Конкурс научно-исследовательских работ Қазақстандағы металлургияның даму тарихы



бет13/17
Дата12.04.2024
өлшемі127.86 Kb.
#498510
түріКонкурс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазақстандағы металлургияның дамуы (копия)

Соғыстан кейінгі жылдар
Соғыстан кейінгі жылдар (1946-1955) Қазақстанның алдына КСРО-ның соғыста қираған аудандарын қайта қалпына келтіру, халық шаруашылығын соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу және мұнан кейін ол дәрежеден едәуір мөлшерде асыру міндеті қойылды. Республиканың жалпы өнімі 1945 жылға қарағанда, 1955 жылы 3,6 есе, қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын 5,9 есе өсті. Қара металлургияда болат қорыту 4.6 мың т-дан 234,5 мың т-ға дейін, немесе 51 есе, хромит рудасының өнімі 2,2 есе, марганец рудасы бірнеше есе артты.
1956-1965 жылдар
1956-1965 жылдар арасындағы кезең Қазақстан үшін экономиканың жедел өркендеуінің жаңа бір сатысы болды. Бұл тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуымен сәйкес келді. Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургиясы үшін 1965-1975 жылдар онан әрі өрлей өркендеу кезеңі болды.
Республика өнеркәсібінің өркендеуі ғылым табыстарына негізделген металлургия саласының техникалық дәрежесі артуына тығыз байланысты.
1965 жылы Мырғалымсай руднигінің кеншілері горизонтал проходкасы бойынша шың тасты 10 м² кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күн ішінде өтіп шығып, дүние жүзілік рекорд жасады., бұл еңбек өнімділігін 4 есе арттыруға, өзіндік құнды 40% кемітуге мүмкіндік берді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында мырыш концентратын «қайнаған қабатта» күйдіру әдісі игерілді, жабдықтардың жұмыс өнімділігі 3-4 есе артты.
Тоғызыншы бесжылдық
Тоғызыншы бесжылдықта республиканың түсті металлургия саласына жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам аса маңызды шаралар жүзеге асырылды, бұл өндіріске жұмсалатын шығынды 75 млн сомаға дейін кемітуге және еңбек өнімділігін 7,5%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Тау-кен жұмыстарында руданы ашық әдіспен өндірудің үлесі 1976 жылы 45% болды. Тау-кен жұмысын шығару дәрежесі жылына 90 млн м³-ге жетті. Еңбек өнімділігі 1970 жылға қарағанда Солтүстік Жезқазған карьерінде 30,5%, Қоңыратта 30% және Қарағайлыда 54%-ға артты. Жетекші карьералар жаңа СБШ-250 және 250 НМ типті шарашты бұрғылау станоктарымен, ЭКГ-4,6 және 8 экскаваторларымен, ЭШ-15/90 адымдағыш драглайнмен, 27 және 40 т-лық самосвалдармен, 100-150 т-лық электровоздармен т.б. тау-кен техникасымен жабдықталды. Жаңа техника және оны шебер пайдалану түсті металлургия бойынша кен өндіруді 1,3 есе артық орындауға мүмкіндік берді.
Жер асты тау-кен жұмыстарында өндірілген барлық өнімнің 75%-ы жоғары өнім беретін жүйені қолдану арқылы алынды. Жер асты жұмыстарында техникалық прогрестің негізгі бағыты өзі жүріп тұратын жоғары өнімді жабдықтарды қолдану арқылы өндіру жүйесін енгізу болып табылмақ, мұның үлес салмағы 1976 жылы 45.6%, ал Ащысай комбинаты мен Жезқазған комбинатында 70% болды. Түсті металлургияда автоматтық басқару жүйесінің алуан түрлері кеңінен енгізілді. 10-нан астам ауыр өнеркәсіпті басқарудың автоматты жүйесі және 4 информациялық БК (Кодалар банкісі) қатарға қосылды, 50-ден астам автоматтандырылған учаскелер жұмыс істеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет