Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

Электрофильтрлер.
Электрлік тазалау – газдарды шаңнан және тұманнан тазалаудың қазіргі
күндегі бірден-бір түрі. Бұл процесс корондық разряд зонасында газдың
соққылық иондалуына және ион зарядтарының бөліктерге берілуін және
олардың электродтарға шөгуіне негізделген.
Электрфильтрге түсетін ластанған газдар әртүрлі сыртқы әсердің
есебінен иондалған болады, сондықтан олар екі электрод арасында қалып
электр тогын өткізуіне қабілеті бар. Токтың шамасы иондар санымен электрод-
тар арасындағы кернеуге байланысты болады. Кернеу көбейген сайын электрод-
тар арасындағы қозғалыста көп иондар қатысады және токтың шамасы газдағы
барлық иондардың осы қозғалыста қатысуына дейін өседі. Мұнда тоқ күшінің
шамасы кернеудің өсуіне қарамастан тұрақты болып тұрады.
Электродтардағы шаңды жою әдісі бойынша электр фильтрлер құрғақ
және сұйық болып бөлінеді.
Құрғақ электр фильтрлерде электродтардағы шаң сілку жолымен тазарты-
лады. Құрғақ аппараттардың қалыпты жұмысы ылғалдың конденсаттануын
және шаңның дымқылдануын болдырмау үшін қажетті шық нүктесі
температурасынан жоғары тазартылатын газдардың температурасында
қамтамасыз етіледі.
Сұйық электр фильтрлерде шаңды тазалау электродтардан суармалы
сұйықтықпен жуу жолымен жүргізіледі. Тазаланатын газ температурасы шық
нүктесі температурасына жақын немесе одан жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ,
сұйық электр фильтрлері газ ағымдарынан тұман немесе тамшы түріндегі
сұйық бөлшектерді аулауда да пайдаланылады. Электр фильтрлері 400-450°С
температурада газдың үлкен көлемін 0,01 - 100 мкм көлемді шаң бөлшектерінен
тазарта алады. Электр энергиясының шығындары 1000 м

газда 0,36 - 1,8 МДж
құрайды. Электр фильтерлерінің жұмыс тиімділігі шаң мен газдың қасиеттеріне,
аппарат қимасындағы шаңдалған ағын жылдамдығына және т.б. байланысты.
Аппараттағы газ жылдамдығы аз, өріс кернеуі жоғары болған сайын, шаң
жақсырақ тұтылды.
Электр стансаларында орнатылған электр фильтрлеріне қызмет көрсету
мен пайдалану шығындары жалпы шығындардың 3% құрайды.
Электр фильтрлердің артықшылықтары: тазалаудың жоғары деңгейі, кез
келген көлемді бөлшектер тұтылады, кемшіліктері: құны қымбат, тұнған
электродтарды тазалау құрылғысының болуы, электр фильтрінің жұмыс
тиімділігінің тұтылатын шаңның физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.
Фильтрлер.
Кейбір жеткілікті үлкен кернеуде қозғалыстағы иондар мен электрондар
жылдамдығының өсуі соншалықты болып, газ молекуласымен соқтығысып
оларды иондайды, мұнда нейтралды молекулалар оң иондармен электрондарға
айналады. Туындаған жаңа иондар мен электрондар электр өрісімен жылдам-
далып, өз кезегінде газдың жаңа молекулаларын иондайды. Бұл процесс
газдың соққы ионизациясы деп аталады. Газдың соққылық ионизациясы тек
ғана бір текті емес электрлік өрісте, яғни цилиндрлік конденсаторда бір
39


қалыпты жүреді. Фильтрлер өндіріс орындарында вентиляция ауасын зиянды
заттардан сонымен бірге газды зиянды заттардан өндірістік және санитарлы
тазалау үшін қолданылады. Фильтрлер классификациясы фильтрлік өткел
фильтр конструкциясы және оның қолданылуы, тазалау жұқалығына негізделген.
Шаңгазды шығарындыларды тазарту жүйесін топтастыру 7.3 кестеде
берілген.
7.3 кесте - Шаңгазды шығарындылардың тазарту жүйесінің топтастырылуы
Тазарту әдісі
Классификация
Қатты бөлшектерді жою әдісі бойынша
Механикалық
құрғақ
тұндырғыштарды
пайдалану
Тұндырғыш камералар бойынша (жапқыштармен, көлденең сөрелермен,
лабиринттермен, көлбеу сөрелермен); циклон-тұндырғыштар
(тангенциалды кіріспен, осьті кіріспен, топтық циклондар);
мультициклондар (параллельді, кезекті)
Механикалық
сұйық
тұндырғыштарды
пайдалану
Құрылымы бойынша (табақшалы скруббер, қондырмалы скрубберы);
алдын-ала шашатын (скруббер Вентури, шашыратқы және токқа қарсы
скрубберлер, барботажды және көбікті аппараттар); тұндыру типтері
бойынша (гравитациялық, ортадан тепкіш, инерциялық)
Фильтрлеу
Фильт материалдары бойынша (маталы, талшықты, түйіршікті); себілмелі
қабат жағдайы бойынша (қимысыз, қимылды, жалған сұйылтылған,
(суармалы); құрылым түрлері бойынша (жеңді, тегіс ашық мата, сыналы,
каркасты, рамалы); мата регенерация әдісі бойынша (сілку, кері үрлеу);
қондырғыдағы секция саны бойынша (біркамералы, көпсекциялы)
Электрлік
Тұндыру аумағы саны бойынша (бір сатылы, қос сатылы); қима түрлері
бойынша (құбырлы, тікбұрышты); тазарту әдісі бойыша (құрғақ, сұйық);
жұмыс температурасы диапазоны бойынша
Газ тәрізді ластаушыларды жою әдістері бойынша
Абсорбция
Тазартылатын газ түрлері бойынша (HCL, HF, SiF
4
, NY
4
, SO
2
, CL
2
, H
2
S – газ
тәрізді ластаушылар); абсорбент түрлері бойынша (су, сілті ерітіндісі, аз
ұшатын органикалық сұйықтық, темір және цинктің түйіршіктелген оксид
ерітінділері, кобальт, никель және молибден, әк сульфиді); сұйықтарды
пайдалану сипаты бойынша (бір ретті, регенерация); жабдық құрылымы
бойынша (қондырмалы абсорберлер, скруббер Вентури, шашыратқыш,
сұйық электр фильтрі, табақты және шағылдырғышты бағаналар)
Адсорбция
Тазартылатын газ түрлері бойынша (қатты иісті газдар, еріткіш булары,
эфир булары, ацетон булары, пайдаланылған газдар, H
2
S, радиоактивті
газдар, этилен); адсорбент түрлері бойынша (белсендірілген көмір, оксидті
және кремнийлі адсорбенттер, ерітінді сіңірілген сорбенттер); жабдық
түрлері бойынша (адсорбентті ауыстырылмалы контейнерлер, жұқа және
биік қабатты адсорберлер, қозғалмалы сорбентті және сұйылтылған
қабатты адсорберлер, хонографиялық тазартқышты камералар)
Конденсация
Тазартылатын газ түрлері бойынша (шық нүктесіне жақын температуралы
булар, органикалық қосындылар, көмірсутектер); жабдық құрылымы
бойынша (тікелей және жанама байланысты салқындату)
Жағу
Тазартылатын газ түрлері бойынша (органикалық қосындылар, көмір-
сутектер); жану түрлері бойынша (реттелен отын берумен, көпағынды,
алдын-ала араласумен, форсункалар); отын түрлері бойынша (мұнай, газ)
Тазалаудың
химиялық
әдістері
Тазартылатын газ түрлері бойынша (азот оксиді, күкірт оксиді); процесс
спаттамасы бойынша (аммиак қосындыларымен каталитикалық емес
қалпына келтіру, селективті каталикалық қалпына келтіру, аммиак
қосылған электрондар ағынымен сәулелендіру)
40


Өткел типі бойынша барлық фильтрлер төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- зернистік қабатты (қозғалмайтын, еркін жайылған зернистік материялдар);
- кеуекті өткелден жасалған (мата, войлок, резина, пенополиуритан);
- жартылай қатты кеукті өткелден (тоқылған торлар, престелген спиралдар);
- қатты кеуекті өткелден (кеуекті карамика, кеуекті металдар және т.б.)
- бірінші түрдегі фильтрлер газды ірі заттардан тазалау үшін қолданылады.
Фильтр элементтерін әртүрлі маталардан және киіздерден жасайды. 
Жақсы фильтрлеу қабілетіне ие мақта қағазды және жүн маталар болып
табылады, соңғы кездерде синтетикалық маталар да қолданылады. Оның
химиялық және жылулық төзімділігі жоғары және жоғары берікті болып
келеді.
Синтетикалық матаның құны натурал маталарға қарағанда арзан болады.
Оны ыстық газдарды тазалауда қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет