Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет37/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.

  • Тәуекел хан Бұхара ханы Абдаллахпен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады.

  • 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.

  • 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді.

  • 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келіп, орыс патшасының жауап грамотасын тапсырды.

  • Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан Орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ.

  • Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.

  • 1597 жылы Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін талқандап, Мауренахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды.

  • Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп, қаза болды.

  • Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналады.

  • Есім хан (1598-1628 жж. билік құрған) Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі болды. Оны қазақ халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

  • Қатаған руының билеушілері Есім ханға бағынудан бас тартады. Қазақ хандығы екіге бөлініп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан қос өкіметті билейді.

  • 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қатаған руын қатаң жазалайды. Бұл оқиға тарихта «қатаған қырғыны» деген атпен қалды.

  • Есім хан Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындаттырып, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.

  • Есім хан өз билігі тұсында (1598-1645 жж.) халық жадында «Есім салған ескі жол» аталған әдет-ғұрып нормаларының жинағын бекітті.

  • Есім хан тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға болғандықтан халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» атап кеткен. Есім хан дүние салған соң халық оған ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деген ат берген.

  • 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1629-1652 жж.) отырды.

  • Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.

  • XVII ғасырда болған қазақ-жоңғар соғыстарында Жәңгір хан тамаша əскери қайраткерлігімен және соғыстың көптеген əдіс-айлаларын шебер қолданған ірі қолбасшы ретінде айқын танылды.

  • Салқам Жəңгірдің қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда айрықша еңбек сіңіргенін, ел тəуелсіздігін сақтау жəне бекіту жолында ұмытылмас ұлы қызметтер атқарғанын тарих ешқашан жоққа шығара алмайды.

  • Жəңгір заманындағы тарихта алтын əріппен жазылып қалған ұрыс 1643 жылғы «Орбұлақ шайқасы» болды. Осы шайқаста Жəңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері 50 мыңдық дұшпан қолын өз жеріне өткізбей қойды.

  • Бұл ұрыста 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты.

  • Қазақтың ұлы хандарының бірі Жəңгір хан 1652 жылы жоңғарлармен шайқаста қан майданда қаза тауып, Түркістанда жерленген.

  • Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған еңбегі өте зор. Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынас орната білді. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады.

  • Оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына жерленген. Жәңгірдің үш ұлының бірі Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды.

1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасы зардап шекті. Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді Ұлытауға қарай бет бұрды. Қазақ жеріне ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады.
Рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда, әсіресе, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті.
1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбірекпен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. Қара сиыр деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасағы тас-талқан болған сол жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталып кетті.
Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкін екеніне сенімі күшейді. Ендігі мақсат қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. «Қалмақ қырылған» шайқасы Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді.
Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына жинай білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.
Тарихта «Аңырақай шайқасы» деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алды. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді.
Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығымен талқандауға мүмкіндік бермеді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан атағына таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазақстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
Осылайша ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де Қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет