Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы


Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап оны сақтандыру мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге



бет2/4
Дата09.07.2016
өлшемі351 Kb.
#188150
1   2   3   4

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап оны сақтандыру мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының дейiн өткен мерзiм мөлшерi (жылдық сақтандыру  сыйлықақысынан процент есебiмен)

1

2

3

1

15 күнге дейiн, қоса алғанда

15

2

16 күннен 1 айға дейiн, қоса алғанда

20

3

1 айдан 2 айға дейiн, қоса алғанда

30

4

2 айдан 3 айға дейiн, қоса алғанда

40

5

3 айдан 4 айға дейiн, қоса алғанда

50

6

4 айдан 5 айға дейiн, қоса алғанда

60

7

5 айдан 6 айға дейiн, қоса алғанда

70

8

6 айдан 7 айға дейiн, қоса алғанда

75

9

7 айдан 8 айға дейiн, қоса алғанда

80

10

8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда

85

11

9 айдан 10 айға дейiн, қоса алғанда

90

12

10 айдан 11 айға дейiн, қоса алғанда

95

13

11 айдан жоғары

100

 

 


16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сақтанушы:

1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі - дерекқор) қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан мiндетiне сақтанушы жөніндегі мәлiметтердi деректер базасына енгізу кiретiн сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң деректер базасында бар екендiгi туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;

2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жәбiрленушiнің мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;

4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;

5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;

6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;

7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сақтанушы:

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  1) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзi, сақтандыру полисiне енгiзiлген әрбiр сақтандырылушы, көлiк құралы (көлiк құралдары), қосарланған сақтандыру, көлiк құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға берiлген құқық туралы өтiнiшке енгізу үшiн қажеттi мәлiметтердi және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға;

2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;



2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;



2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерi жауапкершілігiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;

5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;

2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;

7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;

8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.

 

17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi



2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сақтандырушы:

1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;

2) тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;



3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;

4) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;

6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сақтандырушы:

1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;

2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;

3) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;

5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткiзуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтiнiшiн алған күнiнен бастап жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы жазбаша мәлiметтi беруге;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша  өзгертілді  

6) осы Заңда белгіленген мерзімде және тәртiппен сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6-1) сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетiспейтiн құжаттар туралы оны кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;

7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;

8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; 9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

 

18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары



2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жәбiрленушi:

1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;



2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) кез келген медициналық мекеменiң қызметiн пайдалануға;

4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен аталған адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;



2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi беру жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;

5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;

6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;

7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.



2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды



18-1-бап. Тәуелсiз сарапшыны аккредиттеу ережесi

1. Өтiнiш берушi аккредиттеуден өту үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;

3) өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi - дара кәсiпкер үшiн;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) құрылтай құжаттарының көшiрмелері және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

5) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;

6) растайтын құжаттар (мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi) қоса берiлiп, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша мүлiктi бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар кемiнде екi қызметкердiң штатта бар екендiгi туралы мәлiметтер (заңды тұлғалар үшiн).

2. Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнiнен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердiң тiзiмiн ұсынады.

3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру туралы шешiм немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтiнiш табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

4. Аккредиттеу туралы куәлiк қолданылу мерзiмi шектелместен берiледi.

5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы уәкiлеттi органда аккредиттеуден өту үшiн бас тартуға негiз болып табылады.

6. Уәкiлеттi орган мынадай:

1) аккредиттеуге табыс етiлген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;

2) бағалаудың уақтылы жүргiзiлмеуiнiң және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептiң уақтылы жiберiлмеуiнiң екi және одан да көп фактiсi анықталған;

3) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;

4) бүлiнген мүлiктi бағалау кезiнде уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме сақталмаған;

5) тәуелсiз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;

6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.

7. Аккредитеу туралы куәлiк мынадай:

1) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;

2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсiпкер банкрот болған;

3) аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ерiктi түрде тоқтату туралы өтiнiш ұсынылған;

4) уәкiлеттi органның аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерi жойылмаған;

5) аккредиттеу туралы куәлiк бiрнеше рет (соңғы он екi ай iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тұлғада тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екi жыл iшiнде аккредиттеуден өту мақсатында уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет