Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Төтенше жағдайлар кезінде экономикалық объектілердің



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

13 дәріс. Төтенше жағдайлар кезінде экономикалық объектілердің
тұрақтылығы. Төтенше жағдайлардағы тұрғындарды қорғау тәсілдері
мен негізгі принциптері
Дәріс мазмұны. Төтенше жағдайларда шаруашылық объектілердің
жұмыс істеу тұрақтылығына әртүрлі факторлардың әсер етеуі, тұрғындар мен
шаруашылық объектілерiн қазіргі заманғы талқандау әдістерінен қорғау
ұйымдарының негiзгi қағидалары келтіріледі.
Дәріс мақсаты. Өндірістік объектінің тұрақты жұмыс істеуінің, оған әсер
ететін жағдайларды оқып білу. Ұйым жұмысының тұрақты негіздерін қамту.
ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі
міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік
объектілердің жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған
нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып
табылады.
Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру
мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар
негізгі себептерге қатысты:
- өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің
әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі,
сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі; 
- негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар оларды
жаңарту қарқынының төмендеуі;
- өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар
мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен
қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы
- шарасыз заңдық және нормативтік бағы ТЖ қауіпсіздігін және
ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін
жеткіліксіз пайдалану;
- мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының
талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
- әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болу ықтималдығы.
Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның
төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы
өнімдерді шығаруға авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті
қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.
Төтенше жағдайларға шаруашылығы объектілердің жұмыс істеу
тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді
зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының
62


бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі;
объектінің инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы
ықпалға қарсы тұру қабілеті, объектілі өндіріс үшін барлық қажетті өніммен
(шикі зат, отын, электрэнергия, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің
сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құдірет немесе тәртіп деңгейі,
объектінің сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен
АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; объектіні күрделі және өзге шұғыл,
сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.
Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру
жолындағы шаруашылық объектінің тұрақты жұмыс істеуінің негізгі
талаптарын анықтайды.
Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ)
нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындағы
норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік
құжаттар негізінде қаланған.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу
саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
- ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты
белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
-төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары
қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша
шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
- авариялардың пайда болу кауіпін, кайталана зақымдану ошағын
төмендету бойынша шаралар жүргізу;
- азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті,
өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериологиялық
(биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен
ұйымдастыру.
Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған
кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында,
арнаулы әскери экономикалық оқулар өткізіледі.
Тұрғындарды жаудың қазiргi заманғы шабуыл әдiстерінен қорғау ӨҚН-
нің қорғау шараларын максималды жүзеге асырумен, барлық қорғаныс
әдістері мен құралдарын ең жақсы қолданумен жетедi. 
Тұрғындар мен шаруашылық объектілерiн қазіргі заманғы талқандау
әдістерінен қорғау ұйымдарының негiзгi қағидалары мыналар:
- тұрғындар мен шаруашылық объектілерiн ССП-дан қорғау бойынша
шараларды үкімет, министрлiктер және мекемелер жағынан тұрақты басқару;
- ССП-дан қорғану бойынша шаралар елдiң барлық аумақтарында,
барлық қалаларда, елдi мекендер мен объектілерде жоспарланып iске асады;
- тұрғындар мен шаруашылық объектілерiн қорғау бойынша негiзгi
шаралар алдын ала бейбiт уақытта жүзеге асырылады;
- тұрғындар мен шаруашылық объектілерiн қорғау жоспарланады және
өндiргiш күштердiң ел аумағында орналасуын, қалалардың, экономикалық
63


аудандардың, шаруашылық объектілердiң саяси, экономикалық және
қорғаныстық маңыздылығын ескере отырып, дифференциалды түрде
жүргiзiледi:
- ҚР-ның Қарулы Күштері өткiзетiн шаралармен (өзара iс-қимылмен)
тығыз байланыста жоспарланып жүргiзiледi;
- қорғану бойынша шаралар елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуы
бойынша жоспарлармен бір кешенде жоспарланып iске асады.
Тұрғындарды ССП мен ТЖ-дан қорғаудың негiзгi әдiстері мыналар:
1) Тұрғындарға қазiргi заманғы ату әдістерінің қолданғандығы туралы
және төтенше жағдай туралы дер кезінде хабарлау.
2) Тұрғындарды қорғаныс ғимараттарында тасалау.
3) Қауiпсiз аймақта жұмысшылар мен қызметшiлерді жинау және
халықты эвакуациялау.
4) Тұрғындардың жеке және дәрiгерлiк қорғаныс құралдарын қолдануы.
5) Тұрғындарды қорғау негiзгi әдiстер жинағы (жоғарыда көрcетiлген)
мен ССП және ТЖ-дан қорғануды қамтамасыз ететiн әртүрлi шараларды
біріктіру арқылы қол жетедi.
Мұндай шараларға төмендегілер жатады:
- бiрiншi медициналық және дәрiгерлiк көмектi дер кезiнде көрсету.
Қорғану әдiстерi қолданылатын қарудың, ТЖ-дың сипатына тәуелдi болады.
ӨҚН–нің хабарлау жүйесі - бұл ӨҚН басқару органдары мен тұрғындарға
ұйғарымдар мен сигналдарды жеткiзу әдiстері мен құралдары. Хабарлау жүйе
келесi мәселелердің шешiлуін қамтамасыз етедi:
- ӨҚН басқару органдарына олардың дайындыққа келуі туралы
ұйғарымды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде жеткізу;
- ӨҚН басқару пункттерінің әуе қорғаныс басқару пункттерінен жаудың
әуе шабуылы туралы ақпаратты дер кезінде кезiнде алу;
- штабтар және тұрғындарды ӨҚН сигналдары бойынша хабарлау.
Хабарлау радио және теледидар құрылғылары арқылы
ұйымдастырылады. Тұрғындар дер кезінде хабарлау құрылғыларын қосу үшiн
көлiк құралдарының сигналдарын, сонымен қатар кәсiпорындардың сирена
мен дабылдарын пайдаланады. Сиреналардың ұлуы, кәсiпорындардың
үзiлмелi дабылы және көлiк құралдарының сигналы “Назар аударыңыз” деген
ескертпе сигналды білдіреді.
Бұл сигналды естігенде дереу теле және радио қабылдағыштарды қосып,
жергiлiктi билік органдарының немесе ГО, ТЖ штабтарының шұғыл
хабарландырыуын тыңдау керек. Ары қарай әрекеттер олардың нұсқауымен
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет