Дәріс мақсаты. Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің
ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шараларды білу.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер
сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен
болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу
түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулі мен жер астының
қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге
ғалымдар жер сілкінісі қашан, қанша уақыт болатынын және қандай зардап
әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сесмикалық станциялардың көрсетулері
– дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте
жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, каналдар, тоғандар мен
басқа да инженерлік ғимараттар, су
құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі
бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау
жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су
жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде
теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыстарды
үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның
әсерінен болатын апаттар
көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр
аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймаққа 6 миллионнан астам халық
тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық
өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Манғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта
орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын
үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер,
гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және
су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан.
Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді
кейбіреуінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.
Инженерлік желілер мен коммуникациялардың
жер сілкінудің салдарынан
бұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан
шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама
есе асып түседі. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның
экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б.
шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың
уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы
65
басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй
тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетуіне,
жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің
нәтижесінде адамдардың
ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады. Жер сілкінісі салдарының аса ауыр
түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар
жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда
болады. 14.4 кестеде жер сілкіну күшінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
14.4 кесте - Жер сілкіну күшінің қысқаша сипаттамасы
Б
ал
л
Жер сілкіну күші
Қысқаша сипаттама
1
Елеусіз сілкіну
Сейсмикалық апаттар ғана тіркейді
2
Өте бәсең сілкіну
Толық тыныштық жағдайда жеке адамдар сезеді
3
Бәсең сілкіну
Халықтың
шағын бөлігі ғана сезеді
4
Елеулі сілкіну
Үй ішіндегі бұйымдардың, ыдысаяқтар мен
терезе шыныларының ақырын шайқаулы мен
дірілінен, есік пен қабырғаның сықырлауынан
байқалады
5
Біршама күшті
сілкіну
Үй шайқалып мебельдер дірілдейді. Терезенің
шынылары мен қабырғаның сылақтарында
жарықшақ пайда болады. Ұйықтап жатқандар
оянып
кетеді
6
Күшті сілкіну
Барша жұрт сезеді. Үйдің қабырғаларынан
суреттер құлап түседі. Сылақтың жеке
кесектері опырылады, үйлер жеңіл
зақымданады
7
Өте күшті сілкіну
Тас үйлердің қабырғаларында жік пайда
болады. Антисейсмдік, сондай-ақ ағаш үйлер
қирай қоймайды
8
Қиратушы сілкіну
Жар қабақтарда
және дымқыл жерлерде
жарықтар пайда болады. Ескерткіштер
орындарынан қозғалады немесе төңкеріліп
қалады, үйлер қатты бүлінеді
9
Жойқын сілкіну
Тас үйлер білініп құлайды
10
Өте жойқын сілкіну
Жер бетінде ірі жарықтар пайда болады. Жар
қабақтар опырылып төмен қарай жылжиды. Тас
үйлер қирайды темір жол релістері иіледі
11
Апатты сілкіну
Жерде үлкен жарықтар, көптеген жылжымалар
мен опырықтар пайда болады. Тас үйлер
мүлдем қирайды
12
Аса апатты сілкіну
Жер беті өте елеулі өзгерістреге ұшырайды.
Көптеген жарықтар, опырықтар, жылжымалар
пайда болады. Су сарқымалары,
көлдерден
66
ағындар, өзендер өз арнасын өзгертеді. Бірде бір
құрылыс бұл сілкініске төтеп бере алмайды
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмалогиялық
бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту;
сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді
ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту;
басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын
ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс
күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс қүштері мен құралдарының және өзге де шараларға
жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық
жасау.
Достарыңызбен бөлісу: