Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет40/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекетке тән нышандардың барлығы дерлік болды.

  • Қазақ хандығы бұл кезде шығысында – Алтай тауларын, батысында – Жайық өзенін, солтүстігінде – Орал тауларын, оңтүстігінде – Алатаудың батыс етегі аралығындағы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген, қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын.

  • Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында жоғарғы билік иесі болып тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды.

  • Хандық билік әкеден балаға мұраға өтіп отырған.

  • Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген.

  • Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды.

  • Ең жоғарғы сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән еді.

  • Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелді.

  • Әрбір Жүздіңерекшелігін ескере отырып басқару және бақылау үшін ханға бағынышты үш би сайланды: Ұлы жүзде Төле, Орта жүзде Қазыбек, Кіші жүзде Әйтеке би сайланды.

  • Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралған қарулы топ – төлеңгіттер болды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер түрлі міндеттер атқарды, солардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау.

  • Аса маңызды жалпыұлттық мәселелер, соның ішінде басқа елдермен қатынас сипаты, әскери істер жылда күзде шақырылатын жалпыхалықтық құрылтайда талқыға түсті.

  • Құрылтайдың шешімін тек Құрылтай ғана өзгерте алатын еді.

  • Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістердің заңды ережелер жинағы болған «Жеті Жарғы» өмірге келді. «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды.

  • Хандықтың астанасы және елдің рухани орталығы Түркістан қаласы болды.

  • XVI-XVII ғасырларда Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.

  • Хараж – жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық.

  • Баж – саудагерлерден алынатын жол салығы.

  • Жасақ – көшпелі малшылардан алынатын салық.

  • Зекет – мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.

  • XVI-XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеттер атқарды: Мардикар – суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша «мард» – адам, «кар» – іс, жұмыс. Құналғы – әскер бөлімдерін лайықты қабылдау. Жамылғы – әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).

  • Салықтар, алымдар және халыққа жүктелген міндеттер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды.

Салт-дәстүр – халықтың жөн-жоралғыларының, өмірлік ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүр – халықтың тұрмысынан, шаруашылығынан, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс.
Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді.
Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдық атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату және қайтыс болған адамды жөнелту жатады.
Қауымдық-қоғамдық ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Олар: наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру және т.б.
Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық-қоғамдық салт-сана өзара астасып, араласып жатады.
Халқымыздың шаруашылығының басым түрі жартылай көшпелі малшаруашылығы болды. Өзінің өсіріп отырған мал басының аман болуын тілегендіктен оларға байланысты әртүрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүр дүниеге келеді. Сондай әдет-ғұрыптардың бірі – отпен тазарту. Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген. Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді.
Ел жайлауға көшкенде әрбір ауыл өз көшінің салтанатты, сәнді безендірілуіне ерекше көңіл бөлген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті «қарқаралы көш» деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша қырғауылдың қауырсыны көшті көз тиюден немесе жол-жөнекей болатын қолайсыз жағдайлардан сақтайды.
Халқымыздың таным-түсінігінде басты орында отбасы болғандықтан, бұл мәселеге байланысты әдет-ғұрып өте көп.
Қазақ отбасында ата-ана үшін ұлын үйлендіру мәселесі үнемі бірінші орында тұратын болған. Болашақ келінді бала кезінен іздейтін болған. Тіпті екі жасты балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыратын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестірген. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынған.
Құда түсу салтын жігіттің ата-анасы немесе оның жасы үлкен туғаны жүргізген. Құда түсу үшін өзінің сенімді адамын жаушы етіп жібереді. Егер қыздың ата-анасы ұсынысты қабылдаса, құдалардың келу күнін белгілеп, келген жаушыға шеге шапан деп аталатын шапан жабады. Бұдан кейін күйеудің әкесі айтылған мерзімде құдалар жіберіп, қалың малдың көлемі, тойға жұмсалатын шығындар, жасау-жабдық, қалың мал төлеу мерзімі және тойды өткізетін уақыт туралы ресми келіссөз жүргізеді. Дала халқында қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі әрқалай болады.
Көрімдік – қандай да болсын жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-кәдесі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының бірі фон Шварц былай деп жазған: «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер-азаматтардың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамастан ерекше сый-құрметке бөленеді». 
Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алады. Жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да сұрайды.
Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түседі. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішіседі. Олар бір-біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынады.
Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар. Дүниеге келген жас нәрестенің құлағына азан шақырып ат қойылады. Жасы үлкен туыстың бірі құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайды. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізіледі. Баланың әке-шешесі сүндет тойға қонақ шақырып, ат шаптырып, той жасайды.
Наурыз – Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, бұл парсы тілінің, ноу – жаңа, руз – күн деген сөздерінен шыққан. Қазақ халқы бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді, өйткені бұл күн бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланған.
Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, ешкім ешкімді ренжітпейді, ренжімейді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, таза киімдерін киіп, өздері де қонақ күтеді. Әр адам кем дегенде жеті үйге кіріп, дәм татып шығуы керек. Бұл көнеден келе жатқан мейрамның мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн, тары (күріш, бидай, жүгері) және сүт. Наурыз көже барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Бұл күні дәстүр бойынша мерекелік қойылымдар, ұлттық ойындар, ақындар айтысы, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бәйге және т.б. ойындар өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет