Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

8 дәріс. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану
Дәрістің мазмұны. Литосфераның құрылымы, оның организмдер үшін
ролі. Қазақстандағы жер ресурстарының экологиялық жағдайы. Жер ресурстары-
ның ластануы мен тозуы. Қоқыстардың түрлері келтіріледі. 
Дәрістің мақсаты. Қоқыстардың түрлерімен таныстыру, топырақты
өнеркәсіптік қоқыстардан қорғаудың әдістері туралы білім беру.
Литосфера қоғам мүшелерінің дәулеттілігінің бастапқы материалдық
негізі, өндіріс күштерін орналастырудың және адамдарды қоныстандырудың
кеңістіктік базисі, экономикалық өсудің барлық - еңбек, материалдық-техникалық,
табиғи факторларының қайта орнына келу үрдістерінің қалыпты жүруінің
негізі болып табылады. Топырақ – тірі және тірі емес табиғатқа тән бірқатар
қасиеттерге ие, литосфераның жоғарғы қабаттарында гидросфераның, атмо-
сфераның және организмдердің бірлескен өзара тәуелді әсерінен болатын, ұзақ
қайта құрулардың нәтижесінде қалыптасқан, табиғаттың ерекше қылып
жаратқан дүниесі. Оның негізгі міндеті топырақ қабатының біртұтастығын
сақтау, тұрақты түрде көбейіп келе жатқан халықты тамақпен қамтамасыз ету
үшін жердің құнарлылығын сақтап тұру.
Топырақтың қалыптасуында негізгі роль өсімдіктермен байланысты.
Өсімдіктер әлемі 500 мыңнан артық түрлерден тұрады. Жердің өсімдік
жамылғысының барлық түрлерінің және біздің ғаламшардың табиғи
жаратылыс ресурстарының барлық категорияларының ішіндегі ең құндысы –
ғаламат зор биологиялық фабрика сияқты қызмет атқаратын ормандар болып
табылады, өйткені онда күллі адамзатқа және барлық тіршілік иелеріне өмір
сүруге мүмкіндік беретін оттегінің түзілуі тұрақты болып жатады. Жылына бір
гектар орман 3-тен 5 тоннаға дейін оттегін шығарады, 6 тонна көмір қышқыл
газын сіңіреді, 30-60 тонна шаңды қондырады. Ормандардың үстінде басқа
жерлерге қарағанда жауын-шашын 10-30%-ға көбірек (олардың үстінде
конденсацияның көп болуына байланысты) жауады. Кез келген орман
41


топырақтағы судың қорын 1,5-2 есе (қардың көп тоқтауынан) арттырады,
судың жер бетін шайыуын 10 есеге дейін азайтады, суды тазартады (оның
мөлдірлігін арттырады, түсін, исін жақсартады). Орман – ағаштың, химия,
тамақ, медицина өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттың қоры.
Еуразияның орман ресурстық потенциалы ең жоғары көрсеткішке ие:
онда дүние жүзі ормандарының 40%-дайы, ағаш қорының 42%, оның ішінде
ең құнды ағаш түрлерінің 2/3 бөлігі шоғырланған. Қазақстан ормандардың
аздығымен сипатталады – 3,7%, ал тек қана егістіктерді қорғау үшін ғана 2-4%
орман қоры болуы керек.
Қазақстан жерінің топырақ жамылғысы. Қазақстан Республикасының
орманды дала, дала, шөл және шөлейт аймақтан тұратын территориясы, жер
көлемі жағынан дүние жүзінде 9-шы орын алады. Қазақстан топырағының
әралуандығы оның енділік аймақтылығына, климаттың батыстан шығысқа қарай
күшейуіне, территориясының әр бөліктерінің геологиялы - геоморфологиялық
ерекшеліктеріне байланысты. Қазақстан Республикасының жер ресурстары,
оларды тиімді пайдаланып және үнемі жақсартып отыратын болсақ, онда, ішкі
және экспорттық қажеттіліктерімізді толық қанағаттандырарлықтай мөлшерде
ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді қамтамасыз ете алады.
Литосфераның жоғарғы қол жетерлік бөлігін жер қойнаулар деп атайды.
Егер топырақ – литосфераның аздап болса да қайта оңалатын бөлігі болса, жер
қойнаулар – қайта оңалмайтын бөлігі. Одан пайдалы қазбалар қазылады,
сақталынады, арнайы құрылыстар орналастырылады және ерекше жағдайларда
қалдықтар көміледі. Пайдалы қазбаларды өндіруші кәсіпорындар қойнаулардың
минералдық ресурстарының бірінші кезекті тұтынушылары болып табылады:
халық шаруашылығындағы пайдаланатын түрлеріне қарай оларды қуат
көздері, кен орны, тау-химиялық, темір кенді емес механикалық, құрылыстық,
гидроминералдық (жер асты сулары) деп бөледі.
Жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд тонна кен, құрылыс материалдары,
отын (4 млрд тонна мұнай мен газ, 2 млрд тонна көмір), қазып шығарады, 92 млн
тонна минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн тонна улы заттар шашылады.
ТМД елдерінде тек қана жер қойнауынан алынатын тау массалары 20 млрд
тоннадан асады, бірақ сол минералдық шикізаттың үштен бірі ғана шаруашы-
лықта айналымға жіберіледі, дайын өнім өндіруге қазып алынған пайдалы
қазбалардың 7% ғана жұмсалады, ал қалғанының бәрі қалдыққа кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет