Тезистер
Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды.
Орталығы Суяб қаласы болды.
Халқының құрамы түркітілдес тайпалардан тұрды.
Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және қытай жазба деректерінде кездеседі.
Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді.
Саяси билік қаған қолында болды.
Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады.
Үшлік қаған 706 жылы қаза болды.
Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды.
Сұлу қаған (715-738 жж.) билікке келгеннен кейін сары түргештер қайта күшейеді. Сұлу қаған орданы Тараз қаласына көшіреді.
Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түркі қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді.
Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.
Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді.
Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған.
Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек.
Арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген.
Ал Сұлудың әскербасы болған Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен.
Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір-екі жылға созылған.
Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді.
Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады.
751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.
Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алды.
Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан-жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржола әлсірейді.
Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.
VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.
Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.
Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».
ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.
Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.
VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіреттіү
Қарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.
Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.
Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.
Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.
Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді. Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |