Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі


Кеңестерді жүргізу әдістемесі



бет24/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ВВТ лекция каз (1)

3.4. Кеңестерді жүргізу әдістемесі
Студент міндетті түрде жоба жетекшісінің кеңесіне келуі керек. Әрбір кеңеске қатыспау сабаққа қатыспау ретінде қаралуы қажет.
Курстық жоба бойынша кеңес оқу жоспарының көлемінде және сабақ кестесіндегі жоба жетекшісінің сағаттарына сәйкес өткізіледі.
График-жоспар бойынша курстық жоба жетекшісі әрбір студенттің жобаны орындауын қадағалау керек. Кредиттік оқудағы студенттер үшін семестр бойы 2 рет аттестация өтеді.
5.5. Курстық жобаны қорғау реті

Курстық жобалаудың барлық ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстары кафедра меңгерушісіменде қадағаланады. Кафедра меңгерушісі мен жоба жетекшісі дипломдық жоба бойынша тәжірибесі және білімі бар маман болуы керек.


Кафедра меңгерушісі курстық жобалауға жалпы жетекшілік етеді, сондай-ақ:



Кафедра меңгерушісі міндетті:

  • Курстық жобалауды, кеңестің жүргізілуін және студнттердің қатысуын қадағалауға;

  • Курстық жобаны дайындауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау және орындалған жұмыс көлемінің көрсетілген тапсырма графигімен сәйкес келуін қадағалауға.

Курстық жобаның жетекшісі міндетті:



  • Курстық жоба тематикасының қалыптасуына қатысуға;

  • Курстық жобалаудағы студенттерге тапсырмалар құрастыруға және беруге;

  • Курстық жобамен жұмыс жасауға студенттерге негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімін беруге;

  • Диплом алдындағы практикада студенттердің үйренетін және зерттейтін негізгі сұрақтарын құрастыруы керек;

  • Курстық жобалау сұрақтары бойынша кеңес өткізу бекітілген графикке сәйкес келуі қажет;

  • Түсіндірмелік хатты бөлімдерінің дайындығы мен мазмұнын және жабаның графикалық бөлігін және бекітілген график бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеруге;

  • Курстық жобаның сапасын тексеруге және дайындығын бақылауға қатысу;

  • Жобаның жалпы бағытын анықтауға, тапсырма көлемінің сәйкестігін және әдістемелік көрсеткіштер мен нормативтердің орындалуын қадағалауға.

Курстық жұмыспен уақытта студенттерде үлкен жауапкершілік, тәртіптілік және жұмыс істегіштік қасиеттермен ерекшелену керек. Күн тәртібі режимін қатаң қадағалау, жобамен жұмыста мақсатты жүйелік бағыттылық, үнемі кеңестерге қатынасу – курстық жобаны қазіргі заманғы сай және дұрыс дайындалуының, студенттің жобаны жақсы қорғауының маңызды шарттары.
Курстық жоба үшін әр оқу орнында арнайы жабдықталған кабинет болуы қажет, онда қатаң орнатылған график бойынша жетекші кеңестер жүргізу қажет. Кабинет жұмысына бақылау және кеңесберушілердің кезекшілік графигі бойынша келуін кафедра меңгерушісі қадағалайды
Студент тапсырмалармен орнатылған мерзімде (қорғауға 5-7 күнен кеш емес) толық көлемде курстық жобаға қол қояды (түсіндірме хатқа және графикалық бөлімнің әрбір бетіне) және жоба жетекшісіне өткізеді.
Жоба жетекшісі курстық жоба бойынша қорытынды береді, онда студенттің дайындық деңгейі және оның практикалық тұрғыдан есептерді шеше алуы бағаланады, сонымен қатар курстық жобаға жалпы баға қойылады.
Жоба жетекшісінің қорытындысында студенке мінездеме болады және оның жобасына келесі сұрақтар бойынша:

  • Жобаның барлық бөлімдері бойынша жобаның орындалуының сәйкестігі (жобаның әлдеқайда нашар және әлдеқайда толық жақтарын көрсету арқылы);

  • Студенттердің жобада есепті шешулерінің технологиялық бағасының дұрыстығы;

  • Студент білімінің теориялық дайындығы және оны практикалық есептерді шешуде қолдануы;

  • Жобада алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми тәжірибелерді қолдануы және есепті шешуге өзінше жзасаған қатынасы.;

  • Жобада қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің экономикалық негізделуі;

  • Түсіндірме хатты және графикалық материалдарды өңдеудің сапасы және есептерді шешудің дұрыстығы;

  • Жобаның практикалық бағалығы жәе оның өндірісте қолданылуы;

  • Курстық жобаның бес балдық жүйедегі жалпы бағасы.



Курстиық жобаны студенттер оқу орнында курстық және дипломдық жобалар бөлмесінде қорғайды.
10-15 минут аралығында студент жобаның мақсаты мен міндеттерін нақты және қысқаша айтып беру қажет, жобалау объектісіне сипаттама беру қажет, онымен қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігі мен негізділігін баяндау және проектінің практикалық мақсаттылығын және экономикалық тиімділігі туралы қорытындылау қажет
Баяндамадан кейін жоба жетекшісі өз қорытындысын айтады және студенке қойылған сұрақтар мен ескертулерге жауап беру үшін сөз беріледі.
Комиссия мүшелері жобаға қатысты және басқа да көлік бакалавры мамандығына қатысты сұрақтарды қоюына болады. Жалпы бағаны жоба жетекшісі қояды және студенке жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет