Тезистер
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген.
Қытай деректерінде олар «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған.
Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2-ғасырдан бастап кездеседі.
Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Ал солтүстікте Балқаш көліне дейін жетті.
Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
Үйсіндердің Шығыс Жетісу жерінде – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарында – Суяб, Құлан, Ақтөбе және т.б. қалалары болған.
Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған» деп жазады.
Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.
Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттеледі.
Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған.
Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.
Таптық қоғамда байлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлінген.
Жылжымалы мүлікке – мал, қол өнер өнімдері, тұрғын үй т.б., жылжымайтын мүлікке – жер жатқызылды.
Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды.
Үйсіндерде мүліктік теңсіздік орын алды.
Үйсіндерде бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді мұрагерлік жолымен пайдалану көрініс тапты.
Көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида бекіді.
Үйсін байларының төрт-бес мыңнан жылқысы болды.
Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді.
Б.з.б. 170-160 жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды.
Алғашқыда үйсіндер ғұндарға тәуелділікті мойындады.
Үйсіннің гуньмосы 106-105 жылдары Қытай ханшасына үйленді.
Б.з.б. 53 жылы Үйсін мемлекеті екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо.
Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды.
Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды.
Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.
Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде, сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген.
Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған.
Сарматтардың саяси одағының батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.б. II-I ғасырларда олар Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырым мен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған.
Сарматтардың шығыс тобының Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) массагеттермен туыс болған. Сарматтардың тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, сирактар т.б. тайпалар болған.
Б.з.б I мыңжылдықтың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды. Сармат қоғамының жоғарғы сатысында сайланып қойылатын тайпа көсемдері, шонжарлар, абыздар, салт атты жауынгерлер тұрды. Ал төменгі сатысында тәуелді адамдар: малшылар, қызметшілер, құлдар тұрды.
Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демократия кезеңі деп атайды. Рулық қоғам енді әскери-демократиялық құрылымға тән қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастыру түріне айналды.
Сарматтардың қоғамдық құрылымы
|
Алғашық қауымдық құрылыс ыдырап, таптық қоғам қалыптасты.
|
Әскери демократия жетілді.
|
Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.
|
Археологиялық деректер сарматтарда әлеуметтік теңсіздік болғанын көрсетеді. Алғашқы қауым кезінде сарматтардың құқықтары бірдей болса, ал әскери демократияның заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін тек әскербасшылар мен қолбасшылар шешетін. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспады және қатардағы қауым мүшелерін қанап отырды.
Сарматтардың мәдениеті даму деңгейі тұрғысынан үш кезеңді қамтиды. Біріншісі – көне сармат кезеңі, екіншісі – ортаңғы сармат кезеңі, үшіншісі – кейінгі сармат кезеңі.
Археологтар Ақтөбе облысы аумағында орналасқан Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Олардың жандарына қажетті деген заттары, қолайна, алтын сырғалары, моншақ және тістері ақсиған қасқыр бейнесі бар үш аяқты шырағдан қойылған.
Б.з.б. II-IV ғасырларға тиесілі сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданынан табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірде алтын жапсырмалармен әшекейленген көйлекпен жерленген әйел адам жатыр.
Сармат ескерткіштерінің бірі Батыс Қазақстан жерінен табылған Сынтас қорымы болды. Қорымның бірінші обасы бөренелермен шатырланып салынған. Бұл обаның ішінде үш сармат жауынгері жерленген.
Кейінгі сармат кезеңіне қатысты Атырау облысы Жылыой ауданында табылған Аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдар, абыз асатаяғының бөліктері, шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілген. Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған.
III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б.з. бірінші мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар. Сармат тайпалары Еуразияның саяси-экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |