Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет414/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Аңшылық қарулар:
а) ойык ұңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің 
ұзындығы 140 милиметрден аспайтын атыс қаруы; в) аралас (ойық жэне те- гіс ұңғылы), оның 
ішінде алмалы-салмалы жэне жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы; 
Г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын иневматикалық қару; д) сүқпа суык кару; и) белгі беретін 
кару. 
Қызметтік қаруга
мемлекеттік органдардың мемлекеттік кызмет туралы заңға сэйкес қызметі 
мемлекеттік қызметшілердің жоғары және бірінші санаттарына жатқызылган лауазымды 
адамдарының, 
Қазақстан 
Республикасы 
Парламенті 
депутаттарының, 
судьялардың, 
прокурорлардың жеке басының, сондай-ақ ұйымдардың оларға заңмен жүктелген немесе өз 
жарғыларында (ережелерінде) көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті корғау, 
қоршаған орта объектілерін жэне табиғи ресурстарды, бағалы жэне қауіпті жүктерді, арнаулы 
корреспонденциялардың қауіпсіздігін камтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналган қару 
жатады. Қызметтік қаруға қыска үңғылы те- гіс және ойық ұңғылы атыс каруы, сондай-ақ ұзын 


504
 
ұңғылы тегіс жэне ойық ұңғылы кару жатады. Қызметтік кару түйдектете ок атуды болгызбауы тиіс. 
Қызметтік қару патрон- дары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай 
болуы қажет. 
Газды қару
- қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға 
негізделген кару; Электрлі қару - қолданылуы электр зарядының күшіне негізделіп арнайы 
бейімделген тетік. 
Пневматикалық қару
- нысананы зақымдайтын құралы сызылған, сұйытылған неме- се 
қатайтылған газдық қуаты есебінен бағыты қозғалыс алатын қару. 
Белгі беру қаруы
- дыбыс, жарык және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын 
кару- 
Лақтырылатын қару
- нысананы тікелей зақымдайтын құрал адамның бұлшық еті күшінің 
немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып қозғалысқа түсетін қару. 
Оқ-дәрі (патрондар)
- конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін жэне 
нысананы закымдауға арналған кұрылғылар немесе заттар. 
Ок-дәрілер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын баска да химиялык 
заттар мен жарылғыштық қасиетке ие, оларды алуға немесе сақтауға ар- найы рұқсат талагі етілетін 
коспалар - жарылғыш заттар деп аталады. Жарылгыш құрылғыларға эр түрлі зарядтардың күшімен 
(соның ішінде радио жарылыстар арқылы да) нысананы құртатын, зақымдандыратын құралдар 
жатады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы заңда көрсетілген заттарды немесе 
құрылгыларды заңсыз алу, біреуге беру, өткізу, сақтау тасымалдау немесе алып жүру аркылы 
сипатталады. 
Бұл жерде көрсетілген заттарды алу деп каруды сатып алу, қаруды сыйлык, марапат ретінде 
заңсыз алулар жатады. Осы заңсыз иеленген заттарды бөтен адамға уакытша не- месе мэңгілікке әр 
түрлі тәсілдерді қолдана отырып өткізуді біреуге беру деп айтамыз. 
Өзінде заңсыз сакталған осындай заттарды біреуге сату, айырбастау немесе тегін беру оны 
өткізу деп танылады. Көрсетілген заттарды кінэлінің сол күйінде ұстап тұруы оны сактау деп 
саналады. Көліктің барлық түрі бойынша көрсетілген заттарды кеңістікте алып жүру оны 
тасымалдау деп танылады. 
Атыс қаруын, ок-дәрілерді, жарылгыш заттар мен жарылгыш құрылғылардын кінэлінің тікелей 
өз бойында болуы оны алып жүру деп танылады. 
Осы қылмыстык кұқық бұзушылык құрамы үшін жауаптылыктың негізгі шарты - атыс каруын, 
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылгыш құрылғыларды алу, беру, өткізу, сактау, 
тасымалдау немесе алып жүру заңсыз, яғни тиісті мемлекеттік органдардың, лауазым адамдарының 
рұксатынсыз істелуі керек. 
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық жэне осы Қылмыстык кодекстің 287-
бабында көзделген эрекеттердің біреуін істегеннен кейін-ақ аяқгалған деп танылады. 
Субъективтік жағынан қарастырылып отырылған қылмыстық құқық бұзушылық тікелей 
қасақаналықпен жасалады. Адам заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе 
құрылғыларды алғанын, біреуге бергенін, өткізгенін, сақтағанын, тасымалдағанын немесе алып 
жүргенін сезеді жэне соны тілеп, заңға қайшы әрекеттер істейді. 
Қылмыстық құқық бұзушылықгың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық 
кодекстің 287-бабының 2-тармағында жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз 
атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның 
патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру - үшін 
жауаптылық, ал баптың 3-тармағында: 
Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), ок-дәрілерді, жарылғыш заттарды 


505
 
немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымал- дау немесе алып 
жүргені үшін осы баптың 4-тармағында - осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының 
алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасалған іс-әрекеттерге ал баптың соңғы 5-
бөлігінде - осы баптың үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-
әрекеттер - үшін қылмыстың аса ауырлататын түрлері үшін қылмыстық жауаптылық белгілерге ҚК-
тің 287-бабының ескертуіне сэйкес - осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, 
егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықган босаты- лады. 
Адамды ұстап алу кезінде, сондай-ақ осы бапта көрсетілген заттарды табу жэне алып қою жөніндегі 
тергеу эрекеттерін жүргізу кезінде алып қою оларды өз еркімен тап- сыру деп танылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет