Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет78/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

64
Көркем еңбек
Тірек сөздер: соқа, тырма, тұқым сепкіш, комбайн, дестелегіш.
Оқулық: Ауыл шаруашылығындағы заманауи техникалар және жабдықтар, 64-65 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Техниканың негізгі мақсаты – адамды ауыр дене еңбегінен немесе күнделікті қайталанатын жұ-
мыстан құтқару. Техниканы пайдалану адамның тұрмыс-тіршілігін жеңілдетеді. Қазіргі заманғы тех-
никалар қолданылу мақсатына қарай өнеркәсіптік техника, көлік, тұрмыстық техника, есептеуіш тех-
ника, әскери техника, ауыл шаруашылығы техникасы болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығындағы заманауи техникалар және 
жабдықтар
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• ауыл шаруашылығы техникалары жайлы 
біледі; 
• олардың түрлерін анықтайды. 
Ресурстар
мультимедиалық құрылғы, заманауи техника 
мен жабдықтардың А4 форматты қағазға бейне-
ленген суреттері, ауыл шаруашылық жұмыста-
ры түрлерінің (өсімдік шаруашылығы, мал шару-
ашылығы, көкөніс шаруашылығы т.б.) суреттері.
Сабаққа қатысты ескертулер
Жаңа материалды баяндауды оқушыларға 
жергілікті өндіріс орнына виртуалды экскурсия 
жасаудан, оларды туған өлке тарихы мен гео-
графиялық ерекшеліктерін түсіндіруден, ауыл 
шаруашылығында пайдаланылатын техника түр-
лерімен таныстырудан бастаған дұрыс. Соғы-
стан кейінгі жылдары Қазақстанның тың және 
тыңайған жерлерін көтеру тарихын еске салуға 
болады. 1954-1955 жылдары Қазақстанның тың 
өлкесіне бұрынғы Кеңес мемлекеттері елдерінен: 
Бело руссия, Молдавия, Украина, Литва, Латвия, 
Ресей ден мыңдаған адам келді. Олар астық егетін 
150-ден астам біріккен шаруашылықтарға шоғыр- 
ланды. Тың игеруге бұрынғы Кеңес одағының 
түкпір-түкпірінен жастар комсомолдық жолдама-
лармен келді. Сонымен қатар Қазақстанның тың 
шаруашылықтарында Болгария, Венгрия, Польша, 
Румыния, Чехословакия және Қытайдың жастар 
бригадалары еңбек етті. 1956-1958 жылдары егін 
жинау кезеңіне 3 млн студент пен жұмысшылар-
дан және әскери қызметкерден тұратын қосымша 
жұмыс күші тартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет