Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи



Pdf көрінісі
бет81/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи 
техникалар мен жабдықтар
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• ауыл шаруашылығындағы жұмыс түр-
лерімен танысады
• ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс 
ережелерін біледі; 
• ауыл шарауашылығы техникасының зама-
науи жетістіктерімен танысады. 
Ресурстар:
«Ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі», 
«Егістікте техника жұмысын көрсету», «Мал ша-
руашылығымен шұғылданатын фермаларға ар-
налған заманауи техника» бейнематериалдарын, 
өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы 
жайлы қосымша суреттерді даярлаңыз.
Суреттерге мұқият қара. 
Бұл тапсырма оқушылардың сараптау қабілетін 
дамытуға бағытталған. Оқушылар суреттерге қа-
рай отырып, осында көрсетілген салалардың жұ-
мыстарын жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы 
техникаларының түрлері туралы айтуы тиіс.
Ықтимал жауаптар:
Суретте мал шаруашылығы, өсімдік шаруа-
шылығы, егіншілік салалары бейнеленген. Оқу-
шылар кейбір ауыл шаруашылығы мәшинелерін 
атауы мүмкін, ал сіз ауыл шаруашылығының 
түрлі салаларындағы техникалардың рөлі жай-
лы қысқаша айтып беріңіз. Оқушылардан ауыл 
шаруа шылығы техникасының қандай қажеті ба-
рын, келешекте өздері ауыл шаруашылығында қа-
лай пайдаланатынын сұрап көріңіз.
Оқы, қызық!
Айдарда берілген материал оқушылардың 
фермер жайлы білімін кеңейтеді. 
Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары 
қазіргі егіншілікте қолданылатын техникалардың 
құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары техно-
логия пайдаланылатын егіншілікте навигациялық 
аспаптар, жер телімінің спутник арқылы алынатын 
түсірілімі қолданылады. Осындай заманауи техни-
калық мүмкіндіктердің арқасында егінді барын-
ша нақты жоспарлауға болады. Қазір ауыл шару-
ашылығында шағын авиация қолданыла бастады. 
Өңдеудің бұл әдісі арқылы ірі аумақтарды өңдеуге 
кететін уақыт үнемделеді, егін өнімділігі арттыры-
лады. Авиациялық өңдеу арқылы зиянкестермен 
барынша тиімді күресуге болады. Мұндай техни-
калық құралдар егін сапасын жақсартуға мүмкін-
дік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет