Конкурс научно-исследовательских работ Қазақстандағы металлургияның даму тарихы



бет12/17
Дата12.04.2024
өлшемі127.86 Kb.
#498510
түріКонкурс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазақстандағы металлургияның дамуы (копия)

Бірінші бесжылдық
Бірінші бесжылдықта (1929-1932) республиканың ауыр индустриясына бөлінген барлық күрделі қаржының 43%-ы түсті металлургияны өркендетуге берілді. Жалпы өнім 1929 жылы 26,2 млн сомаға дейін немесе 4,2 есе өсті. Бұл уақыттың ішінде мыс рудасының өнімі 1928 жылы 7,3 мың т-дан 1932 жылы 147,5 мың т-ға дейін артты.
Екінші бесжылдық
Екінші бесжылдықта (1933-1937) түсті металлургия жедел қарқынмен өркендей түсті. Түсті металдардың кейбір түрлерінің жалпы өнімінің көлемі жағынан Қазақстан КСРО-да 1-орынға кетерілді. Республиканың үлесіне қорғасынның 70%-ға жуығы, түсті металлургияның жалпы одақтық күрделі қаржының 31%-ы тиді. Бесжылдықтың аяғында республикада түсті металлургия саласының 20 ірі кәсіпорыны жұмыс істеді, олардың ішінде Шымкент қорғасын зауыты, Ащысай полиметалл және Лениногор (Риддер) комбинаттары бар. Республикада қара металлургияның алғашқы объектісі Донской хромит руда басқармасы болды. Ол 1933 жылы алғашқы хромит рудасын берді. Оңтүстік Кемпірсайдағы бірегей кен орнында орналасқан бұл рудниктің халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы болды. 1940 жылы Ақтөбе ферросплав зауыты салынып, 1943 жылы пайдалануға берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Қазақстан индустриясы, әсіресе металлургия баға жетпес үлкен рөл атқарды. Бұл кезеңде республика майдан арсеналдарының біріне айналады.
Соғыс жылдары республиканың территориясында жаңа кәсіпорындарының (25 рудник, шахта және карьералар, 11 байыту фабрикасы) құрылысын салу кеңінен өріс алды. КСРО-ның Еуропалық бөлігінен көшіп келген әр түрлі 150 кәсіпорындарының пайдалануға берілуіне байланысты республиканың қуаты артты. Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Березовск рудниктері алғашқы өнімдерін берді, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск мен Березовск байыту комбинаттары іске қосылды. Ақшатау вольфрам комбинаты жұмыс істей бстады (1943), Шымкент қорғасын зауыты едәуір ұлғайтылды. 1943 жылы Ақтөбе ферросплав зауыты алғашқы феррохром берді. Жезді марганец руднигі 38 күн ішінде пайдалануға берілді, бұл рудник Орал металлургиясына басты маргенец жеткізуші болды. Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты жедел қарқынмен салынды. Зауыт 1944 жылы 31 желтоқсанда болат, ал 1945 жылы прокат бере бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет