Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет27/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихына үңілсек, осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруында болды. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.

  • Б.з.б. ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. 

  • Ұлы Жібек жолыныың тарихи маңызы:

  • мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынды;

  • жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтыды;

  • жаңа саяси-мәдени өркениеттердің қалыптасуына әсерін тигізді.

  • Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. 

  • Керуен жолдары алғаш рет император Удидің тапсыруымен батысқа саяхат жасаған, бұл жолмен дипломат Чзян-Цянь жүріп өтеді.

  • Уақыт өткен сайын керуен жолдарының тармақтары жергілікті саяси-экономикалық жағдайларға қарай жанданып немесе керісінше құлдырау кезеңдерін басынан кешіріп отырған. 

  • VI ғасырдың екінші жартысында Ұлы Жібек жолы Кореядан Қаратеңізге дейін созылып жатқан, орасан зор көшпелі империя Түркі қағанатының құрамына енеді. 

  • VI ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын бөлігі өзгеше жанданып, осы аймақта қала мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигізеді.

  • Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы ХІV ғасырға дейін Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.

  • ХІ-ХІІ ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. 

  • Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған:

1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе – Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы – Қапшағай – Шеңгелді – Алтынемел – Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – Қазақстанның солтүсік-шығысына бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар – Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.

  • Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы.

  • Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді:

1. Оңтүстік-батыс бағыт: Испиджаб – Шаш – Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
2. Испиджаб – Шымкент – Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ – Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді: біріншісі Хорезмге бағытталды, екіншісі Жанкент – Арал теңізінің солтүстігі және Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.

  • Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарынан кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Шығыс Дешті Қыпшаққа, Ертіс жағалауымен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен.

  • Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы Ертіске, Қимақ мемлекетінің жеріне жеткен. 

  • Қимақ қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның аймақтарымен байланысып отырған.

Он-он үшінші ғасырларда қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен ерекшеленді. Осы уақытта қала мәдениетінің жаңа аудандары қалыптасты. Археологтар бұл кездегі қала орындарын көлеміне қарай үш топқа бөліп қарастырады: Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала орындары жатады. Олардың қатарында Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сауран, Жанкент, Құмкент және тағы басқалар бар. Екінші топқа көлемі 10 гектардан 30 гектарға, ал үшінші топқа 10 гектарға дейінгі қала орындары жатады.
Солтүстік-шығыс Жетісуда тоғызыншы-он үшінші ғасырлар басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер бұған дейін осы аумақта небәрі 10 қала болса, біз қарастырып отырған кезде олардың саны 70-ке жеткен. Мұнда да археологтар көлеміне қарай ескерткіштерді үш топқа бөледі. Мұндағы қала жұрттары «төрткүл» үлгісінде, яғни тікбұрыш, трапеция түрінде жоспарланып салынған. Қала қақпалары бар дуалдармен қоршалған.
Оныншы-он екінші ғасырларда қала мәдениеті Орталық, Шығыс Қазақстанда да қалыптаса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Нұра, Кеңгір, Жезді аңғарлары мен Ұлытау етегінен төрткүлдердің орындарын тапқан.
Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымында пайда болған жаңа элементтердің бірі мешіттер мен моншалар болды. Оныншы-он екінші ғасырларда Тараз қаласында су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған монша болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Бабаджа қатын кесенесі де осы Тараз қаласында салынған. он бірінші ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда кейін он төртінші ғасырдың соңында) Қожа Ахмет Йасауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
Оныншы ғасыр мен он үшінші ғасырдың басы экономика мен мәдениеттің өркендеу кезеңі болды. Осы кезде Жетісу, Ертіс бойы мен Орталық Қазақстан аймақтарында қала мәдениетіңің жаңа аудандары пайда болды.
Оныншы ғасыр мен он үшінші ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар Азияның басқа аймақтарымен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен анағұрлым тез өсті.
Оныншы ғасыр мен он екінші ғасырларда қала халқы сегізінші-тоғызыншы ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны ғана өсіп қоймай қалалардың аумағы да кеңейді.
Оныншы ғасыр мен он үшінші ғасыр басында Кедер, Йасы, Жент, Баршыкент және басқа қалалар пайда болды. Олардың біразы бұрын да кішігірім тұрақ еді, ал Х-ХІІІ ғасырларда олар ірі қала орталықтарына айналды. Іле алқабында Х-ХІІ ғасырларда бірнеше жаңа қала орнықты. Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қала тұрақтары салынды. Қалалардың аумағы рабаттардың есебінен кеңейді. Рабаттардың ұлғаюы қамал салуды қажет етті. Испиджаб пен Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалар болып саналды. «Испиджаб – үлкен қаланың атауы. Ол ең құнарлы, ағашқа, суға және тамаша бақтарға бай» деп ортағасырлық авторлардың бірі жазып қалдырған.
Оныншы-он екінші ғасырларда Отырардың аумағы өсіп, ірі қалаға айналды. Оныншы ғасырда Отырар қаласы орналасқан Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды. Отырар қаласы жан-жақтан көпестер бас қосатын жерге айналды. Сонымен қатар қаланың мешіт-медреселері мен моншалары, кітапханасы бар мәдениет пен ғылым орталығы ретінде даңқы шықты. Жетінші-тоғызыншы ғасырлармен салыстырғанда Отырардың аумағы бірнеше есе ұлғайды. Қамалдар орталық бөлікті ғана емес, рабатты да қоршап тұрды. Қалада су құбыры жұмыс істеді, рабат аумағында қоғамдық моншалар салынды.
Қалалардағы жер жекеменшікке беріліп, пайда түсіретін сауда орындарын, керуен сарайлар мен моншалар салу үшін пайдаланылды. Бұл үлкен табыс әкелді. Сол себепті феодалдар, оның ішінде көшпелі ақсүйек қауымы қалаларда жер телімдерін иеленді.
Оныншы ғасыр мен он үшінші ғасырдың басында Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты. Отырықшылық және қала өмірі Орталық Қазақстанға, Ертіс алқабына да тарады.
Жетісудың он бір-он екінші ғасырлардағы Талхиз қаласына жүргізілген қазба жұмыстары қаланың көптеген махаллалардан тұрғанын дәлелдеді. Махалланың әрқайсысында онға дейін үй болған. Қала тұрғындары туыстық қарым-қатынас арқылы ортақ кәсіппен, дінмен байланысты топтасты. Аулалар тұтас қабырғалармен қоршалған. Оларда мал қоралары орналасты. Кейбір үйлердің аулаларынан киіз үй белгілері табылған. Жетісу қалалықтарының тұрмысында өтпелі кезеңге тән шаруашылық дәстүрі сақталды.
Оныншы-он үшінші ғасырлардағы Қазақстан қалалары сол кездегі абаттандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленді. Үйлерде құбыр және жылыту жүйелері болды. Ірі қалаларда су құбырлары салынды. Ол үшін жер астымен өтетін күмбез тәрізді үңгір жолдар қазылып, қыш құбырлар төселді. Мұндай жолдардың қалдықтары Отырардан, ал Тараздан Оныншы-он үшінші ғасырлардағы су құбыры табылды. Мұнда қыш құбырлар тастан және ағаштан жасалған арнайы қондырғыға орналастырылып, үсті тас тақталармен жабылған. Су құбыры жүйесі қала орталығына биіктен бірте-бірте еңкіштей тартылып, үйлерге судың өз ағынымен берілуін қамтамасыз етті.
Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі Баба-Ата қазбалары қала тұрғындарының су құбырын пайдаланғанын көрсетеді. Таспен қоршалған құдықта жиналған бұлақ суын су құбыры арқылы рабад аумағына жеткізіп отырған. Үйлерде қарапайым кәріз қондырғылар болған.
Археологтар қалалықтардың монша салудағы жоғары мәдениетін атап өтеді. Мәселен, Тараздағы моншаның жалпы көлемі 152 шаршы метр болған. Моншаның өрнекті әшекейлермен көмкерілген бөлмелері болды. Моншалар еден астына орнатылған жылу құбырлары жүйесімен жылытылды. Ал су құдықтан алынды немесе су құбырымен әкелінді.
Ибн Сина моншада «бірқалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көркем салынған суреттер болуы тиіс» екенін жазған.
Оныншы-он үшінші ғасырларда күйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр құрылыс материалы ретінде қолданысқа кеңінен енді. Қабырғаларды әрлеуде терракота (күйдірілген балшықтан жасалған тақтайшалар) мен бедерлі кірпіштер қолданылды. Қазбаларға қарағанда өңделген кірпіштің 30-ға жуық түрі болған. Жаңа ошақ түрлері – домалақ және тікбұрышты, мұржасыз темір пештер пайда болды. Бұл пештер өсімдіктермен және геометриялық өрнектермен безендірілді.
Мешіттер мен медреселер оныншы ғасыр мен он үшінші ғасыр басындағы қала құрылысында жаңа үлгіге айналды. Ең көне мешіттерді археологтер Кедер және Күлтөбе қалаларынан тапты. Көне мешіттер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды әшекейлеуде күйдірілген кірпішті бедерлеп қалау қолданылған.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі Жошы хан кесенесі болды. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Он үшінші ғасырда салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған.
Теңдесі жоқ сәулет өнері туындысының бірі қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі болып саналады. Кесененің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі – қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш.
Сәулет өнерінің дамығанына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгісі – оныншы-он бірінші ғасырларда салынған Бабаджа қатын кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимаратта сәндік әшекейлер жоққа тән.
Он бірінші-он екінші ғасырларға жататын Айша бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Кесене – күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сырты геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшаларымен қапталған.
Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі – қарахандық сәулет өнерінің ескерткіші. Сырдария бойындағы Сырлытам кесенесі жетінші-сегізінші ғасырларда салынған. Кесене – терракота қалақшаларымен әсем безендірілген күмбезді ғимарат.
Қалалар мен қала мәдениетінің дамуын моңғол шапқыншылығы бұзды. Еуропадан Азияға теңіз жолының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы құлдырады. Жібек жолының қажеттіліктерімен өмір сүріп, керуен саудасына тәуелді болған қалалар күйзеліске ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет