Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет80/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сен білесің бе? 
Бұл айдарда берілген материал Қазақстан 
ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары туралы 
оқушылардың білімдерін кеңейте түседі. 
Осы ретте тамшылай суару жүйесі жайлы айтып 
беруіңізге болады. Тамшылай суландыру кезінде 
су өсімдіктердің тамыры маңындағы аймаққа бел-
гілі бір мөлшермен сіңеді. Сумен суару өсімдік-
тердің қажеттіліктеріне сәйкес реттеледі. Тамшы-
латып суарғанда су пластик мөлшерлегіш арқылы 
түтікпен барлық өсімдікке біркелкі барады.
Ойлан.
Оқушылар ауыл шаруашылығы техникасының 
даму себебі жайлы ойланады. Ауыл шаруашылығы 
техникасы дамуының адамзат тарихында қандай 
маңызы бар? 
Анықта.
Тапсырма оқушылардың ауыл шаруашылығы 
техникаларының типтерін өз бетінше оқуына ар-
налған. Олар кесте бойынша ауыл шаруа шылығы 
техникаларының типтері мен түрлерін анықтайды. 
Сабақ материалын оқып-білгеннен кейін әр-
бір техниканың мақсаты, олардың қолданылатын 
орны т.б. жайлы әңгімелесіңіздер.
Орындап көр.
Тапсырма логикалық ойлауды дамытады. 
Оқушылар астық тұқымдастар дақылдарды өсіру 
кезінде ауыл шаруа шылығы техникаларын қолдану 
ретін айқындауы және жауаптарын дәлелдеуі тиіс.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Берілген тапсырма оқушылардың логикасын 
одан әрі дамытуды көздейді. Оқушылар өз жауап-
тарын түсіндірсін.


66
Көркем еңбек
Тірек сөздер: фермер, мотоблок.
Оқулық: Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи техникалар мен жабдықтар, 66-67 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар 
Ауыл шаруашылығы - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін және өндіріс үшін шикізат шығара-
тын шаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығы дегеніміз, сондай-ақ, аграрлық өнеркәсіп кешені болып 
табылады, оған мына салалар кіреді: 1. Өсімдік шаруашылығы (дәнді дақылдар, азықтық дақылдар, 
көкөніс-жеміс дақылдары және т.б. өсірумен айналысады). 2. Мал шаруашылығы (мал өсірумен айна-
лысатын ауыл шаруашылығының саласы). Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз өнімін өсіру-
мен ғана айналыспай, сонымен қатар оларды өңдеумен және сақтаумен де айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет