Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі


Түсіндірмелік хаттың толтырылу реті



бет23/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ВВТ лекция каз (1)

3.3.4. Түсіндірмелік хаттың толтырылу реті
Студент курстық жұмыс жазғанда назарын оның мағынасына ғана емес, жобалық құжаттаудың толтырылу ретіне аударуы қажет.
Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы екі бөлімнен тұрады: түсіндірмелік хат және сызба. Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы 1-2 А1 форматтағы сызба мен 20-30 беттік түсіндірмелі хаттан тұрады.
Курстық жобаға кіретін сызба қарындашпен орындалады немесе жақсы сызба қағазында (ватманда), плоттерде сызылады. Ереже бойынша А1 форматтағы қағаз алынады. Бұл форматты қолдануда және оны бірнеше ұсақ форматтарға (А2, А3, А4 және т.б.), сондай-ақ қосымша форматтарды қолдануда бөлу сызығы ЕСКД-ға сәйкес өлшемде орындалады.
Сызбаның әрбір форматында рамка болуы қажет: сол жағынан 20, оң, төменгі, жоғарғы жағынан 5мм болу керек.
Әрбір беттің оң жақ төменгі бөлігінде бұрыштық мөр (негізгі жазба) басылады. Сызбадағы барлық жазбалар мен сандар сызылуға қатысты стандартта жазылуы керек, сонымен қатар сандар мен әріптердің қалыңдығы, қисаюы, әріптер, сөздер және жолдар арасындағы арақашықтығы стандартқа сәйкес болуы керек. Студент сызбада жазу жазғанда оқулықтарда, анықтамаларда және «Сызбалар және машинажасау» жинағындағы ГОСТ-да берілген қаріптердің үлгісін қарастыруы керек.
Сызбаларды сәйкес инженерлік программаларда орындау ұсынылады: "AutoCad", "Компас"," CorelDraw " және т.б.
Қорғауға ұсынылған барлық сызбаларда студенттің және жоба жетекшісінің қолы қойылуы қажет.
Студенттің түсіндірмелік хаты 210 X 294мм (А 4 форматта) өлшемдегі қатты қағазда орындалуы керек. Мәтін беттің тек бір жағында жазылады.Беттің сол жағынан 20мм, оң жағынан 5мм қалдырылады.
Тақырыптар үлкен қаріппен теріледі. Хат сауатты жазылуы керек. Сонымен қатар хаттың әдебиеттік стиліне көңіл аудару қажет. Хатта қысқарған сөздер болмауы керек.
Түсіндірмелік хат жобаның негізгі техникалық құжаты болып табылады. Онда жобаның барлық бөлігінің есептемелері мен түсіндірмелері болуы керек.
Түсіндірмелік хаттағы материалдың құрамы мен орналасу ретін мынадай түрде ұсынуға болады:

  • Титулдық бет;

  • Курстық жоба тапсырмалары ;

  • Алғы сөз (мазмұны);

  • Кіріспе;

  • Теориялық (аналитикалық) бөлімі;

  • Техникалық бөлімі;

  • Экологиялық бөлімі (еңбекті қорғау және кәсіпорындардың техникалық қауіпсіздігі);

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • Қосымша;

  • Жобаның ведомості.

Түсіндірмелік хат компьютерде 14 қаріппен теріледі, интервал – біржарым.


Курстық жобалау тапсырмалары қосымшада келтірілген бланк түрінде беріледі.
Алғы сөз жобаның бет нөмірі бойынша көрсетілген бөлімдердің тақырыптарын қамтиды.
Кіріспе көлемі бойынша көп болмауы керек (1-2 бет). Онда жобаның негізгі мақсаттарымен есептері көрсетіледі. Кіріспе мазмұны міндетті түрде курстық жобаның жұмысына қатысты болуы керек. Егер кіріспеде тарихи мәліметтер,қандайда бір сандар берілсе ол жобаға қатысты болуы керек.
Қолданылған әдебиет тізімдері жобалау кезіндегі студенттің пайдаланылған негізгі кітаптары мен журналдардағы мақалаларының, сондай-ақ Интернет сайттарынан тұрады. Тізімде қолданылған кітап аты, автордың аты-жөні, баспа мен шыққан жылы көрсетілуі керек. Журнал мақалаларында мақала авторы, шыққан жылы, журнал нөмірі жазылады.
Все данные, на которых основываются расчеты, объяснения или доказательства того или иного положения, должны в пояснительной записке иметь ссылку на соответствующий ГОСТ, учебник, книгу, журнальную статью или какой-либо другой офи­циальный источник с указанием автора, названия, года издания и страницы. Если этот материал указан в списке использованной литературы, можно вместо названия указывать в (квадратных) скобках циф­ру, соответствующую порядковому номеру в списке.
Түсіндірмелік хаттар кестелерінде, графиктерінде және сызбаларында есептеулер мен әртүрлі сандық мәліметтер қолданғанда студент бірлік өлшемді көрсетуді ұмытпауы керек.
Хат аяқталғаннан кейін және студент пен жетекшінің ұқыпты тексеруінен кейін барлық беттер арнайы папкаға тіркеледі. Папкаға жобаның орындалған жылы, группасы, фамилиясы, студент аты-жөні және курстық жобаның тақырыбы көрсетілген жазба жабыстырылады. Осыдан кейін түсіндірмелік хатқа студент пен жетекшінің қолдары қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет