын орман қондырғылары немесе басқадай 
ағаштар мен бұталар; темір жол, автомобиль жолы жэне каналдарды қоргап тұратын орман 
белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы 
жэне саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді. 
Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, элеуметтік- экономикалык 
кызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топка бөлінеді. 
Бірінші топқа суды қорғайтын омандар (өзен, көл, бөгет және басқа су қоймаларының я 
ағалауларын корғайтын орман белдеулері); санитарлық-гигиеналық жэне сауыктыру орындары
қорықтар мен корыктық аймақтар, ұлттық жэне тарихи табиғи парктердегі ормандар, ерекше құнды 
орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, генетикалык резервтер мен табиги ескерткіштер, 
жаңгақ кәсіпшілігі аймағының ормандары, биік таулардагы ормандар жатады. 
Екінші топтагы ормандар катарына таулы аудандардағы пайдаланылу маңызы шекте- улі 
ормандар жатады. 
Қылмысты іс-әрекет объективтік жағынан алғанда барлық топтагы ормандарда агаштар мен 
бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін агаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сиякты өсуін 
тоқтату - зақымдау, бұл әрекеттер ірі залал келтіру аркылы сипатталады. 
Орман ағаштары мен бұталарын, сондай-ақ оларға кірмсйтін басқа да агаштар мен бұталарды 
кесу арнаулы рұқсат құжаттардыц: лицензияның, ағаш кесу билетінін, ордердің, орман билетінің 
негізінде жүзеге асырылады. 
Заңсыз ағаш кесу деп Қазақстан Республикасының орман қорындағы ағаштарды, бұталар мен 
шырмауық тұқымдас өсімдіктердің барлык тобын, оның ішінде 
өрттен 
зақымдангандарын, агаш кесу 
билетінсіз кесуді; ағаш кесудің қолданылып жүрген ереже- лерін көрінеу бұза отырып алған орман 
кесу билеті бойынша кесуді, билетте көрсетілген учаскелерден тыс немесе оның шекарасынан тыс 
жерде жүзеге асырылган агаш кесуді; ағаш кесу билетінде белгіленген мөлшерден астам агаш кесу 
немесе агаш кесудің түріне жатпайтын ағаштарды, сондай-ақ бүталар мен шырмауык тұкымдас 


574
 
өсімдіктерді кесуді; агаш кесу билетінде белгіленген мерзімді бұзып ағаш кесуді жэне ҚР Орман 
кодексінің 
113- бабы 1-тармагының 4) тармақшасында белгіленген өзге ережелер мен баска да нормативтік-
кұқықтық актілерді бұзу деп түсінген жөн (ҚР Жогаргы Сотының 18 мау- сым 2004 жылгы №1 
нормативтік қаулысының 5-тармағы). 
Қылмыстык кұқық бұзушылық құрылысы жөнінен материалдык құрамга жатады. Ол заңда 
көрсетілген әрекеттер ірі залал экеліп соккан жагдайда аякталган деп саналады. Қылмыстық 
кодекстің 288-бабының ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі 
залал деп танылады. Іс-эрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы 
қажет. 
Қылмыстык құкық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасаканалыкпен істе- леді. 
Қылмыстык құкык бұзушылык субъектісі - 16-ға толган адам. 
Қылмыстык кодекстің 340-бабының 3-тармагында осы қылмыстың ауырлататын түрі: барлық 
топтағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесу- ге тыйым 
салынган ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін токтату үшін зақымдау, егер бұл 
әрекеттер: 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 
1) бірнеше рет; 
2) адам өзінін қызмет бабын пайдалана отырып; 
3) ірі залал келтіре отырып; 
4) ерекше коргалатын табиги аумақтарда жасалган іс-әрекеттер. Бірнеше рет жасалған 
қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында, адамның қызмет бабын пайдаланып істегені үшін 
жауаптылығы ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында көрсетілген. Ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 3-
бабының 38-тармагында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет