Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг



Pdf көрінісі
бет64/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

121-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг
1. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың
денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйін бақылаудың, оларға
талдау жасаудың, бағалау мен болжам жасаудың, сондай-ақ халықтың
денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторлары әсері
арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың мемлекеттік
жүйесі болып табылады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің 
мемлекеттік органдары мен ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 
белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
122-бап. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың
улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттік аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының 
алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің 
құжаттарында көзделген санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, соның 
ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу іс-шараларын, оның 
ішінде карантин енгізуді, өндірістік бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және 
паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды 
медициналық қарауды, профилактикалық егулерді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды 
жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
2. Санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамыту және 
өзге де өңірлік бағдарламаларға енгізілуге тиіс.
3. Жұқпалы, паразиттік аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттік 
аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар және бактерия таратушылар 
оқшауландырылуға және емделуге тиіс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық 
қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделеді.
4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы жұқпалы, паразиттік аурулармен 
ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет