Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§7. Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы



Pdf көрінісі
бет493/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§7. Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы 
қылмыстар 
339-
6 а п. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және қурып кету қаупі төнген, 
сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөлік- терімен 
немесе дериваттарымен заңсыз айналысу 
Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін жене қурып кету ңаупі төнгеи 
түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануга тыйыи 
салынған есімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын 
заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, акелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, 
сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою
-
 
уш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мелшерде 
түзеу жұмыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол 
мер■ зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектІсІ - құрып кету қаупІ төнген жануарлар мен 
өсімдіктердің қоргалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - Қазақстан Республикасының Қызыл кіта- бына 
енгізілген жануарлар мен өсІмдіктердің сирек кездесетін түрлерІ жэне олар мекен- дейтін жерлер. 
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жагынан алғанда Қазақстан Рес- публикасының 
Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек 
кездесетін 
және құрып кету каупі 
төнген түрлерін немесе олар мекендейтін орындарды заңсыз ол- жалап алу, өткізу, сақтау, өткізу, 
әкелу, әкету, сынып жіберу, тасымалдау немесе сактау сондай-ақ оларды жою аркылы сипатталады. 
Қазакстан Республикасының Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін, 
кұрып кету қаупі төнген түрлері жазылады. Оларды заңсыз олжалауга, алуға, өткізуге, сондай-ақ 
жоюға заң мүлдем тыйым салады. 
Қызыл кітапка жазылған жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін орындарына - жануарлар 
мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің өсіп-өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. 
Мысалы Қорғалжын аумағы - аққулар мекендейтін орын. Каспий жагалауы - ерекше сирек құстар 
мен балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кезде- сетін түрлері өсетін - Тянь-Шань шыңы т.б. 
Қылмыс кұрамы кұрылысы жөнінен материалдық. Ол занда көрсетілген зардаптың сирек 
кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз олжалау, алу, өткізу неме- се жою 
әрекеттерінің біреуін, сол сияқты олардың мекендейтін жерлеін жою істеген уакыттан аякталған деп 


576
 
танылады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылык субъективтік жағынан тікелей касаканалыкпен істе- леді. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет